Әліппемен қоштасу.
Сабақтың тақырыбы: «Әліппе – білім бастауы».
Сабақтың мақсаты: Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді
болуға шақыру. Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата - анасының, Отанның адал ұл - қыздары болуға тәрбиелеу.
Ой - өрісін дамыту. Сүйікті оқулықтары - Әліппемен қоштасу кешінде оқу-шылардың қабілеттерін, шеберліктері мен өнерлерін таныту.
Көрнекілігі: Тақтаға жазылған сөздер «Әліппе – білім бастауы!», бағалар, шарлар, буындар.
Мұғалім: Жеміске құты тола ма?
Бір - бірлеп теріп алмасаң?
Әп - сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал білім боларын
Шам - шырағың жолыңда.
Көлге ойнаған бұлағың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том - том болып кітаптың
Басы болар «Әліппең»-
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, 1 - сынып оқушыларының Әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Әліппені аяқтау тойларыңыз құтты болсын!
Армандасаң да,қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді.Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақ-тан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйла-ған, білім нәрімен сусындатқан, өмір де өз жолдарын табуға жол сілтеген ұс-таздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса 1-сынып оқушыларын ортаға шақырайық! (музыканың әуенімен ортаға шығады) Шашу, шашу шашыңдар!
Ақ сандықты ашыңдар.
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасаңдар.
Бала деген, шіркін - ай, балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып - аршып даладан келгенінде,
Бал иісін таттырып алдайды екен - деп
Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық!
Аружан: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Биде билеп, әнде бүгін шырқалар.
Тамара: Қош келіпсіз құрметті ата - аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Ерхан: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар
Кез келді сіздерден ақ бата алар
Ұл қыздарын көрсетпекші өнерлерін
Бар қауым таңдана таңдай қағар.
Хормен: Құтты болсын тойымыз!
Аружан: Үйретіп мұғалім, алғаш бізге әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ой - арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді
Ән: «Ұстазым менің ұстазым».
Мұғалім: Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім: Ал, қанеки, балалар, әліппені ортаға шақырайық
Хормен: Әліппе, әліппе,біз сені күтіп тұрмыз
Мұғалім: Жоқ. Келмей жатыр. Енді оны басқаша шақырайық. Әріптер сапқа тұрып. Әліппе сөзін құрайық.
Әліппе: Менің атым әліппе
Мені аққудай дәріпте,
Мені оқып, ер жеткен,
Бауыржан да, Мәлікте,
Өсті міне, бойларың,
Өсті міне, ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсың тойларың!
Тамара: Әліппем, менің Әліппем,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Қош бол, құтты «Әліппем»
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Ерхан: Оқулықпен достассақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Өсті білім, бойымыз,
Құтты болсын тойымыз.
Аружан: Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Ашыла берді алдымнан,
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдар алтыннан,
«Әліппе»- білім бесігі.
Ән: «Бірінші сынып Әліппе».
Мұғалім: Енді ортаға әріптерді шақырайық.
«ОТАН» сөздері шығатындай ( О,Т,А,Н) әріптер таққан оқушылар тақпақ оқиды.
Ерхан: Оспан да өлең жаттады,
Олжас та өлең жаттады.
Мына менен басталған
Екеуінің аттары.
Аружан: Торғай, торғай, торғайсың
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын тойып ал,
Сонда аязға тонбайсың.
Астана- Астанам,
Астана-бас қалам.
Ардақтап атыңды,
Аузымнан тастаман.
Тамара: Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы.
Қайсы әріптен басталып
Аяқталғанын қарашы.
Ән: «Әліппе».
Әліппе: -Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар.
Мұғалім: -Математика – ғылымдардың атасы деген. Ендеше математикадан алған білімдерін тексерейік. ( ауызша есеп)
Математика: -Амансыңдар ма балалар. Бүгін сендер менімен бірге «Мате-матика еліне саяхат» жасаймыз. Менің әкелген бірнеше тапсырмаларым бар соны бірге орындайық.
Тапсырмалар: «Математика еліне саяхат»
1. «Жұмбақ» сайысы: (математика: Ата-ана, балаларға).
1. Торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоян алды. Сонда торда әлі де
бір қоян қалды. Ол қалай? (Ж: біреуі торымен алған).
2. Бес бұтақты қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер сайынға,
Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді).
3.Тепсең-ақ секіріп,
Ұстатпай қашады.
Бір жерге бекініп,
Тұра алмай сасады. (доп).
4. Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен)
5. Адам есектен неге құлайды? (жерге).
6.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)
7. Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз).
8. Сен және мен, біз екеумуз қосылсақ қанша боламыз? (екеу)
9. Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)
10. Қарға ұшады, ал ит құйрығына отыра ма? (Ит жуас болса, құйрығына
қарға қонып отырады).
2. «Сандар әлемі»
Әлемде үлкен ел бар. Бұл елдің тұрғындары-сандар. Олармен қатар тату-тәтті бұл елде цифрлар да өмір сүреді. Сандардың көпшілігі соншама, сана-саң сан жетпейді. Ал цифрлардың бар болғаны -10.
Ендеше , балалар, осы цифрларды тура және кері бағытта жазып көрейік.
3. «Санамақ»
2 + 2 жауабы қанша?
Сыныпта неше оқушы бар?
5+3 неше болады?
1 - ден 0 - ді азайтсаң не болады?
Математика: Ал енді балалар мен сендермен қоштасамын! Сендер өте ақылды балалар екенсіндер, тапсырманы тез орындадындар. Сау болыңдар!
Хормен: «Сау болыңыз математика.»
Би: «Қазақша».
Қазақ тілі: Салем достар менің атым - Қазақ тілі. Менде сендермен бірге тапсырма орындап білімдерінді тексергім келеді.
1. «Әріптер әлемі» сайысы: (қыздар әріптер алып, оған сөз ойлап, буынға бөледі).
2.«Теңге алу» ойыны:
(жердегі буындарды жинап, сөз, сөзден сөйлем құрайды).
3. «Кішкентай сиқыршы»: Жұмбақ жасырам, шешуін тапсаңдар бір сөз
шығады.
1. Әжеде бар, атада жоқ
Әтеште бар, көжекте жоқ (Ә)
2. Мынау-доға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп? (Л)
3. Ірімшік жедің ғой,
«Тәтті екен» дедің ғой.
Оның аты біз жазған,
Қайсы әріптен басталған? (І)
4. Ата-анаңмен барып сен,
«Пілді» көрдің «парктен»
Осы атауға зер салшы
Басталған қай әріптен? (П)
5. Пілде бар, шілде жоқ.
Допта бар, шарда жоқ. (П)
6. Ешкіде бар, қойда жоқ
Кеседе бар, қасықта жоқ (Е)
4 - тапсырма:
Әліпбиден кез - келген әріпті көрсетем, сол қандай әріп, қандай дыбыс екенін айтыңдар.
5 - тапсырма: Сұрақ – жауап.
1.Жапырақ қай кезде сарғаяды?
2.Қазақтың ұлттық аспабы не?
3.Алфавиттің ең бірінші әрпі?
4.Сиырдың төлін қалай атайды?
5.Сенің әкеңнің анасы саған кім болады?
6.Қазақстан Республикасының Президенті?
7.Тудың түсі?
8.Дәрігер не істейді?
9.”Ә”- қандай дыбыс?
10.Есту мүшесі?
11.Өзіңді қайдан көресің?
12.Тамақты шайнап жеуге не көмектеседі?
Қазақ тілі: -Рахмет достар сендер өте зерек балалар екенсіңдер. Енді менің сендермен қоштасатын уақытымда келді. Қош сау болыңдар достар!
Хормен: «Аман сау болыңыз Қазақ тілі»
Би: «Қамажай».
Әліппе: - Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыра-
тын ана тілі пәнімен танысасыңдар.
Мұғалім: Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер
Қыран құстай болашағын мәпелер
Бүгін міне, әліппемен қоштасады
Азамат боп кешегі сәби еркелер.
Абай-қазақ халқының ұлы ақыны.
Балалар, енді басқа да ұлы адамдар туралы сендер «Ана тілі» оқулығынан оқитын боласыңдар. Олай болса, «Ана тілін» ортаға шақырайық.
Хормен: Ана тілі. Ана тілі.
Ана тілі: Армысыңдар жас достар!
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріңе
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігі
Шарықтап қиялың,
Зердеңе ой құямын.
Бір-бір мектеп-Ыбырай,
Абай, Ахмет зиялым
Табыстырам бәрімен.
Өлең-жыры, әнімен
Өрісіңді кеңейтіп,
Шежіре айтып әріден
Қысқы ілім-білімнің
Бәрі, бәрі, бәрі –мен.
Би: «Хафана на».
Әліппе: Балалар, сендер мені оқып тауыстындар. Енді менімен қоштасып, мына «Ана тілі»оқулығымен достасасыңдар.Оны да жақсы оқыңдар. Сабақтарынды жақсы оқып, ата-аналарыңды, ұстаздарынды қуанышқа бөлей беріңдер.
Аружан: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әріптермен.
Ерхан: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе.
Тамара: Таныстырар әріппен
Мынау кітап Әліппен
Әліппе деген аты оның
Басталған қай әріптен?
А ны айтқанда дауысымыз дірілдеді
Ұстазым көз алдымда күлімдеді
Күн сайын әріптердің атын білем,
Сөз оқимын айырып әріпті енді.
Ана тілі: Рақмет, балалар! Әліппе сендерге көп нәрсе үйреткен екен. Мен риза болып тұрмын.
Әліппе: Рахмет, балалар! Сендер әліппені жақсы меңгеріпсіңдер. Ана тілімен таныстырдым. Енді рұқсат болса мен кетейін.
Аружан: Таныстырған 42 әріппен,
Қош менің қасиетті әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Ән: «Рахмет саған Әліппе».
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5 - тіктер тарату)
Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе!
Осы кезде 5, 4, 3, 2 бағалары кіреді.
Бестік: «Бес!» деп едім бүгін мен,
Қалды бәрі күлімдеп. (Ляззат)
Төрттік: Төрт алып еді көп бала,
Қуанып қалды ата - ана. (Нарұл)
Үштік: «Үш» алғанда байқадым
Папам басын шайқады. (Ляззат)
Екілік: Оқып ем, «екі» алдым
Кейіп қалды мұғалім. (Нарұл)
Ән: «Оқуда озат боламын».
Би: «Вальс».
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бұл сендердің алғашқы бағаларың. Бұл бағалардың ішіндегі 4пен 5 – пен дос болып, жақсы бағалар алып, жақсы, үлгілі оқушылар болуларыңа тілектеспіз. Сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп, сауатты оқуларыңа ата - аналарың да үлес қосты. Қане бәріміз рахмет айтамыз.
Хор:Бақытты балалық шағымыз үшін рахмет, сіздерге, ата – аналар.
Сөз кезегін ата-аналарға береміз!
Келесі сөз кезегін Кенжебекова Зульфияға беремін.
Мұғалім: Құрметті оқушыларым сендер Әліппе кітабын ойдағыдай оқып,
тауыстыңдар. Енді сендер өздерің оқи аласыңдар. Сондықтан мен
сендерге өзімнен естелік ретінде ертегі кітабын сыйлық ретінде
сыйлағым кеп тұр. Сыйлығымды қабыл алыңдар.
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Уақыт біраз жерге таяп қалды,
Ойламаңыз өнерді аяп қалды.
Келесі кездескенше сау болыңыз,
Әліппемен қоштасу кешіміз осымен аяқталды.
Тәрбие сағаты:
Орындаған: Кусаинова Алтыншаш Куанышевно
№31 бастауыш мектебі
Достарыңызбен бөлісу: |