ІІІ . Жаңа сабақты түсіндіру
Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы
Шарль-Огюстен Кулон (Шарль-Огюстен Кулон – француз физигi және инженерi Ангулем қаласында (Франция) мемлекеттiк шенеунiк жанұясында дүниеге келген.
Француз ғалымы Ш.Кулон 1785 жылы тәжірибе жүзінде вакуумдегі нүктелік зарядтардың өзара әсерлесу заңын ашқаннан кейін, 18 ғасырдың соңына қарай, электр құбылыстарын сандық жағынан зерттеу басталды. Өлшемдері өзара әрекеттесетін денелердің арақашықтығынан бірнеше кіші болатын денеде орналасқан зарядты нүктелік заряд деп атайды.
Тәжірибелер зарядталған денелер арасындағы өзара әрекеттесуші күштері олардың геометриялық өлшемдеріне, денелердің пішіне мен олардың электрлену дәрежесіне байланысты екенін көрсетеді. Бірақ нүктелік зарядтар үшін денелер арасындағы өзара әрекеттесу күштері Кулонның қарапайым заңынабағынады.
Өз тәжірибесінде Кулон жіңішке серпімді сымға ілінген және шыны цилиндр тәріздес ыдысқа орналастырылған, А шыны таяқшадан тұратын қондырғы-іиірмелі таразыны қолданды. Таяқшаның бір ұшына кішкентай а металл шар бекітілген, ал екінші ұшында оны теңгеріп тұратын жүк (қарсы салмақ) бар.Жіптің жоғарғы ұшы оның ширатылу бұрышын анықтауға арналған бөліктері бар шкалаға бекітілген (Г). Ыдыс тығынындағы саңылау арқылы дәл сондай басқа в сынақ шар енгізіледі. Егер шарларға оң заряд берсек, онда олар бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Өзара әрекеттесуші күшінің шамасын жіптің ширатылу бұрышына қарап анықтауға болады.
Кулон заңы: Бостықтағы екi қозғалмайтын зарядталған нүктелiк денелердiң өзара әсерлесу күшi F (кулон күшi) және зарядтардың модульдерiнiң көбейтiндiсiне тура пропорционал және олардың өзара r арақашықтығының квадратына керi пропорционал.
Мұнда k – пропорционалдық коэффициентi, сандық мәнi бiрлiк зарядтардың бiрлiк ұзындығына тең арақашықтықта өзара әсерлесу күшiне тең.
k коэффициентiн мынадай түрде жазу қабылданған
мұнда – электр тұрақтысы, СИ жүйесi бойынша мынаған тең:
Коэффициент k СИ бiрлiгiнде жазылуы бойынша келесi түрде өрнектеледi:
ІҮ. Сергіту сәті (әуенмен қосылып өлең жолдарын айту)
Қызықта да , әсерлі ғылымдардардың данасы
Физикада қиын пән таусылмайтын саласы.
Зарядтардың әсері бағынатын Кулонға
Қарапайым заңдылық жатыр міне осында
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
Ақылдың алты қалпағын Эдвард де Боно әзірлеген, ол әртүрлі шешімдердің ішінен шоғырландырылған ойды жеделдететін қосарлас ойлау үдерісін көрсетеді.
Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.
Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақты киіп сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.
Қара қалпақ бұл – сын, «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейді.
Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.
Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.
Көк қалпақ ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді.
Оқушылар постер жасайды, топпен жұмыс жасайды
Қалпақ түсіне сәйкес мазмұнда тақырыпты қорғайды.
Оқушылар алған білімдерін талдап, топпен, жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, өз бетімен жұмыс жасап үйренеді.
ҮІ. «Ойлан.Жұптас.Бөліс» әдісі
І топ 14- жаттығу № 1 ,4 есеп
ІІ топ 14- жаттығу № 2 ,5 есеп
ІІІ топ 14- жаттығу № 3 ,7 есеп
Достарыңызбен бөлісу: |