1-тапсырма.«Химиялық лото» ойыны. Төмендегі қосылыстарды үстіне өздеріне тән химиялық байланыс атауын қою/орналастыру.
Zn
BaSO4
C2H6
MgCO3
HBr
C2H5OH
H3PO4
Ra
CaF2
I2O5
Hg
AgOH
HF
Na2CrO4
CH2O2
N2
Дескриптор:
Қосылыстарға тән химиялық байланыстарды біледі, дұрыс орналастыра алады.
Химиялық байланыстардың ерекшелігі туралы да жақсы түсінген.
ҚБ: Смайликтер арқылы бағалау.
2-тапсырма: «Ақылды бақа» әдісі. Заманауи интерактивті ойынға қатысып, сұрақтарға жауап беру. Белсенді қатысу. 1. Ковалентті байланыс қалай бөлінеді?
а) полюсті,полюссіз б) полюсті,полярлы с)зарядты,зарядсыз
2. Қандай заттар бөлшектері арасында металдық байланыс түзіледі?
а)бейметалдар б)галогендер с)металдар 3. Молекуласында тек сигма типімен бүркесетін электрон бұлттары бар зат?
а)сутек б)бор с)йод
6. Электртерістік дегеніміз не? а)атомның электрон беру қабілеті б)қосылыстағы атомның электронды өзіне тарту қабілеті. с)атомның қосылыстағы белгілі валенттік көрсететін қасиеті. 7. Молекуласында 3 байланыс бар зат?
а)оттек б)азот с)фтор 8. Электртерістілігі ең жоғары элемент:
а)франций б)фтор с)франций
9. Реттік нөмірі 20 және 17 болатын элементтер арасында түзілетін байланыс?
а) Ковалентті полюсті б) Иондық с) Сутектік
10. Тотығу процесі - ......
а) элементтің валенттілігінің өзгеруі
б) электрондарды беру с) электронды қосып алу
Дескриптор:
Берілген 10 сұраққа барынша ойланып жауап беріп, химиялық байланыстар жөнінде білімін тереңдетеді.
ҚБ: «Мұғалімнің мадақтауы» (Өте жақсы, жарайсыңдар, жұмыстану қажет). Берген дұрыс жауаптары, белсене ойынға қатысуы да ескеріледі.
3-тапсырма: «Крестиктер-ноликтер» ойыны. Оқушыларға химиялық қосылыстардың формулалары беріледі. Бірдей химиялық байланыспен түзілген заттардан тұратын тік, көлденең немесе қиғаш жолақты табу. Мақсаты: оқушылардың қызықты ойын арқылы қай қосылыстың қандай байланысқа жататындығын ажырата алуын дамыту.
1) Қиғаш орналасқандар – ковалентті.пол/сіз байланыстар
2) Көлденең орналасқандар – иондық байланыстар
3) Тігінен орналасқандар – металдық байланыстар
4) Қиғаш орналасқандар – сутектік байланыстар