Тілдік мақсаттар
|
Дұрыс ғылыми терминдерді пайдаланып, экология негіздерін және қоректік тізбекті сипаттайды (оқылым, айтылым және тыңдалым дағдылары)
Пәндік лексика және терминология:
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
экология
|
экология
|
ecology
|
экожүйе
|
экосистема
|
ecosystem
|
биосфера
|
биосфера
|
biosphere
|
биогеоценоз
|
биогеоценоз
|
biogeocenosis
|
қоректік тізбек
|
пищевая цепь
|
food chain
|
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Продуцент - ...
Консумент - ...
Продуценттер консументтерге қорек болады.
Өсімдіктер продуценттер болып табылады, өйткені ...
Өлі жануарлар мен өсімдіктердің ыдырауына қандай ағзалар көмектеседі?
Қоректік тізбектегі энергия қайдан келеді?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ынтымақтастық:
Мұғалім сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнатады;
Мұғалім мен оқушы бірлесе сабақтың мақсатына жетеді және өзара іс-қимыл нәтижелерін талқылайды;
Мұғалім оқушыларға, оқушылар бір-бірлеріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік:
Оқушылар бір-бірлерін әділ бағалайды, себебін түсіндіреді.
Өмір бойы оқу:
Алған білімі өмірде керек болатынын түсінеді;
Сабақта оқушылармен кері байланыс орнатылады.
Өзіне және айналадағыларға құрмет:
Жұппен, топпен жұмыс кезінде жүзеге асады.
Азаматтық жауапкершілік:
Оқушылар жұмыс орындарын тәртіппен ұстайды.
|
Пәнаралық байланыс
|
География, экология
|
АКТ дағдылары
|
-
|
Осыған дейін меңгерілген алдыңғы білім
|
Табиғаттың тірі және өлі құрамдас бөліктері туралы түсінік және олардың мысалдары – 5 сынып
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған сабақ кезеңдері
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
0-3 мин
|
Сабақты ұйымдастыру
Амандасу
Сабаққа қатысуларын тексеру
Сыртқы көрінісі
Шаттық шеңбері арқылы сыныппен танысу
Оқушылар шеңбер жасап тұрады да аттарына сын есім қосып айтып, өздерін таныстырады, мысалы: Ақылды Айжан, т.б. (өзіміз үшін жеке стикерге аты-жөндерін жазғызып алуға болады)
|
|
4-8 мин
|
Ой қозғау
Миға шабуыл Мұғалім тірек сұрақ қою арқылы сабақтың тақырыбына шығады:
Тірек сұрақ: Жер шарында адамнан басқа тірі ағзалардың миллиондаған түрлері тіршілік ететінін білесіздер. Осы тіршілік формасының барлығы бір ғаламшарда қалай бірге тіршілік етеді?
Оқушылардың қысқаша жауабы тыңдалып, сынып бөлмесінде болуы мүмкін барлық тіршілік формаларын атауды сұрауға болады (өсімдіктер, шыбын, бактериялар, т.б.).
Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты оқушылармен бірге анықталады және сабақтың мақсаты тақтаға жазылады.
Оқушылар үш тілде жазылған терминологиямен танысады.
|
ИТ, презентация
|
Сабақтың ортасы
9-25 мин
|
Ұғыну
Жұппен жұмыс
1-тапсырма. «Work with a picture» (5 мин)
Мұғалім оқушыларға экожүйенің суретін ұсынып, олардан осы жүйенің тірі және өлі құрамдас бөліктерінің тізімін құрастыруын және тірі ағзалардың мекен ететін орталарының типін анықтауын (жер үсті/топырақ, жер үсті-әуе, су) сұрайды.
Оқушылар өз ойларын жұппен айтып, суретті талқылайды.
Сонымен, осы суреттегі күн, су, топырақ, тас, жануарлар, өсімдіктер және микроағзалар бәрі бірігіп нені құрайды?
БЖ: Қоршаған ортаны (экожүйені)
2-тапсырма. «Word cloud» (сөздер бұлты) (5 мин)
Оқушылар берілген сөздер бұлтынан экожүйенің анықтамасын құрастырады.
Жауабы:
Экожүйе – ортақ аумақта қоршаған табиғаттың өлі құрамдас бөліктерімен бірге тіршілік ететін барлық тірі ағзалардың жиынтығы.
Экожүйе және биогеоценоз туралы мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі:
Терминді 1935 жылы эколог А.Тенсли ұсынған. Экожүйелер Дүниежүзілік мұхит сияқты үлкен немесе құмырадағы гүл сияқты кішкентай болуы да мүмкін. Олар тропиктік орман сияқты табиғи немесе аквариум сияқты жасанды болуы мүмкін.
