Сабақтың тақырыбы: «Электр тогының жұмысы. Джоуль Ленц заңы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге электр тогының жұмысы, Джоуль-Ленц заңы туралы түсіндіру, жаңа тақырыптың мән-мағынасын ашу, электр құбылыстары тарауы бойынша білімдерін толықтырып бекіту..
Дамытушылық: Электр тогы жұмысының физикалық мағынасын түсіндіру. Физикалық шамалардың өлшем бірлігін меңгерту. Джоуль - Ленц заңымен таныстыру. Заңның математикалық өрнегімен таныстыру, мағынасын түсіндіру. Электр тоғының жұмысы мен Джоуль-Ленц заңының энергетикалық мағынасын теориялық негізде ұғындыру.Теориялық білімді практикамен байланыстыра алу машығын қалыптастыру. Формулаларды есте сақтау үшін жаттығулар орындату.
Тәрбиелік: Өмірмен байланыстыру, физикалық көзқарас қалыптастыру. Қорытындылай алуға, нақтылыққа, жүйелілікке, реттілікке, ұжымға, еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім қалыптастыру.
Әдісі: Түсіндірмелі-мысалды, теориялық-пратикалық, интерактивті .
Сабаққа қажетті құралдар мен жабдықтар: Оқулық физика11-сынып, интерактивті тақта, физика есептерінің жинағы, тұрмыстық электр приборлары, топтамалар, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасы. «Сұрақ меннен жауап сеннен» әдісі арқылы
III. Жаңа сабаққа мақсат қою.
IV.Жаңа материалды меңгерту
V. Жаңа сабақты бекіту «Жасырын тапсырма» әдісі
VI. Білімдерін тексеру (Есептер шығару)
VII. Қорытынды.
VIII. Бағалау.
IX. Үйге тапсырма.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Амандасу;
Б) Түгендеу;
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау. «Сұрақ меннен жауап сеннен»
Сұрақтар:
Электр тогы деген не?
Электр тогы бар болу үшін қандай шарттар орындалуы керек?
Тұрақты ток деген не?
Электр тогының қандай әсерлері болады ?
Электр тогын сипаттайтын физикалық параметрлерді атаңдар?
Электр тогын өткізетін заттар мен денелерді айтыңдар?
Ток күші дегеніміз не, анықтамасын бер.
1.Сергіту. Электр тогын сипаттайтын параметрлер. « Полиглот. Жеті жұрттың тілін біл» (басқа пәндермен пәнаралық байланыс жасау)
№
|
Адасқан әріптер
|
Дұрыс жауабы
|
Орысша мағынасы
|
Ағылшынша мағынасы
|
1
|
отк күіш
|
Ток күші
|
Сила тока
|
amperege
|
2
|
кеурне
|
Кернеу
|
Напряжение
|
voltage
|
3
|
кедргіе
|
Кедергі
|
Сопративление
|
resistance
|
4
|
ядзра
|
Заряд
|
Заряд
|
charge
|
5
|
тійбзкете
|
Тізбектей
|
Последовательно
|
consistently
|
6
|
алпралель
|
Параллель
|
Параллель
|
parallel
|
(Жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу) видео болсын, тәжірибе болсын.
III. Жаңа сабаққа мақсат қою.
Біз бұған дейінгі сабақтарды электр тогын сипаттайдын физикалық параметрлердің бірнешеуімен таныспыз.
Бүгінгі сабақтың мақсаты электр тогын сипаттайтын негізгі параметрлердің бар екендігімен ерекшеленеді. Яғни, бүгін Электр тогының жұмысы, Джоуль- Ленц заңы тақырыптарымен таныса отырып білімімізді толықтырамыз.
IV.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
Теориялық бөлім: Электр тогының жұмысы, қуаты. Джоуль - Ленц заңына теориялық түсінік беру.
Электр тогының жұмысы
Сонымен біз электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді. Ток күші I=q/t болғандықтан жұмыс мынаған тең: A=IUt
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңына сүйеніп Токтың жұмысының өрнегін мына түрде жазуға болады. A=I2 Rt . Тізбектің бөлігіндегі жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең.
Токтың жұмысы Джоульмен (Дж) өлшенеді. 1Дж = 1A*1B*1c
Сондықтан токтың қуаты деген ұғымның маңызы, токтың жұмысы ұғымымен қатар жүреді, яғни бірін- бірі толықтыратын физикалық ұғымдар.
Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең шама;
P=A/t=IU= I2 R= U2 /R
Джоуль- Ленц заңы
Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады. Q=A=I2 Rt. Бұл формула Джоуль- Ленц заңын сипаттайды.
Өмірмен байланыстыру- өндірісте, тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына пропорцианал.
Ағылшын физигі Джеймс Джоуль Ресей физигі Эмилий Христианович Ленц
(1818-1889) (1804-1865)
Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды.
Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.
V. Жаңа сабақты бекіту. «Жасырын тапсырма» әдісі арқылы екі топқа конвертті ашқызып ондағы жасырын тапсырманы орындау
Теориялық есептер шығару.
Егер қалта фонары шамының кернеуі 3,5 В, ал тоқ күші 0,28 А болса, ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді?
Кедергісі 1 кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?
Практикалық есептер шығару. Тұрмыстық электр приборларын пайдаланады.
Үтікті 5 минут қыздырып, оның техникалық көрсеткіштерін пайдаланып, үтіктен бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеп шығару.
Плойка-шаш бұйралағышты 7 минут қыздырып барып, одан бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеп шығар.
VI.Білімді тиянақтау - тексеру.
«Ойлан, жұптас» топтық жұмыс.
Кернеуі 25В, ток күші 0,25 А. Токтың қуатын табу керек.
Токтың жылу мөлшерін есепте. Вольтметрдің көрсетуі 5,2 В, амперметрдің көрсетуі 2А, кедергісі 2 Ом, уақыт 5 минут.
Токтың қуатын есепте. Амперметрдің көрсетуі 0,3 А, вольтметр 120В.
Токтың жұмысын есепте. Вольтметр-100В, резистор -30 Ом, уақыт-3 с.
Физикалық диктант дәптермен жүмыс.
Зарядталған бөлшектің реттелген бағытталған қозғалысы ..... деп аталады.
Уақыт бойынша өзгермейтін ток ........ деп аталады.
Электр тогының әсерлері болып табылады ......... әсерлер.
Уақыт бірлгіндегі өтетін заттың мөлшеріне тең шама ....... деп аталады.
Ток күші .... өлшенеді
Токтың қуаты ток күші мен ....... көбейтіндісіне тең физикалық шама.
Өткізгіште бөлінген жылу мөлшерін есептеу үшін ток күшінің квадратын өткізгіш ....... және электр тогының өту уақытын өз ара көбейту керек.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма. Жаңа сабақты оқып, түсінік айту.
VIII. Сабақтың соңы. Кері байланыс. Рефлексия: «Менің көңіл күйімнің баспалдағы» әдісі арқылы студенттер стикерге сабақ кезінде меңгерген білімдерін жазады да, стикерлерді тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады.Баспалдақтар «Керемет!», «Жақсы», «Жаман емес», «Білмеймін».
«Меніңкөңіл күйімнің баспалдағы»
4. Электр тогының әсерлері сәйкес дұрыс жауабын көрсету керек.қаламмен сызу арқылы.
Жылулық
|
Тогы бар өткізгіштің айналасында магнит тілшесінің ауытқуы.
|
Химиялық
|
Өткізгіштің, электір приборларының қызуы.
|
Магниттік
|
Медициналық ақпараттардың. Жұмсы.УДЗ, рентген, лазер сәулелері
|
Биологиялық
|
Заттың химиялық құрамының өзгеруі.
|
5.Электір тогын өткізу қабілетіне қарай заттар бөлінеді – оқушылар тақтада тұрып , пердені шетінен ашып отырып жауаптарын тексереді.
Өткізгіштер
|
Жартылай өткізгіштер
|
Диэлектриктер
|
Металдар
Газдар
Электролиттер
|
Кейде өткізгіш
Кейде диэлектрик
|
Мүлдем электр тогын өткізбейтіндер
|
6. Электр тогы тасымалдаушы негізгі бөлшектерді сәйкесінше көрсет қаламмен
Металдар Еркін электрондар, + - иондар
Электролиттерде Еркін электрондар
Иондалған газдарда Оң және теріс иондар
7. Электр тогының жұмысы. Джоуль – Ленц заңы –тақтаның пердесін жылжытып отырып осы жауаппен сәйкестендіру керек.
Электр тогының жұмысы
|
A
|
Дж
|
А=IUt
|
Электр тогының жұмысын есептеу үшін – ток кұшінің, кедергінің уақыттың шамаларын өзара көбейту керек
|
Электр тогының жұмысы
|
P
|
Вт
|
P=IU=U2/R=I2R
|
Токтың қуатын есептеу үшін – ток күші мен кернеудің шамаларын көбейту керек
|
Джоуль – Ленц заңы
|
Q
|
Дж
|
Q=I2Rt
|
Жылу мөлшерін есептеу үшін ток күшінің квадраттын, кедергіні, уақытты өз ара көбейту керек
|
Достарыңызбен бөлісу: |