пунктуациялық қателермен жұмыс жүргізеді,екпін түрлерін ажырата алады.
Өз әсерлерімен бөліседі, көтерілген мәселені анықтайды.
Диалогке түседі.
Ресурстар
ОӘК материалдары, сабаққа қажетті құралдар.
Пәнаралық байланыс
Өзін- өзі тану
Алдыңғы оқу
Отбасындағы ата- ананың орны туралы біледі.
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар
/ескертпелер/
Ресурстар
Басталуы
Қызығушылықты ояту. (Ән тыңдату)
Оқылым алды тапсырма
1.Отбасындағы әкенің орны қандай ?
2.Үй шаруасында аналарыңа қалай көмектесесіңдер?
3. Ата –аналарыңды қалай құрметтейсіңдер?
Ойтүрткі сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты болжайды.
ОӘК материалдар
Ойтүрткі сұрақтар
Ортасы
1-тапсырма. Топпен жұмыс. Берілген мәтінде негізгі ой мен көтерілген мәселені анықтайды.Постерде орындау.Екі топ жұлдызшалар арқылы бағалайды.
1-мәтін. Бір Әке баласының жайсыз қылықтарын көрген сайын кейіп «Әй, сен адам болмассың!» – деп ұрса беретін көрінеді. Әкесінің қайталап айта беретін әлгі сөзіне іштей ерегескен Баласы бар ынтасын оқуға салып, өскенде үлкен бір ауданға әкім болуға жарапты.
Әкемнің аузына енді құм құйылар деп ойлаған баласы креслода шалқайып-шалқып отырған күйі қызметкерлеріне ауылдағы әкесін алдына алып келуді бұйырыпты. Әкімнің бір сөзін екі етпестен жіберген қызметкерлері жайбарақат бес қойын жайып жүрген шалды әй-шайға қаратпай дедектетіп қалаға ала жөнеліпті. «Әкімге апарамыз!», - деп қорқытқанға есі шыққан қарт креслода шәнтиіп отырған өз баласын көргенде ғана жүрегі орнына түсіпті.
Аяғын бір-біріне айқастырып, алақандарын қозы қарнының үстіне салып ырс-ырс етіп дем ала алмай отырған баласы әкесіне қарап миығынан күле:
– Әке, баяғыда маған «адам болмайсың» деп ұрса беретін едің, енді ол ойыңнан еріксіз қайтқан боларсың. Адам болмайды деген ұлың анау-мынау емес, үлкен әкім болдым емес пе?! – депті.
Сонда әкесі баласының мына қылығына тағы да күйініп:
– Әй, балам, мен саған «әкім болмайсың» деп емес, «адам болмайсың» деп ұрсатынмын. Сен әкім болсаң да, әлі адам бола алмапсың. Егер адам болсаң әкеңді дедектетіп алдыңа келтірмей, өзің іздеп келіп амандасар едің. Сыйлайтын едің. Адам болу бір басқа, әкім болу бір басқа. Мен саған сондықтан «адам болмайсың» деп ұрсатынмын. Әкім болуды адам болдым деп ұқсаң, сен әлі шикісің, балам, – деп бұрылып шығып кеткен екен.
2-мәтін Ата-ананың балаға деген мейірімінде, қамқорлығында, оның келешегінен күткен зор үмітінде ешқандай шек жоқ. Әкең мен шешең саған жер бетіндегі теңдесі жоқ қымбат тарту – өмірді ғана сыйлаған жоқ, бақыт та сыйлады. Бақытты бал дәурен балалық, қайғысыз-қамсыз жастық шақ, алаңсыз оқып, еңбек машығын алуыңа қолайлы жағдай... Бәрі-бәрі сенің сыбағаң.
Ата-анаң туған ел үшін, сен үшін құлшына еңбек етеді, терін төгеді, жұмыста бейнет шегеді. Ендеше, үлкендердің, ата-анаңның өзіңе сіңірген еңбегін бағалай біл. Сенің әр қимыл-қылығың, әр ісің ата-ананың жүрегіне қуаныш не реніш боп оралады. Ата-ананың өз балаларын сүюі қандай шексіз болса, балалардың өз әкесі мен анасы алдындағы борышын да еш нәрсемен өлшей алмайсың.
Сенің мектептен әкелетін "бестік" не "төрттік" бағаң олардың төбесін көкке жеткізетінін ұмытпа. Керісінше, сенің кемшілігің, салдыр-салақтығың, құрбы-құрдастарыңның қатарынан кейін қалуың, көзге түрткі болуың олардың шашын ағартып, тым ерте белін бүктіретінін ешқашан есіңнен шығарма.
Ата-анаң тек әке-шешең ғана емес, екеуі де еңбекқор, өз істерінің шеберлері, елдің елеулі азаматтары. Сүйікті Отанға сіңірген ұзақ жылдардағы еңбегі арқасында сый-құрметке ие болған жандар. Әке-шешеңнің өткен өмір жолын, елге сіңірген еңбектерін танып біл, сыйла, құрметте! Оларды әрдайым мақтан тұт!