Оқушылар слайдта берілген суреттер арқылы экожүйенің табиғи және жасанды түрлерін ажыратады.
«Биогеоценоз» ұғымын 1942 жылы академик В.Н. Сукачев енгізді. Биогеоценоздың экожүйеден басты айырмашылығы – құрамдас бөлігінде фитоценоздың (өсімдіктердің) міндетті түрде болуы, мысал ретінде шалғын, көлді айтуға болады.
Биогеоценоз = экотоп (жансыз/өлі) + биоценоз (тірі ағзалар)
|
ИТ, презентация
|
26-35 мин
|
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, Жер бетіндегі барлық экожүйелер жиынтығы қалай аталады?
БЖ: Биосфера
«Биосфера» ұғымын 1875 жылы австралиялық геолог Эдуард Зюсс енгізді.
Биосфераға ол атмосфера, гидросфера және литосфера қабаттарында тіршілік ететін барлық тірі ағзаларды енгізді.
3-тапсырма. «Сызбамен жұмыс»
Биосфера сызбасын тақтадан көрсету.
Әр жұпқа сызбаның бір элементін (атмосфера, топырақ/су, өсімдіктер, жануарлар, бактериялар) ұсынып, өздерін басқа элементтермен байланысын жеткізулері тиіс.
Мысалы, «Мен атмосферамын. Мен топырақтан ылғалды сіңіремін, бұл өсімдікті артық ылғалдан сақтайды»
Мұғалімнің кері байланысы
|
ИТ, презентация, 1-қосымша
|
36-40 мин
|
Сабақты бекіту
1. Көптеген тірі ағзалар тіршілік ететін және өзара әрекеттесетін қайың ағашын неге экожүйе деп атауға болады?
2. Экожүйе мен биогеоценоздың, экожүйе мен биосфераның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атаңыз
|
ИТ, презентация
|
41-45 мин
|
Миға шабуыл
https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-an-ecosystem
Экожүйедегі энергия алмасу қалай іске асырылады?
БЖ: Қоректік тізбек
Осы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты оқушылармен бірге анықталады және сабақтың мақсаты тақтаға жазылады.
Оқушылар үш тілде жазылған терминологиямен танысады.
|
ИТ, презентация
|
46-55 мин
|
1-тапсырма. «Терминдермен жұмыс»
Оқулықты пайдалана отырып, мына ұғымдарға анықтама беріңіздер (8-9 бет):
Продуценттер / өндірушілер
Консументтер / тұтынушылар
Редуценттер / ыдыратушылар
Мұғалімнің кері байланысы (слайд бойынша)
|
7-сынып оқулығы
|
56-65 мин
|
2-тапсырма «Қоректік тізбек құрастыр»
Оқулықтағы суретті пайдаланып,
А) 3 қоректік тізбекті құрастырыңыз
Ә) олардың әрқайсысынан продуценттерді, бірінші және екінші консументтерді анықтаңыз
|
7-сынып оқулығы 9-бет
|
66-70 мин
|
Қоректік тізбек
https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-a-food-chain (2:53)
|
ИТ
|
71-78 мин
|
Бекіту сұрақтары:
Қоректік тізбек пен қоректік тор арасында қандай айырмашылық бар?
Неліктен өсімдіктер көптеген қоректік тізбектерде бірінші буын болып табылатынын түсіндіріңіз
Адам қандай трофикалық деңгейде орналасуы мүмкін?
|
|
Сабақтың соңы
79-80 мин
|
Кері байланыс.
Бүгінгі сабақтың күтілетін нәтижелеріне жеттік пе? (сабақтың мақсатына оралу)
Рефлексия. «Құтқару белдемшесі»
Оқушылар сабақта қиындық тудырған немесе түсініксіз болған сұрағын рефлексия парақшасына жазады.
|
ИТ, презентация
Рефлексия парақшалары
|
Қосымша ақпарат
|
|
Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау
|
Оқу қабілеттерін ескере отырып, саралау
|
Өзін-өзі бағалау
Жұппен, топпен өзара бағалау
Кері байланыс
Рефлексия «Құтқару белдемшесі»
|
Интербелсенді тақтаны ұзақ уақыт қолданбау.
Партада дұрыс отыруларын қадағалау.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Оқу мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
ОМ барлық оқушылар жетті ме?
Егер жетпесе, онда неге?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыт бойынша кезеңдері сақталды ма?
Сабақтан жоспарынан тыс өзгерістер болды ма және неге?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы ойлануға қолданыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы маңызды сұрақтарға сол жақ бағаннан жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|