Сабақтың тақырыбы: «Ежелгі адамдардың өмірі. Алғашқы терімшілер мен аңшылар. Тас дәуірі»



Дата18.05.2017
өлшемі249,03 Kb.
#16318
түріСабақ
Пән мұғалімі: Кулбекова Н.К

Сабақтың тақырыбы:«Ежелгі адамдардың өмірі.Алғашқы терімшілер мен аңшылар. Тас дәуірі» тарауын қортындылау-қайталау сабағы.

Сыныбы:6 «Ә»

Сабақ өтілетін күн:30.09.2015

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды қайталау.

Тәрбиелік: Оқушыны  жан – жақты терең, еркін ойлауға, ұстамдылыққа, өз ойын бөлісуге, өзгенің де  ойын тыңдай  білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау, қабілетін жетілдіру, қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Білімді жинақтау, қорыту.

Сабақтың формасы: саяхат, аукцион-сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: 

1. Интерактивті тақта.

2. Аукционға қатысушылардың нөмірлері.

3. Аукционға қатысушының жеке парағы.

4. Аукцион сабағын өткізуге арналған қажетті сұрақтар.

5. Оқушының ұсынысы және өзін бақылайтын картасы.

6. Әлемнің саяси картасы.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру. 2мин

2.Мұғалімнің кіріспе сөзі. 3мин

3.Алғашқы бекіту(Саяхат).15мин.

4. Негізгі бөлім.(Аукцион). 20 мин.

5. Қорытындылау. 2мин

6. Бағалау. 1 мин

7. Үйге тапсырма. 2мин

 

Слайд-1. Ежелгі адамдардың өмірі. Алғашқы терімшілер мен аңшылар Тас дәуірі

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

Рефлексия. 



Слайд-2. Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету) 

Слайд-3. Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай? 

Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді. 



2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

                                Ізгі арманын, үмітін

                                Бабалардың жалғаймыз! 

                                Білім көкжиегінде 

                                Жалындаймыз, самғаймыз!- дегендей қазір бізде қай сабақ?

-Қазақстан тарихы сабағы

-Қазақстан тарихы пәніне дайын болу үшін біз не айтамыз?

Психологиялық дайындық:

Слайд-4. «Өз елінің тарихын білмеген адам, басқа елдің тарихын біліп жарытпас» (хормен айту)

 Міне балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.

«Келгенше қонақ ұялады,

 Келген соң үй иесі ұялады»,- демекші,біз ұятқа қалмауға тырысайық. Бар білімімізді ортаға салайық.



3. Алғашқы бекіту

     Біз, «Ежелгі адамдардың өмірі. Алғашқы терімшілер мен аңшылар, тас дәуірі» тарауын оқып шықтық. Бүгінгі сабағымызда өткенімізді қайталап, материалды қорытындылауымыз керек. Сол үшін бірінші саяхатқа шығып, бір есімізге түсіріп алайық.Ендеше Тас дәуіріне қандай көлікпен бара аламыз.Ол үшін Алладинді шақырайық.



Слайд-5. Алладин сиқырлы шамымен суреті

Балалар көздеріңді жұмыңдар,Ашқан кезде тас дәуіріне түсеміз.



Слайд-6. Қазақстанның картасы

Слайд-7. Шығыс Африканың картасы(судың дыбысы)

Археологияның соңғы жаңалықтары бойынша, адамдар жер бетіне 3 млн жыл бұрын пайда болған.Ең алғашқы адамдар Солтүстік- Шығыс Африкада,Алдыңғы және Оңтүстік Азияда п.б.

Неге балалар ең алғашқы адамдар Солтүстік- Шығыс Африкада,Алдыңғы және Оңтүстік Азияда п.б деп ойлайсыңдар ,климатын сипаттап беріңдерші?

Слайд-8. Үңгір(Су тамшысының дыбысы)

Алғашқы адамдардың қоғамдық ұйымы-адамдар тобыры болды.Біртіндеп туысқандар негізінде Ру пайда болды.Рудың алғашқы түрі:«Аналық ру» болды.Рудың басты қасиеттерінің бірі- экзогамия болды.Ру мәселелерін ақсақалдар(көсемдер) шешті. Үңгір қабырғаларына аңдар суреттерін салды.


