Сабақтың тақырыбы: Электролиттердің электр өткізгіштігі. Электролиз заңы. Сабақтың түрі : Аралас сабақ



Дата31.10.2022
өлшемі59 Kb.
#155826
түріСабақ

Астана қаласының «Көлік және коммуникация колледжі»
Пән оқытушысы: Алдонгарова Г.А.
Сабақтың тақырыбы: Электролиттердің электр өткізгіштігі. Электролиз заңы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Цели урока
1. Білімділік: Сұйықтардағы электр тогы туралы түсінікті студенттердің санасында қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Электролиз заны туралы түсінігін әрі қарай дамыту.
3. Тәрбиелік: Үйрене отырып, көргенді есте сақтауды, өз бетімен еңбектене алатындай ерік-жігер ,өзіне сенімділікті қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: Математика, электротехника.
Межпредметные связи:
Көрнекті құралдар, жабдықтар, үлестірме қағаздар: өлшем бірліктері бар кесте, карточка.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ/ ХОД УРОКА


1.Ұйымдастыру кезеңі:3/
Организационная часть: Студентердің санын түгелдеу
2. Өткен тақырыпты тексеру:
Опрос и проверка пройденного материала:

  • Электр тогы дегеніміз не?

  • Электр тогының пайда болуы мен ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті шарттарды ата.

  • Вольт бағанасы туралы не білесің?

  • “Электр қозғаушы күші” дегеніміз не? (өлшем бірлігі мен белгіленуін жаз)

  • Өткізгіштегі электр тогын оның өткізгішке тигізетін әрекеттерін ата.

  • Қандай ток көздерін білесің және олардың шартты белгісін сыз.

  • Зарядтардың бөлінуі дегеніміз не?

  • “Электр тогы” түсінігін алғаш рет кім енгізді?

  • Металдардың электр тасушылары нелер?

  • Термоэлектрондық эмиссия дегеніміз не?

3. Жаңа тақырыпты зерделеу
Изучение нового материала
ЖОСПАР / ПЛАН

  • Электролиттердің электр өткізгіштігі.

  • Электролиз заңы. Фарадей заңы.

4. Нығайту
Закрепление нового материала
Төмендегі есептерді шығарыңыз: Есептер жинағы Рымкеевич
1. Электролит арқылы 1 сағат бойы 1 А ток жүреді. Катодта бөлінген күмістің массасын табыңдар. Күмістің электрохимиялық эквиваленті 1,118·10-8 кг/Кл.
2. Мыс сулфиті ерітіндісінің электролизі барысында 4 кВт·сағ жұмыс жасады. Ванна электродтары арасындағы кернеу 6 В болса, бөлініп шыққан мыстың мөлшерін анықтаңдар.
3. Электролит арқылы 1 сағат бойы 1 А ток жүреді. Катодта бөлінген күмістің массасын табыңдар. Күмістің электрохимиялық эквиваленті 1,118·10-8 кг/Кл .
4. Ток күші 1,6 А болғанда 10 мин ішінде электролиттік ваннаның катодына 0,316 г мыс бөлініп шықты. Мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтаңдар.
5. 10 мин ішінде ваннада 0,67 г күміс бөлініп шығады. Ваннамен тізбектеліп қосылған амперметр 0,9 А көрсетті. Амперметрдің көрсетуі дұрыс па?
6. Ішінде күміс тұзы бар электролиттік ваннадан 1 мА ток жүреді. 1 с ішінде қанша күміс бөлініп шығады?
7. Электролит арқылы 1,5 А ток күші өткенде, 5 мин ішінде катодта 137 мг зат жиналды. Бұл қандай зат?
5. Үй тапсырмасы:
Домашнее задание:
§19.2, Физика, Жданов Л.С
Төмендегі есептерді шығарыңыз:

  • Электролит арқылы 5 мин бойы 1,5 А ток өткенде, электродта массасы 503 мг зат бөлініп шыққан. Ол қандай металл болды екен?

  • Никель тұзы толтырылған электролиттік ваннаға ішінде хром тұзы бар ванна тізбектей қосылған. Тізбекті ажыратқаннан кейін бірінші ваннада 10 г никель бөлінген. Екінші ваннада қанша хром бөлінеді?

  • Алюминийді өндіргенде ток күші 40 кА болғанда, 5 В кернеумен жұмыс істейтін ванна қолданылады. 1 т алюминий өндіру үшін қанша уақыт қажет және бұл жағдайда энергия шығыны қандай?

  • Техникалық норма бойынша электролиттік ваннадағы кернеу 0,4 В болса, 1 т мысты бөліп шығару үшін жұмсалатын энергия шығыны қандай болады?

6. Өзіндік жұмысы: «Электролиз заңы» тақырыбында баяндама жазу
Самостоятельная работа:
7. Қорыту, подведение итогов урока: Студенттерге алған бағаларын айту.


Оқытушы: Алдонгарова Г.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет