Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
1-тапсырма.
Оқулықта берілген модельдеуді орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Зат және энергия тасымалдануының сұлбасын құрастыру.
Жұмыстың мақсаты: қоректену тізбектері мен торлары, экологиялық пирамида ережесі туралы білім қалыптастыру, зат және энергия тасымалдау сұлбасын құрастыруды үйренеді.
Құрал- жабдықтар: статистикалық мәліметтер, әртүрлі биоценоздар суреттері, кестелер, әртүрлі экожүйедегі қоректік тізбектер сұлбалары.
Жұмыс барысы:
1. Қоректік тізбекті толықтырады, трофикалық деңгейлерді және қоректену тізбегіндегі организмдердің рөлін жазып, кестені дәптерге сызып толтырады.
2. Кестеде берілген тірі организмдердің трофикалық деңгейін құрастырады, трофикалық деңгейлерді және организмдердің рөлін жазады.
3. Екі қоректену тізбегін салыстырады, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
Жоңышқа – қоян – қасқыр.
Өсімдікті жабын – шұбалшаң – қарақарға – қырғи.
|