Алғашқы адамдардың маймылдар мен жануарлардан айырмашылығы-еңбек құралдарын жасай білуінде.Мезолитте садақ пен жебе пайда болды.

Нуклеус – дөңгелек тас жарықшалары.

Дротик - қысқа сапты ағаш найза.

Гарпун - ұшы сүйектен жасалған сүңгі.

Болос – жіп байлаған тастар.

Микролиттер- майда тастардан жасалған,найзаның ұшына,пышақтың басына т б. пайдаланды

Бұдан 100 мың жыл бұрын жердің көп аймақтарын мұз басып қалды. Ғалымдардың айтуы бойынша мұздың қалыңдығы 2 км-ге жеткен.Сондықтан кейде палеолит заманын «Мұз басу дәуірі» деп атайды. Қазақстан жерін толық мұз басқан жоқ.Жер бетінің күрт суығанынан адамдар өздеріне баспана, жылы киім іздестірді.Біртіндеп мұздықтар еріп,жер қазіргі қалпына келді. Отты пайдаланды үйренді.

Слайд-9. Алғашқы адамдар суреті (Адамдар дауыстары)олармен таныстыру.

Кейінгі палеолит кезінде еңбек арқылы жетіліп,оның қолы,сөзі, миы дамыды.



Слайд-10. Терімшілік

Слайд-12. хронология

Тас дәуірінің кезеңдері.


ТАС ДӘУІРІ
1. ПАЛЕОЛИТ (б.з.б. 2 млн 500-12 мыңжылдыктар)

----------► 1. Ерте палеолит ( б.з.б. 2 млн 500-140 мыңжылдықтар)


----------► 2. Ортаңғы палеолит (б.з.б. 140-40мыңжылдықтар)
----------► 3. Соңғы палеолит (б.з.б. 40-12мыңжылдықтар)

2. МЕЗОЛИТ (б.з.б.12-5мыңжылдықтар)


3. НЕОЛИТ (б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар)


Слайд-14. Қазақстанның картасы

Адамдар Қазақстан жерінде 1млн жыл бұрын пайда болған.



Слайд-15. Қазақстан жеріндегі палеолит дәуірінің тұрақтары Қаратау жоталарындағы Бөріқазған мен Тәңіріқазған.

Ашель кезеңінің ескеркіштері-Құдайкөл(бифастар,қырғыштар)

Мустье кезеңінің ескеркіштері- Қаратау жоталарындағы Арыстанды мекенінен табылған Шоқан Уалиханов атымен аталатын тұрақ.

Батыс Қазақстанда Шақпақата

Орталық Қазақстанда Ағадыр

Кейінгі палеолит тұрақтары Орталық Қазақстанда Семізбұғы,Батпақ(ең көне мекен 300 ге таяу тас құралдар шықты), Қарабас

Шығыс Қазақстанда Бұқтырма,Шүлбі

Оңтүстік Қазақстанда Ащысай,Майбұлақ

Мезолит дәуірінің ескерткіштері есіл Тобыл, Жайық,Ертіс өзендері бойлары

Сыр,Балқаш,Арқа жерінде аздап кездеседі


Ал,балалар енді немен қайтамыз? Қорықпаңдар мен ұшатын кілемді шақырайын.

Слайд-16. Ұшатын кілем

Слайд-17. Мектеп суреті

Ал балалар саяхат ұнады ма?

Ендеше мен сендерге көрсетпей тас дәуірінен түрлі заттар әкелдім,енді соны аукционға саламын. Сатып алушылар бар ма?

4.Негізгі бөлім

Зейіндеріңді тақтадағы эпиграфқа аударыңдар!



Слайд-18. «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы – білім»

Әбу-р-Райхан әл Бируни айтқандай, білім байлығы саудаға түсер аукцион шартымен танысайық. Аукционда сауда теңге шартты бірлігімен жүргізіледі. Аукционға қатысушылар, аукцион басталар алдында бастапқы капитал ретінде 5000 шартты бірлік несие алады. Аукционның соңында несие алған әр қатысушы, банкке 6500 шартты бірлік қайтару керек.



Слайд-19. Ойынның ережесі

   1. Аудиторияға сұрақ қойылады.

   2. Сұраққа жауапты ашық саудаласу кезінде жоғары сомманы төлеген қатысушы сатып алады.

   3. Лоттың бастапқы бағасы 100 ш.б. Саудаласу құны 100 ш.б.

   4. Қатысушы өз бағасын айтарда нөмірін көтеру керек.

   5. Лотты сатып алған қатысушы банкке сол соманы төлеуі қажет.

  6. Берілген сұраққа аукционға қатысушы дұрыс жауап бере алмаса, банкке 100 ш.б. айыппұл

   төлейді.

   7. Бағалау критерилері:

«үздік» - 5000-6500 жоғары

«жақсы» - 3000-4000

«қанағаттанарлық» - 2000-1000



Слайд-20. I-ші тур. Аукцион сабағын өткізуге арналған сұрақтар

Р/с № Аукцион сұрағы (лот) Дұрыс жауапқа сыйақы (ш.б.)



Слайд-21. Тұрақ

Слайд-22. Тас дәуіріндегі адамдар мекендеген орын. Тұрақтар үңгірдегі және аспан астындағы болып екіге бөлінеді. Үңгір тұрақтарын адамдар бірнеше күннен мыңдаған жылдарға дейін мекендеген. 

Слайд-23. Археология

Слайд-24. Заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым. Археология атауы грекше « архео» — көне, «логос» — зерттеймін деген мағынаны білдіреді. 

Слайд-25. Мұз дәуірі

Слайд-26. Б.з.б. 100-13 мыңж. Орта палеолит пен мезолит аралығында жер бетін ұзақ уақыт мұз басқан кезең

Слайд-27. Қауым
Слайд-28. Қауым-рулық туыстық байланыстар негізінде ұйымдасқан адамдар тобы
Слайд-29. Бифас

Слайд-30. Екі жағынан да өнделген қарапайым шапқыш тас құрал 

Слайд-31. Терімшілік

Слайд-32. Жинау, теру. Алғашқы адамдар жер бетінде ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әр түрлі жеміс – жидектерді теру, жеуге жарамды тамырларды қазып алу, құстардың  жұмыртқасын жинап қорек ету. 

Слайд-33. Мамонт

Слайд-34. Палеолит дәуірінде Еуропа, Азия, Африка және Солтүстік Америкада кеңінен таралып, мұз басу кезінде құрып біткен, салмағы 5 тоннаға дейін жететін алып піл. 

.

          

Слайд-35. 2-тур. Хронология

Слайд-36. Б.з.б. 2,6 млн.- б.з.б. 40 мың жыл.

 Слайд-37. Ерте палеолит кезеңі.

Слайд-40. Б.з.б. 3-2 мыңж. 

Слайд-41. Ботай тұрағының мерзімі

Слайд-51. Б.з.б. 2,6 млн. – 800 мыңж.

Слайд-42. Олдувэй кезеңі.

Слайд-43. Б.з.б. 40-12 мыңж.

Слайд-44. Кейінгі палеолит кезеңі

Слайд-45. Б.з.б. 30-25 мыңж. 

Слайд-46. Орталық Қазақстандағы  Батпақ тұрағының уақыты.

Слайд-47. Б.з.б. 12- 5 мыңж.

Слайд-48. Мезолит кезеңі.

Слайд-49. Б.з.б. 5 – 3 мыңж. 

Слайд-50. Неолит кезеңі.



Слайд-51. Б.з.б. 100 – 13 мыңж.

Слайд-52. Мұз дәуірі кезеңі.


Слайд-5. 3-тур Адамның даму сатысы

Аукцион сабағын өткізуге арналған жартылай ашық сұрақтар:


Слайд-54. 2,5 млн. ж.б. өмір сүрген...............................Шығыс Африкадан Олдувей шатқалынан табылды . 

 

Слайд-55. 2,5 млн. ж.б. өмір сүрген «епті адам» Гоминидтер, Шығыс Африкадан Олдувей шатқалынан табылды  

Слайд-56.Б.з.б.200–35 мыңж. өмір сүрген..............................................1856 ж.Германиядан, табылған, Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен,1938 жылы, ................................... бала сүйегі табылды.

Слайд-57. Б.з.б. 200–35 мыңж. өмір сүрген«саналы адам» Неандертальдықтар, 1856 ж.Германиядан табылған, орта палеолит кезеңінің адамы. Өзбекстанның Тесіктас үңгірінен1938 жыл , Неандерталь бала сүйегі табылды

Слайд-58. Б.з.б. 1 млн. ж.б. өмір сүрген ....................................1891 жылы Ява аралынан табылды Миының көлемі – 950 см

Слайд-59. Б.з.б. 1 млн. ж.б. өмір сүрген «Тік жүретін адам» Питекантроп 1891 жылы Ява аралынан табылды. Миының көлемі – 950 см 1000тг

Слайд-60. Б.з.б. 500-200 млн. ж.б. ....................өмір сүрген «тік жүретін адамның» екінші түрі. Алғаш рет 1927 жылы .......................Чжоу – коу – дянь үңгірінен қазып алынған. Миының көлемі – 1075 см.3, жасы б.з.б. 1 миллион жыл. Кейде ............................................... деп атайды. 2000тг
Слайд-61. Б.з.б. 500-200 млн. ж.б. ерте палеолитте өмір сүрген «тік жүретін адамның» екінші түрі. Алғаш рет 1927 жылы Қытайдағы Чжоу – коу – дянь үңгірінен қазып алынған. Миының көлемі – 1075 см.3, жасы б.з.б. 1 миллион жыл. Кейде синантропты « Қытай адамы» деп атайды.


     Слайд-62. Б.з.б. 40-30 млн. ж.б. ..................адамның эволюциялық даму сатысында неандерталь адамнан соң қалыптасқан қазіргіге ұқсас саналы адам. Бұл адамның қаңқасын 1868 жылы француз палеонтологы Луи Ларте   Франциядағы ......... үңгірінен тапқандықтан, оны «кроманьондық» деп атайды. Миының көлемі – 1500 -1800 см. Бойы – 1,68 – 1,94 метр, «Хомо сапиенс» Кейінгі палеолитте өмір сүрген.
Слайд-63. Б.з.б. 40-30 млн. ж.б. «Кроманьон» адамның эволюциялық даму сатысында неандерталь адамнан соң қалыптасқан қазіргіге ұқсас саналы адам. Бұл адамның қаңқасын 1868 жылы француз палеонтологы Луи Ларте   Франциядағы Кро – Маньон үңгірінен тапқандықтан, оны «кроманьондық» деп атайды. Миының көлемі – 1500 -1800 см. Бойы – 1,68 – 1,94 метр, «Хомо сапиенс» Кейінгі палеолитте өмір сүрген.



5. Қорытындылау: оқушылардың жетістіктеріне қысқаша шолу, еңбектерін бағалау, үйге берілетін тапсырмамен таныстыру.

6. Бағалау.

       Рефлексия Сабақтан қандай көңіл-күйлеріңмен қайтып барасыңдар?



7. Үйге тапсырма.

Слайд-64. Үй тапсырмасы: Алдын-ала тапсырма     

Сынып екі топқа бөлінеді, әрқайсысы бөлек тапсырма алады.

       Бірінші топ –Археологтар;

Жаңа тас дәуірі « Неолит» археологиялық сөзжұмбақ құрастыру

      Екінші топ –тарихшылар;

      Қосымша деректерді оқып, тақырып бойынша сұрақ дайындау.



Слайд-65. Назарларыңызға көп рахмет!

Аукционға қатысушының парағы

Аукционның №   ____________

Қатысушының №   __________

Аты-жөні  _______________________________________________________________

 I несие (А.қ. берілген ш.б. соммасы)

Лоттың нөмірі(Сұрақ нөмірі)

Лоттың бағасы (Сұрақ бағасы.)

Пайда

Айыппұл


Шығын

Ойынға қатысушының қорытындысы


Оқушының ұсынысы және өзін бақылайтын картасы

Сабақтың тақырыбы

Сабақтың қызықтыру сәті

Сабақта не ұнамады?

Менің (жеке) белсенділігім (1-5 балл)

Менің сабақта қоятын бағам (1-5 балл)

Сабақты жақсарту жөнінде сабаққа және мұғалімге қоятын менің ұсынысым

 Аукционға қатысушылардың қозғалысын тіркейтін есеп журналы


Аукционның №   ____________

Қатысушының №   __________

Аты-жөні  _______________________________________________________________

Лоттың нөмірі(Сұрақ нөмірі)

Лоттың бағасы (Сұрақ бағасы.)

I несие (А.қ. берілген ш.б. соммасы)



Пайда

Айыппұл


Шығын

Қорытынды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет