Сабақтың тақырыбы: Есімшенің жұрнақтары. Атақты күйшілер. 7-сынып
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға есімшелердің әрі есім, әрі етістік сөздердің орнына жұмсалатынын естеріне түсірте отырып, олардың түрленуіне байланысты сөйлемдегі атқаратын қызметін мысалдар арқылы меңгерту. Қазақ халқының күй өнерімен, атақты күйшілерімен таныстыру.
Дамытушылық: Есімшелердің сөйлемдегі қызметін мысалдар арқылы оқушылардың өз ойларын дәлелдету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ізденімпаздыққа баулу. Тірек сызба рақылы лексикалық тақырыпты әңгімелеуге үйрету, сөздік қорларын молайту, сөйлесім дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қазақ халқының ұлттық музыкасына деген сүйіспеншілік, қызығушылық сезімдерін ояту. Күй өнерінің құдіреті арқылы жақсылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Оқыту, сөйлесу, жаттығу, ойқозғау, рефлексия, сұрақ-жауап,
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгертудегі жарыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Күйшілер портреттері, күйтабақ, домбыра, күй жинақтар, слайд
Жаңа сабақ:
Мұғалім: - Сәлеметсіздерме оқушылар. (Ойқозғау) –Қазақ халқы – қандай халық?
Оқушылар: Қазақ халқы – шешен, қонақжай, тілге жүйрік, өнерпаз, бауырмал, әнге, өнерге бай халық.
- Ал өнердің қандай түрлерін білесіңдер?
- Кино өнері, театр және балет өнері, сөз өнері, би өнері, саз өнері.....
- Иә, қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Сол ұлттық музыканың қымбат қазынаға айналған бір шыңы – домбыра күйлері, күй өнері. Күй дегеніміз не? Күйді кім шығарған? Күйді қалай шығарған? Күйде не туралы айтылады? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Ол үшін біз бүгінгі тақырыбымызға байланысты жаңа сөздермен танысайық.
Сөздік жұмыс: Жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастыру.
Күйші – испольнитель кюя на домбре
Туынды – произведение
Сезім – чувство
Құбылыс – явление
Көңіл-күй – настрой души
Ауыздан-ауызға – устно
Шебер – мастер
Ұқтыру – разъяснять
Жетілдіру – совершенствовать
Жеткіз – донеси
Ұсыну – вручить
Өсиет сөз – слова завета
Өсиет қалдыру – оставлять завещание
Ғажаптығы – удивительность
Сайыс - состязание
1- тапсырма
- Күй деген не?
- Күй - көне музыкалық шығарма, өнер туындысы. Күй – сезім туындысы.
- Күйде не туралы айтылады?
- Күйде қазақ халқының тұрмысы, өмір-тіршілігі, көңіл-күйі, арманы туралы айтылады.
Күйде жер-су аттары, жануарлар, құстар, табиғат құбылыстары суреттеледі.
- Күйлер осы заманға дейін қалай сақталған?
- Олар ауыздан ауызға көшіп, біздің заманымызға жеткен.
- Күйдің өзіндік ерекшелігі неде?
- Күйдің ғажаптығы - өмірдің маңызы мен мәнін ұқтырады, ойға жетелейді, жақсылыққа,
ізгіліккке тәрбиелейді.
- Күйдің құдыреті неде?
- Күйді тыңдап, күйді түсінген адам жамандыққа бара алмайды.
- Күй орындалу ерекшелігіне қарай неше түрге бөлінеді?
- Күй шертпе күй, төкпе күй болып екіге бөлінеді.
- Күйді шығарған кімдер?
- Күйді шығарған күйшілер.
- Қандай күйшілерді білесің?
- Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Қазанғап тағы басқа күй өнерінің шеберлері көп
болған.
- Иә, күй өнерінің шеберлерін атайтын болсақ, ХІХ ғасырдың басында Боғда, Махамбет, Есжан, Ақбикеш, Тәттімбет, Дәулеткерей, Құрманғазы, Абыл, Қожеке, Тоқа, Түркеш, қыздарбек, Сембек, Әбікен, Есбай, Бейсембі, Ықылас, Есір, Қазанғап, Дайрабай, Дина, Аққыз, Алтынай, Ұлболсын, Сейтек, Сүгір, Өскенбай, Тіленді, Дайрабай, Өскенбай, Жантөре, Арынғазы, Көнек, Әкібас күйшілер өмір сүрген. Біз олар туралы не білеміз? Ол үшін біз берілген мәтінді түсініп оқимыз. (слайд күйшілердің суреті)
Достарыңызбен бөлісу: |