Сабақтың тақырыбы: Әріпті өрнек Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларға әріпті өрнек туралы түсінік



бет2/2
Дата13.02.2017
өлшемі2,88 Mb.
#9045
түріСабақ
1   2

Ереже: 1) Сандар мен амал таңбаларынан құралған өрнектерді санды өрнек дейміз. Мысалы: 5+2,7·1,8:4,6-3 – санды өрнектер.

2) Математикада белгісіз санның орнына әріп жазады, сондықтан белгісін а әрпімен алмастыруға болады, яғни а+4, 4-а, а ·2,4:а. Мұндай құрамында әрпі бар өрнекті әріпті өрнек деп атаймыз.

Тірек сызба арқылы түсіндіріледі.

Балалар біз кірпіге көмек беруімізге тура келіп тұр. Кірпінің себетіндегі жемістері шашылып, төгіліп қалыпты. Соны жинасып берейік...

1-тапсырма. Әріпті өрнектердің мәндерін тап (ауызша).


40 · а + 78, мұндағы а =8;

360-180:y, мұндағы y=2;

45+50 · m, мұндағы m=3;

50·n-150, мұндағы n=10;

7·(250:x-40), мұндағы x=5.


2-тапсырма. Интерактивті тақтада орындаймыз.

а

3

4

6

8

24:а-3

24:3-3=5

24:4-3=3

24:6-3=1

24:8-3=0

3-тапсырма. Салыстыр. Дәптермен жұмыс. Өзін-өзі бағалау. Өздері орындайды. Тек жауабын көрсетіп өздеріне тексертемін.

300м >20м·10 32дм·2<7м 80ц:10>500кг 30күн·10<1жыл



4-тапсырма. Күрделі теңдеуді шеш. Тақтамен жұмыс.

35-х=5·6 x-18=100:10 24-x=5·4

35-x=30 x-18=10 24-x=20

x=35-30 x=18+100 x=24-20

x=5 x=28 x=4

35-5=5*6 28-18=100:10 24-4=5*4

5-тапсырма. Еліміздегі ең ұзын өзеннің атын тап. Ауызша, тақтада орындаймыз.

6-тапсырма. Компьютердің көмегімен орындаймыз. «Орнына қой»



Семантикалық парақша.



а 5·а

10

20

25

15

5

5







+







4




+










3










+




2

+













1













+

Сергіту сәті. Көк аспанға қараймын,

Ұшқан құсты санаймын.

Үшбұрыш боп тырналар

Көк жүзінде сырғанар.

7-тапсырма. Ауызша орындаймыз. Сабақта әртүрлі 28 аттракцион бар. Олардың төрттен бірі ашық аспан астында орналасқан. Неше аттракцион төбесі жабық орында орналасқан?


  1. 28:4=7 2) 28 – (28:4) = 21

28-7=21

9-тапсырма. 2·х+2·5 өрнегінің мәнін тап,

мұндағы 5 ·х=15

2·3+2·5 5·х=15

х=15:5

х=3


Ойын сұрақ-жауап арқылы ойнайды.

Математикалық диктант.

Үйге тапсырма.8,10-тапсырмалар.Ереже жаттау.

Сабақты пысықтау. Сөзжұмбақ шешу.


Сабақты қорыту

Кірпімен қоштасу

Бағалау. Білімдеріне қарай бағаланады.

Оқушылардың сабақ үстінде жинаған фишкалармен бағаланады.
Қоштасу.

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын,

Ауамыз таза болсын

Келесі мөлдір болсын

Келесі кездескенше



Күн нұрлы болсын!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет