Сабақтың тақырыбы: ет кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері


-тест Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі



бет4/7
Дата12.03.2017
өлшемі1,22 Mb.
#11563
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

2-тест

Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі

  1. Компьютердің кеңарнасы дегеніміз?

А) сыртқы құрылғы б) жадтау құрылғысы с) компьютердің негізгі бөліктерін жалғастыратын сымдар;

2. Қандай құрылғылар сыртқыға жатады?

а) микропроцессор б) плоттер с) басқару құрылғысы д) пернетақта

3. Қандай құрылғылар қосымша деп аталады?

а) математикалық процессор б) принтер с) арифметикалық-логикалық құрылғы д) жадқа тікелей шығу контроллері

4. Мультимедиа құрал-жабдықтарының функциялық қызметтеріне нелер жатады?

а) арифметикалық операцияларды орындау, б) сөздерді тану с) ақпарат сақтау д) компьютердің барлық құрауыштарының жұмысын реттеу ;

5. Жүйелік шина функцияларына не жатады?

а) деректерді оқу б) үш бағыт бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етуді; с) ақпарат сақтау; д) файлдарды жазу.

6. Стримердің міндеті.

а) сыртқы құрылғыларды компьютер кенарнасына қосу;

б) берілген программа бойынша компьютер жұмысын басқару

в) сирек пайдаланылатын ақпаратты тұрақты сақтау

7. Жедел жадтау құрылғысы, бұл- ішкі жад, онда

а) компьютер желіден ағытылғанда да ақпарат сақталады,

б) нақтылы міндеттерді шешуге арналған программалар сақталады

с) уақыттың осы мезетінде орындалатын программа және ол тікелей жұмыс істейтін деректер сақталады.

8. Кеш жады:

а) уақыттың берілген мезетінде программа өңдеу жады;

б) шағын көлемді жедел жад, онда жедел жадтың ең жиі пайдаланылатын бөліктері сақталады;

с) операциялық жүйе программаларын сақтауға арналған жад.

9. Сыртқы құрылғылар қандай қызмет атқарады?

а) ақпарат сақтау және өңдеу

б) компьютердің пайдаланушымен, басқару обьектілерімен және басқа ЭЕМ –дермен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету

с) берілген программа бойынша ЭЕМ жұмысын басқару, компьютердің барлық құрауыштарының жұмысын реттеу.

10. Келесі құрылғылардан енгізу құрылғысын көрсетіңдер?

а) телефакс б) сәулелік қалам в) плоттер г) қатқыл магниттік дискіде тасымалдаушы д) пернетақта е) сканер

11. Процессор ақпаратты қандай түрде өңдейді?

а) ондық санау жүйесінде б) мәтіндік түрде в) екілік кодта

12. Компьютер құрамына мультимедиа құрал-жабдықтарымен бірге міндетті түрде мыналар енеді:

а) модем б) CD-ROM үшін дискжетек және дыбыстық плата с) диджитайзер мен плоттер

13. Адаптер:

а) компьютерге сыртқы құрылғыларды қосуға арналған программалық құрал-жабдық

в) арнайы құрылғы, ол арқылы сыртқы құрылғы ақпараттық кеңарнаға қосылады.

с) сегіз, он алты немесе отыз екі сымнан тұратын жиынтық.

14. Компьютер жұмысының өнімділігі (операцияларды орындау шапшандығы) неге байланысты?

а) жадтаушы құрылғылардың сыйымдылығы мен тезәрекеттігіне;

в) қоректендіру кернеуіне;

с) сыртық жад сыйымдылығына

д) пернелерді басу шапшаңдығына ;

е) проецссордың тактілік жиілігіне;

15. Компьютерді желіден ағытқанда қай жеріндегі бүкіл ақпарат өшіріледі?

а) магнитоптикалық дискіде;

б) магниттік тоспаларда;

с) CD-ROM –да;

д) жедел жадта

16. Микропроцессордың міндеті:

а) сыртқы құрылғыларды ақпараттық кеңарнаға қосу;

б) ЭЕМ-нің барлық блоктары жұмысын басқару;

с) жоғары деңгейдегі программалық тілдерінде жазылған программаны машиналық кодқа аудару;

д) ақпаратпен арифметикалық және логикалық операциялар орындау.




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

С

В,Д

А,Д

В,С

А,В

С

С

В

В

В,Е,

С

В

В

Е

Д

В

Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма: Дербес компьютерлер, компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі. Операциялық жүйе, компьютерлік ақпаратты қорғау тақырыптарына шолу (Қайталау).

VI. Оқушыларды бағалау.
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________200 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың Компьютерлік ақпаратты қорғау тақырыптары бойынша

алған білімін бекіту, тиянақтау;



2. Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Білім бекіту практикалық.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, карточкалар, практикум.

Сабақтың өту барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Практикум: 6.17, 6.18, 6.19 тапсырмалар.

III. Сабақты бекіту.

IV. Үйге тапсырма беру.

Оқулық: Дербес компьютерлер, компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі, операциялық жүйе, компьютерлік ақпаратты қорғау тақырыптарына шолу (қайталау)

V. Оқушыларды бағалау.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________200 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: 8 – бөлім. Мәтіндік ақпаратты өңдеу. 8.1- тақырып. Мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар. 8.2- тақырып. Мәтін түрлері. 8.3- тақырып. Мәтіндердің құрылымдық элементтері. 8.4- тақырып. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың мәтіндік ақпаратты өңдеу, мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар, мәтін түрлері, мәтіндердің құрылымдық элементтері. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру;

2. Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

3. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, прктикум,

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:


  1. Компьютерде дыбыс қалай ұсынылуы мүмкін?

  2. Компьютерлік мәтіндік және графикалық ақпарат қалай ұсынылады?

  3. Графикалық ақпараттың қандай түрлері бар?

  4. Пиксель деген не?

  5. Растрлық графиканың артықшылығы мен кемшіліктерін атаңдар

  6. Векторлық графиканың артықшылығы мен кемшіліктерін атаңдар

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мәтінді компьютерде өңдеудің негізгі құндылығы- ақпаратты өзгерту, көбейту және көшірудің жеңілдігі. Мәтін – компьютерлік алфавит символдарының қандай да болсын тізбегі. Компьютерлік алфавитте 256 символ бар. Мәтіндік редакторды пайдаланып жасалған, ішінде алфавиттік- сандық символдардан басқа, графиктік объектілер мен мәтінді пішімдеу туралы басқарушы ақпараты бар файлды мәтіндік құжат деп атайды.

Мәтіндік редактор- магниттік дискіде мәтіндік құжат құруға оны өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге, басып шығаруға және т.б қолданылатын қолданбалы прграмма.

Гипермәтін – бұл басқа мәтіндермен графикалық, бейнелік, дыбыстық ақпаратпен мағыналық байланысын қамтитын мәтін.

Кәдімгі мәтін – кітап, мақала, техникалық құжат, хат, бұйрық, есеп, т.б. Маңызды обьектілер: символ, сөз жол, абзац, бет.

Символға әріптер, сандар, арнайы символдар жатады. Символдардың үш түрлі параметрлері: асты сызылған, қарайтылған, таңдалған қарпімен.

Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар практикум (8.1, 8.2 тапсырмалар).

IV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Мәтінді компьютерде өңдеудің артықшылығы неде?

2. Мәтін дегеніміз не?

3. Мәтіндік құжат деген не?

4. Мәтіннің қандай түрлерін білесіңдер?

Үйге тапсырма беру: 8 – бөлім. Мәтіндік ақпаратты өңдеу. 8.1- тақырып. Мәтіндік құжаттар мен мәтіндік редакторлар. 8.2- тақырып. Мәтін түрлері. 8.3- тақырып. Мәтіндердің құрылымдық элементтері. 8.4- тақырып. Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технологиясы.

VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________200 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8«А», 8«Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: 9-бөлім. WORD мәтіндік процессоры. 9.1-тақырып. Негізгі түсініктер мен әрекеттер. MICROSOFT WORD-ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру. Емлесін тексеру.

9.2-тақырып. Мәтіндік құжатты пішімдеу. Пішімдеу мәні. Пішімдеу режимдері.



Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: WORD мәтіндік процессоры, негізгі түсініктер мен әрекеттер, MICROSOFT WORD-ты іске қосу,мәтіндік құжат құру,емлесін тексеру,мәтіндік құжатты пішімдеу,пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері туралы білімдерін қалыптастыпу;

2.Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

3.Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту,пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау,баяндау арқылы түсіндіру.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, компьютер,оқулық,практикум.

Сабақтың өту барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

: (Практикум жұмыстарын талқылау)



Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Мәтінді компьютерде өңдеудің артықшылығы неде ?

  2. Мәтін дегеніміз не ?

  3. Мәтіндік құжат деген не ?

  4. Мәтіннің қандай түрлерін білесіндер ?

  5. Мәтіннің әр түрлі мысалдарын келтіріңдер?

  6. Гипермәтін деген не?

  7. Кәдімгі мәтін қандай объектілерден тұрады?

  8. Абзац деген не?

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру .

9-бөлім. Мәтіндік процессоры. 9.1-тақырып. Негізгі түсініктер мен әрекеттер. Microsoft Word –ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру.
Microsoft Word-ты іске ұосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындау қажет.

Пуск – Программы – Microsoft Word

Жаңа құжат құру - Файл-Создать.

Бұрыннан бар құжатты ашу : Файл- Открыть;

Құжатты сақтау -Файл-Сохранить немесе Файл- Сохранить как командаларын орындау қажет.

Меңзердің сол жағындағы мәтінді өшіру үшін Backspace батырмасын қолданады. Delete батырмасын қолданғанда меңзердің оң жағында орналасқан мәтін өшіріледі. Мәтіндік редокторларда мәтіннің бүтін блоктарын да өшіруге болады. Ол үшін алдымен жоюға тиіс блокты белгілеу керек. Маусттың батырмасын блоктың басында шертіңдер де оны жібермей нұсқағышты блоктың аяғына жылжытыңдар. Немесе Shift батырмасын басулы қалпында ұстап меңзерді басқару батырмасында шертіңдер. Мвәтінді белгілегеннен кейін Delete пернесін басыңдар.

Word құжаты бетімен орын ауыстыруды басқару үшін арнайы пернелер комбинациялары қолданылады. Кестеде құжат бетімен орын ауыстыруды жылдамдату үшін қолданылатын пернелер комбинациясы көрсетілген.

Сонымен қатар құжат бойынша орын ауыстыру үшін сырғытпаны немесе айналдыру жолақтарын қолдануға болады.

Егер айналдыру жолағындағы сырғытпада шертіп оны босатпай жылжытса онда мәтін белгілі бір ара-қашықтықта дейін жылжиды.

Айналдыру жолағының қарайған жеріне шерту арқылы беттер бойынша парақтауға болады.

Word-та құжат көру режимінің бес түрінің бірінде құжатты өндеуге болады. Оларға кәдімгі, электрондық құжат, құрылым, шен салу парағы және бас құжат режимдері жатады. Режимдерді Вид менюі арқылы көруге болады.

Құжат көру режимдерін қосу үшін терезесінің сол жақ бұрышындағы пернелердің біріне шертуге болады. Сол жақ шеттегі перне-Кәдімгі режим, келесі-Электрондық құжат режимі, одан кейінгісі Шен салу парағы режимі шетінде орналасқаны құрылымдылық режимі. Бас құжат режимі Вид менюі арқылы қосылады.

Кәдімгі режим мәтінді енгізу және өңдеу үшін қолданылады. Бұл Word-тың алғашқы келісім бойынша орнатылған режимінде құжаттың жеңілдетілген версиясы ұсынылады. Дегенменен, бұл режимде құжаттың соңғы көрінісін көру, яғни парақтың жолақтары объектілердің бағаналары мен қадамдары көрінбейді, бет үзілімі сызықтар түрінде көрінеді, ал, графикалық объектілер тіптен көрінбейді. Егер сендер құжат көру режимінің басқа режимдеріне ауысатын болсаңдар , онда сендер әрқашанда сол жақ бұрыштағы Обычный пернесін шерту арқылы кәдімге режимге орала аласыңдар. Электаондық құжат режимі экраннан құжатты оқуға ыңғайлы болып табылады және құжат бойымен бәрәнші орыннан екінші орынға оңай ауысуға болады. Бұл режимге Электронный документ пернесін шерту немесе Вид Электронный документ командасы таңдау арқылы қосылуға болады.

Құжат құрылымын өзгерту үшін Құрылымдылық режимі қолданылады. Бұл режимде мәтін иерархиялық түрде бейнеледі, құжаттың тек қана негізгі тақырыптары және толық түрде қарастыруға болады. Сонымен қатар , құжат бөлімдерінің орналасу тәртібін өзгертуге және блоктарын айтарлықтай ара-қашықтыққа ауыстыруға болады. Бұл режимге қосылу үшін Вид Структура командасын орындаңдар.

IV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?

2. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар?

3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар?

4. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?

5. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар?

V. Үйге тапсырма беру. 9-бөлім. WORD мәтіндік процессоры. 9.1-тақырып. Негізгі түсініктер мен әрекеттер. MICROSOFT WORD-ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру. Емлесін тексеру.

9.2-тақырып. Мәтіндік құжатты пішімдеу. Пішімдеу мәні. Пішімдеу режимдері. (Мазмұндау).



VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________200 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: 9.3-тақырып. Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. 9.4-тақырып. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру кестелерді жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.

Сабаққа қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау )

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?

2. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар?

3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар?

4. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?

5. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар?



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

9.3-тақырып. Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу.

Мәтіндік блокты көшіру үшін, ең алдымен оны белгілеңдер, содан кейін пернесін басып тұрып, белгіленген блокты шертіңдер де, оның орнын ауыстырыңдар. Көшіру кезінде ішінде «плюс»

Белгісі бар кішкене тікбұрыш пайда болуы тиіс.

Ақпаратты көшіру және орнын ауыстыру кезінде алмасу буферін пайдалануға болады.

Правка –Копировать командасы арқылы буферге көшіргеннен кейін Правка –Вставить командасы арқылы буферден қою керек.

Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу.

Үлкен көлемді құжатпен жұмыс жасау барысында құжат беттерін нөмірлеген ыңғайлы. Ол үшін Вставка –Номера страниц командасын таңдау қажет.



Құжаттарды басу

Құжатты баспаға жіберместен бұрын Файл – Предварительный просмотр командасын таңдаймыз. Файл – Печать командасын таңдаймыз .

Принтер бөлімінен қажетті принтерді таңдау қажет.

Копии бөлімінде Число копии өрісінде құжаттың қанша данасы қажет екенін тағайындау қажет.

Страницы бөлімінде құжаттың қай бөлігі баспаға берілетіндігі тағайындалады.

Ұяшықтарды қосу және біріктіру, өшіру.

Ұяшықтарды біріктіру үшін қажетті ұяшықтарды белгілеп, Таблица – Обьединить ячейки командасын таңдау қажет.

Ұяшықтарды бөлу үшін қажетті ұяшықты белгілеп, Таблица – разбить ячейки командасын таңдау қажет.

Ұяшықтарды қосу үшін : Таблица – Вставить ячейки командасын таңңдау қажет.

Қатар және баған қосу үшін Таблица – Вставить командасын таңдау қажет.

IV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Беттерді қандай жолдармен нөмірлеуге болады?

2. Құжаттарды басу үшін қандай амалдар орындау қажет?

3. Кесте деген не?

4. Кесте құру жолдарын ата?

5.Ұяшықтарды біріктіру, бөлу, қосу үшін қандай командаларды орындаймыз?

6. Кестені пішімдеудің жолдарын ата.

V. Үйге тапсырма беру.

VI. Оқушыларды бағалау.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________200 ж
Пән аты: Информатика

Класы: 8 «А», 8 «Б», 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: 6-тақырып WORD-тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік

құжатқа графикалық кескіндерді кірістіру, Фигуралық мәтін кірістіру.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: WORD-тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық

кескіндерді кірістіру, фигуралық мәтін кірістіру туралы білімдерін қалыптастыру:



Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген

қызығушылығын арттыру.



Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау баяндау арқылы

түсіндіру.



Сабаққа қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, практикум, тақта.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау )

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

1. Беттерді қандай жолдармен нөмірлеуге болады?

2. Құжаттарды басу үшін қандай амалдар орындау қажет?

3. Кесте деген не?

4. Кесте құру жолдарын ата?

5. Ұяшықтарды біріктіру, бөлу, қосу үшін қандай командаларды орындаймыз?

6. Кестені пішімдеудің жолдарын ата.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

WORD-тың графикалық мүмкіндіктері

Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін Вставка-Рисунок-Картинки... командасын орындау қажет.

А) суреттер...( ClipArt программасы обьектілерінен );

Б) файлдар...( файл түрінде сақталған обьектілер );

В) автофигуралар;

Д) сканерленген;

Е) диаграммалар (Excel электрондық кестесі арқылы тұрғызылған диаграммалар).

1. Вставка-Рисунок-Картинки... командасын таңдағанда Microsoft ClipGallery диалогтық терезесінде Картинки қосымшасынан және Рисунок категориясын таңдаңдар.

2. Суретті таңдағаннан кейін Вставить батырмасын шерту қажет. Суретті орналасуын тағайындау үшін Динамикалық менюден Формат рисунка – Положение командасын таңдау қажет.

Вид – Панель инструментов- Рисование командасы арқылы түрлі дайын геометриялық фигуралар мен түрлі графикалық әрекеттерді орындауға болады.

Түрлі автофигуралар мен WordArt коллекциясын пайдалануға болады.

Практикалық жұмыс №1 Сызба құру.

Президенттің жеке және кеңесуші аппараты

Сызбаның тақырыбые енгіз. Рисование панелін пайдаланып, тіктөртбұрыш сыз. Көшіру командасын немесе Ctrl пайдаланып қалған төртбұрыштарды көбейт. Төртбұрыштарды сызықтар арқылы қос. Әр төртбұрышқа мәтін енгіз.


Президент

Президенттің жеке аппараты


Жоспарлау

жөніндегі

Вице-президент

Заң жөніндегі көмекшісі

Ұзақ уақыт бойы жоспарлау жөніндегі басқармасы

Жүйелік аналитик

Экономика бойынша көмекші


Практикалық жұмыс №2

WordArt және ClipArt обьектілерін таңдау арқылы кесте құр.


Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: Практикум 9.37, 9.38 тапсырмалар.

IV. Сабақты бекіту.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Құжатқа дайын сурет қорын кірістіру үшін қандай амалдар орындаймыз?

  2. Рисование панелі арқылы қандай әрекеттер рындаймыз?

  3. Формат рисунка – Положение командасы қандай қызмет атқарады?


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет