Сабақтың тақырыбы Елдің жаңа орталығы -астана. Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары



Дата12.09.2020
өлшемі17,15 Kb.
#63858
түріСабақ



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Күні: 6.05.2017ж Сынып:9 сынып

Мектеп:№111 Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебі. Мұғалімнің аты-жөні: Аширова С.А.
Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Елдің жаңа орталығы –Астана.


Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

Еліміздің бас қаласы Астана туралы мәліметтер алады.


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:Астана қаласының тарихын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Астана қаласында ЭКПО-өтетінін айтып бере алады.


Кейбір оқушылар: Астана қаласының тарихын зерттеп,өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіре алады.



Бағалау критерийі

1.Астана қаласының тарихын зерттейді. 2.Картамен жұмыс жүргізеді. 3.Әңгіме жазады.





Тілдік мақсаттар

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: ЭКСПО ,бәйтерек,ақ үй.

Талқылауға арналған тармақтар: Сіз неліктен екенін айта аласыз ба? ЭКСПО-сөзін білесіз бе?

Жазылым бойынша ұсыныс: ЭКСПО-сөзінің мағынасын жазу.


Құндылықтарға баулу

Адамгершілікке, отанын сүюге,сын тұрғысынан ойлай алуға.




Пәнаралық байланыс

География, математика,бейелеу өнері, әдебиет.




Алдыңғы білім

Н.Ә.Назарбаевтың –Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті екендігін біледі.




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу. Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Оқушыларды топқа бөлу. 1-топ Астана. 2-топ Бәйтерек. 3-топ Ақ үй.

2.Үй тапсырмасын сұрау. «Серпілген сауалдар »арқылы.Әр оқушы үй тапсырмасы бойынша 5-сұрақ дайындап келген соны құрдастарына қойып, жауап алу керек.







Сабақтың ортасы

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу. «Конверт» тәсілі арқылы. Әр топтың топбасшысы конвертті таңдап алып ішіндегі сұраққа жауап береді.Әрбір сұрақтың жауабы-Астана сөзімен байланыстырылған. 1-топтық жұмыс.Әр топ мәтін бойынша тапсырма алады. Сол тапсырма бойынша постер қорғайды. 2-жұптық жұмыс.Картамен жұмыс . Жұптар карта бойынша жұмыс жасайды.Онда оқушылар Қазақстанның қалаларын анықтап ол жерлер қашан Қазақстанның астанасы болғанын атап беру керек. 3-жеке жұмыс. ЭКСПО-туралы әрбір оқушы әңгіме жазады.


Карта. Ноудбуг. Конверт. Плакат.

Сабақтың соңы

«Борт» әдісі арқылы сабаққа қорытынды жасаймын.



Білетінім

Білгенім

Болжамдар

Тың ақпараттар.













Осы кестені толтырады. Кері байланыс «Ай» әдісі арқылы жүзеге асады. Толық ай- бүгінгі сабақты түсіндім. Жарты ай –жақсы түсінбедім. Сызық ай –мүлде түсінбедім. Оқушылар топты бағалайды және өздерін дескрипторлар арқылы бағалайды.



Кесте .А4 парақшасы. Ай суреттері.

Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Ашық сұрақтар бергенде, кері байланысқа дер кезінде жауап бергенде.

Қалыптастырушы бағалаумен бағалаймын.Дескрипторлармен бағалағанда оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін анықтап отырамын.


























Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты?)


1:Серпілген сауалдар.
2:Топтық жұмыс.
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді?
1:Конверт әдісі.
2:РАФТ-әдісі.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



АКТ-ны көбірек пайдалану керектігін.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет