Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
1-тапсырма. Оқулықта берілген талдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
1. Әртүрлі ақпарат көздерін пайдаланып, 2000-2019 жылдар аралығында аймақтардағы климат өзгеруінің динамикасын салыстырады.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. - Тапсырманы салыстырады.
Оқулық,
жұмыс дәптерлері.
2-тапсырма. Оқулықта берілген синтез айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
Ғаламдық жылынудың нақты себептерін анықтай отырып тұжырымдайды.