Бөлімі
|
Тұрақты электр тогы
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Сахатова Райгуль Жарханқызы
|
Күні:
|
|
Сыныбы: 8 в
|
Қатысушы саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Электр тогының химиялық әсерi (Фарадейдiң заңы).
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары:
|
8.4.2.18 – сұйықтардағы электр тогын сипаттау.
|
Сабақтың мақсаты:
|
1.Сұйықтардағы электр тогының табиғатын түсіндіру
2.Электролиз заңы формуласын есептер шығаруда қолдану.
3.Өлшем бірліктерді ХБЖ-е келтіруді үйрену.
|
Бағалау критерийі
|
1.Сұйықтардағы электр тогының табиғатын түсінеді
2.Электролиз заңы формуласын есептер шығаруда қолданады.
3.Өлшем бірліктерді ХБЖ-е келтіреді.
|
Құндылықтарға баулу:
|
Зайырлы қоғамда оқушыларды ізденіс арқылы өмір бойы білім алуға ынталандыру.
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
6 мин
|
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу,түгендеу.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (ширату жаттығу) “Шаттық шеңбер“әдісі. Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Оқушыларды топқа бөлу
Оқушылардың үстелдерінде қызыл, жасыл, сары түсті қағазды қоямыз.Сол қағаздар бойынша олар бөлініп отырады
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру «Сұрақты ұстап ал». Мұғалім сұрақ қойған кезде оқушыларға доп лақтырады,оқушыларды өз еркімен жауап беруге итермелейді. Оқушы жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік беріледі.
1.Қыздыру шамының құрама бөліктерін атаңдар.
2.Қыздыру элементі қандай материалдан жасалады?
3.Қысқа тұйықталу дегеніміз не?
4.Электр тізбегіне сақтандырғыш не үшін керек?
|
“Шаттық шеңбер“
І топ-Ампер
ІІ топ-Кулон
ІІІ топ-Ом
Сұрақты қағып ал
|
Сабақтың ортасы
30 мин
|
Жаңа сабақ
1. Бейнеталдау жасау
Электролиз заңына байланысты видеоролик көрсету.
Видеоролик арқылы оқушылардың алған білімдерін толықтыру
«Айналмалы бекет» әдісі арқылы топтық жұмыс (постер қорғау)
Үш топқа тапсырма беріледі.Әр топ өздеріне тиеселі постердегі білетіндерін жазып,сағат тілі бағытымен келесі топқа ауыстырады,келесі топ осы тақырып жөнінде толықтырады,тағы сол сияқты жалғасып,бастапқы топқа келеді.Бастапқы топ барлық жиналған мәліметті қорытып,тақтаға шығып қорғайды.
І топ- Электролиттік диссоциация
ІІ топ- Электролиз заңы
ІІІ топ- Электролиздің техникада қолданылуы
Физикалық тәжірибе
І топ- Диэлектриктер, өткізгіштер (таза су электр тогын өткізбейді, электролит – тұзды су электр тогын өткізеді)
ІІ топ- қант салғандағы
ІІІ топ- қар суындағы
Топ мүшелеріне схема бойынша тізбекті құрастырып және температураға байланысты элекролизді қарастырып,қорытынды жасауларын ұсынады.
Топтық тапсырма Есептер шығарту.
«Кім жылдам» әдісі
І топ.Бұйымдарға күміс жалату үшін 15 мин бойына 5 А токты пайдаланады.Осы уақыт ішінде күмістін қанша мөлшері жұмсалады?
ІІ топ.Тотияйын ерітіндісін электролиздеуде 50 мин ішінде катодта 6 г мыс бөлінсе, жүріп өткен токтың күші қандай?
ІІІ топ. 1. Электролит арқылы 1,5 А ток күші өткенде 5 мин ішінде катодта 137 мг зат жиналды. Бұл қандай зат?
Дескриптор:
-берілген есептің шартын түсінеді
-ХБЖ-ға айнадырады,уақытты табады.
- кестеден күмістің электрохимиялық эквивалентін табады
-массасын есептеп шығарады
- формуласын қорыта алады
Формативті:топтардың бағалауы
|
ресурстар
«Айналмалы бекет» әдісі
«Кім жылдам» әдісі
|
Сабақтың соңы
4 мин
Бағалау
|
V. «Ия, жоқ» ойыны
№
|
Сұрақ
|
Жауап
“ Ия, жоқ ”
|
1
|
Электролиттер- тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері
|
|
2
|
Электролиттер электр тогын өткізбейді.
|
|
3
|
Электролиз-тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері арқылы ток өткенде, электродта зат бөліну құбылысы
|
|
4
|
Электролиз заңын Б.С.Якоби ашты.
|
|
5
|
Фарадей заңы m=kIt
|
|
6
|
Заттың электрхимиялық эквиваленті m
|
|
Кері байланыс
«Бас бармақ»
Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексереміз.
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.
« Табыс ағашы» әдісі әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар:жасыл-«барлығын дұрыс істедің»,сары-«қиындықтар болды»,қызыл-«қателер көп болды».Әр оқушы өз ағашын сәйкес жапырақтармен безендіреді.Қалаулары бойынша жапырақтарға өздері толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады.
Оқушыларды сабаққа қатысуына байланысты мадақтаулар айтылады
Үйге тапсырма беру: § 48,49. 23-жаттығу № 2, 3 М.Фарадейдің ғылымға қосқан үлесі (реферат жазу)
|
«Ия,жоқ»
әдісі
«Бес бармақ»
әдісі
«Табыс ағашы»
әдісі
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?Сіз басқалар- ға қарағанда қабілеттіті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Тапсырма
Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді.
Оқушылардың қажеттілікте- ріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасайды.
Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаланады
Диалог және қолдау көрсету
Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.
Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындал-
ған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.
|
Сұрақтар қою
Критерий мен дескриптор арқылы бағалау
Кері байланыс орнату
Бес бармақ тәсілі
|
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің бекітілген ережелермен таныстыру.
АКТ мен байланыс (Бейнежазба,слайдтар)
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушыларға оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
|
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|