Сабақтың тақырыбы: Есте сақтау, ойлау және зейінді дамытатын ойындар Сабақтың мақсаты



Дата21.01.2022
өлшемі19,28 Kb.
#112697
түріСабақ
Байланысты:
Есте сақтау ойлау және зейінді дамытатын ойындар



Күні: 27.03.2021 жыл

Сабақтың тақырыбы: Есте сақтау, ойлау және зейінді дамытатын ойындар

Сабақтың мақсаты:балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, икемділікті арттыруға, өзінің іс - әрекетін бағалай, құрметтей және өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау.

Міндеттері:

Ойын кезінде баланың психология лық ерекшелігі мынадан көрінеді:



  1. Оларойланады.

  2. Эмоциялықәсеріұшқындайды, белсенділігіартады, қиялелестерідамиды, баланыңшығырмашылыққабілеті мен дарыныұшталады.

  3. Ерікқасиетінбекітеді, адамгершіліксапаныжетілдіреді.

Әдіс-тәсілдері:  Әңгімелесу, суретпен жұмыс, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.ойын — жаттығуы, сергіту  сәті,  қорытындылау.

Көрнекілігі : слайд
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушымен  көңілді  сәлемдесу,бүгінгі  күнге  сәттілік  тілеу,сұрақ  қою  арқылы   әңгімеге тарту. Сабақ  тақырыбымен  таныстыру. Сабақ  барысындағы  эмоциялық ахуалына  назар  аудару.



Сәлемдесу.

Арайланып таң атты, 


Алтын  сәуле  таратты. 

Жарқырайды  күніміз, 


Жарқырайды даламыз. 
Қайырлы  күн  балалар! 
Қайырлы күн  қонақтар!
Сәлеметсіңдер ме балалар!   Мен  сендердің бүгінгі  көңіл-күйлеріңнің көтеріңкі  екендігіне  сенімдімін және сендердің әр күндеріңе сәттілік  тілеймін. Сондықтан  сабағымызды  қызықты  етіп  өтуімізге  толық  мүмкіндік  бар.   

«Менің сүйікті жемісім» жаттығуы

Мен... Менің сүйікті жемісім ..

Мақсаты: Оқушының ойлауы, қиялын өз-өзіне деген сенімділігін арттыру Өткізілу әдісі: Оқушылар өз есімдерін және сүйікті жемістерін атайды.

"Сұрақ- жауап"ойыны Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді.

Сұрақтар.

1. Қазір қай жыл мезгілі?


2. Қазір қай ай?
3. Бүгін қай күн?
4. Қайсы сан үлкен 7 немесе 9?
5.Алма, алмұрт, қызанақ жүзім қайсысы артық ?

«Азық-түлік дүкенінде бар заттарды атап шық»

Мақсаты:Баланың зейінін дамыту.

Өткізу әдісі:Оқушыларға сурет беріледі, сурет ішінен азық-түлік дүкенінде бар заттарды атап шығуы тиіс.

«Кім байқағыш» жаттығуы

Мақсаты: баланың есте сақтауын және белсенді зейінді қалыптастыру.

Өткізу әдісі: Алдарыңыздағы суретке мұқият, зейіндеріңізді салып қараңыздарАл енді мұқият болыңыздар? Суреттерррдің түстерін, қимылдарын есте сақтаңыздар. Қарап есте сақтауға 15 сек уақыт беремін. Қазір осы суреттерге қатысты бірнеше сұрақтар қоятын боламын.

1. Қанша сурет көрсетілді?

2.Ұшақтың түсі қандай?

3.Ұяда қанша балапан бар?

4.Трактордың түсі қандай?

5.Қандай суреттер қозғалып тұрды?

6.Қанша саңырауқұлақ болды?
«Ойлан да аяқта»

Мақсаты: баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру.
- лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)
-  Ат шабады, ал қарлығаш... (ұшады)
- екі, бірден көп, ал бір...
-пышақ та, әйнек те...(өткір)
«Қателеспе» ойыны

Мен бірнеше дыбыс, буын, сөз айтамын. Ал сен «С» дыбысын естісең қол көтер.

А, у, с, қ, ш, з, с, ч, ц, с, щ

Аш, ас, шу, чу, су, ас, аз.

Қаз, қас, тас, қазық, қасық,

Шана, сана, сона, шара 


Сабақты бекіту 

Ал, балалар бүгінгі сабағымыз аяқталды. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Қандай тапсырмалар орындадық? Тапсырмаларды орындау қиын болды ма?

Қорытындылау. Балалардың жауаптарын тыңдап, мақтап-мадақтап, түзету әрекетін аяқтау.

 

 



 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет