Сабақтың тақырыбы: Ерлан Жүніс «Менің атым Тәуелсіздік» өлеңі Бөлім атауы: «Тәуелсіздік -қасиет тұнған ұлы ұғым»



бет1/3
Дата08.04.2024
өлшемі246,62 Kb.
#200572
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
2-сабақ. Менің атым - Тәуелсіздік


Сабақтың тақырыбы:
Ерлан Жүніс «Менің атым - Тәуелсіздік» өлеңі
Бөлім атауы:
«Тәуелсіздік -қасиет тұнған ұлы ұғым»
Оқу мақсаты:
Т/Ж3 Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;
А/И2 Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау
Сабақ мақсаты:
Ерлан Жүністің өлеңіндегі кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды;
Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтайды.
Бағалау критерийі:
Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды. Шығармадағы автор бейнесін анықтайды.
Жанр деген не?
Әдебиеттің тектері нешеге бөлінеді?
Лирикалық образ деген не?
Еске түсіру бұрышы
Әдебиеттің тегі
Эпикалық образ
Лирикалық образ
Драмалық образ
Сыршыл, өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі.
Ерлан Жүністің «Менің атым – Тәуелсіздік» өлеңіндегі алты жасар кейіпкер бейнесі лирикалық образға жатады. Өлеңде ақын өз атынан сөйлейді. Ақын өлеңді өз атынан айтқанда, лирикалық кейіпкердің бейнесі жасалады, сондықтан ақынның өз бейнесі жинақталған лирикалық кейіпкердің бейнесі болып шығады.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы түрткі сұрақтар.
1. «Менің атым-Тәуелсіздік» өлеңінің авторы кім?
  • Өлеңнің негізгі мазмұны қандай?
  • «Менің атым-Тәуелсіздік» өлеңі Қазақстан Республикасының қай кезеңдердегі тарихын қамтиды?
  • Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет пе?
  • ҚР қай жылы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?
  • ҚР-ның тұңғыш президенті кім?
  • Елімізде тұңғыш президент күнін қай күні атап өтеді?

  • Дескриптор: 
    -сұрақтарға жауап берді.

Өзіңді тексер!
1.Е.Жүніс
2. Өлеңде автор алты жасында қоғамда болған өзгерістерді жырлай отырып, халықтың басынан өткендерін саралайды. Еліміздің тәуелсіздікке оңайлықпен қол жетпегендігі жайлы сөз етеді.
3. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізгендегі кезеңі.
4. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет.
5. ҚР 1991 жылы тәуелсіз мемелекет болып жарияланды.
  • ҚР-ның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев.
  • Елімізде тұңғыш президент күні – 1 желтоқсан.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет