Сабақтың тақырыбы: Ә.Қоңыратбаев. Киіктің айласы Сабақтың мақсаты



Дата25.01.2017
өлшемі72,24 Kb.
#7741
түріСабақ
Байболова Тұрсынай Сапарқызы,

Жамбыл атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Мақтарал ауданы

Сабақтың тақырыбы: Ә.Қоңыратбаев. Киіктің айласы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділігі: Әңгімені жүргізіп, түсініп оқуға дағдыландыру. Кейіпкерге мінездеме беру. Әңгіменің негізгі идеясын ашу, талдауға үйрету. Мәтінмен жұмыс жүргізуге баулу.

ә) Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге, аялауға, аң-құстарға қамқорлық жасап, күтуге тәрбиелеу.

б) Дамытушылығы: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, тіл байлығын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Жазушы М.Сүндетовтың портреті, суреттер, киік

суреті, Ә.Қоңыратбаев суреті және интербелсенді тақта, гүлдер.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, баяндау, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқушыларды үш топқа бөлу.

- Балалар, қазір қай мезгіл?

- Көктем.

- Көктемде ең алғаш қандай гүлдер ашылады?

- Бәйшешек, Жауқазын, Қызғалдақ.

- Олай болса, мен сендерді осы гүлдер арқалы үш топқа бөлемін. Әркім өзіне ұнаған гүлді алып, өз топтарымен отырады.

Енді балалар, Бәйшешек алған оқушылар бірінші қатарға, Жауқазын алған оқушылар екінші қатарға, Қызғалдақ алған оқушылар үшінші қатарға отырады. Ал енді балалар біз топ-топқа бөлініп алдық.

І-топ «Бәйшешек», ІІ-топ «Жауқазын», ІІІ-топ «Қызғалдақ».

Психологиялық дайындық. Есімдер акронимі, миға шабуыл.

Ал балалар өзімнен бастауын, әркім өз есіміне сын есімді сөзді қойып айта береді. Тұрсынай төзімді, Заңғар ақылды, Айжан сымбатты осылай жалғаса береді.

Үй тапсырмасын сұрау.

Топпен жұмысты үй тапсырмасынан бастаймыз. Әр топта топ басшы болады. І топ басшысы Саят, ІІ топ басшысы Аружан, ІІІ топ басшысы Асылхан. Бағалауды әр топ өздерін-өздері бағалайды. Оны сол топтың басшысы стикер бойынша бағалап отырады. Көк стикер 4, сары стикер 3, қызыл стикер 5.

Әр топтан бір оқушы шығып түсінгендерін айтады.

І топ оқушысы: Мұхтардың мектепке баруы, ұқыптылығы жайлы әңгімелейді.

ІІ топ оқушысы: Мұхтардың күшікке берген көмегі жайлы айтады.

ІІІ топ оқушысы: Ананың мейірімділігі жайлы әр топтан шығу барысында түсіндіреді. Осылай бес-алты оқушыдан үй тапсырмасын сұрап, оларға қосымша сұрақтар қоя отырып бағалаймын.

Сұрақтар:

1. М.Сүндетов қай жылы, қай облыста дүниеге келген?

2. М.Сүндетовтың қандай еңбектерін білесіңдер?

3. Мұхтарды ұстазы не үшін мақтады?

4 Мектептен қайтып келе жатып қандай жағдайға кездесті?

5. Ол не үшін қуанды?

6. Анасы Мұхтарды не үшін ұрыспады?

Топтық тапсырма.

1. Мәтіннен Мұхтардың ұқыптылығын білдіретін жолды тауып оқы.

2. Ол келе жатып кімдерді көргендігі туралы жазылған сөйлемдерді оқып бер.

3. Әңгіме қалай аяқталғанын көрсететін жолды тауып оқы.

Топтық тапсырма.

Топтастыру стратегиясы.

1. Мұхтар қандай оқушы?

Ұқыпты Ержүрек

Мұхтар


Қайырымды Мейірімдi

2. Қандай аянышты жағдайлар болды?

Батып кетуі Суға түсуі

Күшіктің қыңсылы Тас атуы

3. Қайырымдылық деген не?

Қайырымды іс Көмек беру



Қайырымдылық

Құтқару Жақсылық жасау

Ойын. «Сөз ойла, тез тап».

Мұнда әр топқа жеке-жеке суреттер беріледі. Сол сурет бойынша нақты, тартымды шағын әңгіме құруы тиіс. Үш топқа берілген суреттер дерлік қайырымдылық жайында беріледі. Топпен ойласа отырып, тез жауап беруі тиіс.

Сергіту сәті. Интербелсенді тақтаны пайдалана отырып, ән ырғағымен орындаймыз.

Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн, көңілді күн2

Сені қуанышыңмен құттықтаймын,

Бақытты бол жан досым.

Топтық тапсырма(суретпен жұмыс)

Бұл тапсырмада өткен сабақты қорытындылау мақсатында болады. Әр топқа бір суреттен беріледі. Ол суреттер үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, қайырымды іс жасау жайында болады. Сол суреттер бойынша өте тартымды, шағын әңгіме айтуы керек. Осылай тапсырма орындалып, бағаланады.

Жаңа сабақ. Ә.Қоңыратбаев. Киіктің айласы.

Балалар қайырымдылық, мейірімділік жайында қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

І топ. Мейірімділік – жүректен,

Мейірімсіздік – білектен.

ІІ топ. Жақсылық жүрген жерде

Тапшылық болмайды.

ІІІ топ. Жақсылық ағаш басында

Жамандық аяқ астында.

- Өте жақсы. Біз қандай тарауды оқып жатырмыз?

- Табиғат менің өз үйім.

Табиғатты қорғау дегеніміз не?

Кіріспе әңгіме. Ә.Қоңыратбаев суреті тақтадан көрініп тұрады. Ол 1905 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. Балалар үйінде тәрбиеленген. Ол жазушы, ғалым, ұстаз болған. Ол өз елінің табиғатын, тауларын, құстарын, жануарларын шексіз сүйген. Оларды сүйіп, қорғай білуге арналған «Сұр көжек», «Киіктің айласы», «Балуан» т.б. әңгімелері бар. Ә.Қоңыратбаев 1986 жылы 81 жасында қайтыс болды.

Ал балалар, бүгінгі жаңа сабағымыз «Киіктің айласы» тақырыбына келейік. Киік суреті тұрады. Киік – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, күйіс қайыратын түз жануары. Олардың басты жауы – қасқыр. Ал, жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар шабуыл жасайды. Оның мүйізінен дәрі алынады. Киікті қазақ халқы киелі жануар деп есептейді. Суға төзімді келеді. Киіктің лағын құралай деп атайды. 2006 жылы «Қызыл кітапқа» енген. Жаңа сабақты 3 топқа бөліп, оқытып, түсініктер сұралды. Әр топ бір-біріне төмендегі сұрақтарды берді.

І топ:


1. Киік туралы не білеміз?

2. Киіктің қаруы не?

3. Киіктер қайда келді?

ІІ топ:


1. Аш қасқырлар не істеп отыр еді?

2. Теке қандай айла жасады?

3. Аш бөрілерге не болды?

ІІІ топ:


1. Киік шын мәнінде ақсақ па еді?

2. Киіктің қандай пайдасы бар?

3. Қызыл кітапқа не үшін енгізілді?

Тақтадан әңгіме барысында суреттер көрсетіледі. Сол бойынша жаңа сабақты түсіндіремін.

Сөздікпен жұмыс.

Таяқ сілтем жер – жақын

Діңкесі құрыған – шаршаған, қалжыраған.

Дәптермен жұмыс.

Жаңа сабақты топтар бойынша оқытып, мазмұнын сұраймын.

Топтық тапсырма.

«Дөңгелек үстел» әдісі.

І топ: Киік туралы не білеміз? Мұнда оқушылар киік туралы өз білгенін жазады. Мысалы: Киік киелі жануар т.б.

ІІ топ: Тірек сөздермен жұмыс.

Тірек сөздер: киік, айла, қасқыр. Осы сөздерді қатыстыра отырып, балалар тобымен шағын әңгіме құрастырады.

ІІІ топ: «Венн» диаграммасын жасау.

Киік Қасқыр

«Ақсақ киік» күйін тыңдаттым. Осы күйді тыңдаған кезде қандай әсер алғандарын сұрадым.

Бағалау.


Оқушыларды жалпы жинаған ұпай саны арқылы бағаладым. Жеңіске жеткен топты мадақтау. Ұпай саны ең жоғары топ табиғат жайлы өлең оқиды.

Алтайдың ең үстінде Ақтау биік,

Бойына бұлт жете алмай тартқан күйік.

Аңдары бұғы, марал ойын салып,

Секірген қиясына өршіл киік.

Үйге тапсырма.



Мәтінді оқу, әрі өз сөздерімен әңгімелеп беруге жаттықтыру. Киік суретін салу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет