Сабақтың тақырыбы: Етістік Сабақтың мақсаттары мен міндеттері: 1.Білімділік мақсаты: Оқушыларға заттың іс-қимылын білдіретін сөздер туралы қысқаша түсінік бере отырып, етістікпен таныстыру. Етістіктің дара және күрделі болатыны туралы түсінік беру. 2.Дамыту мақсаты: Оқушылардың оқу, түсініп оқу дағдыларын, көркем жазу дағдыларын дамыта түсу. Етістік туралы ұғымдарын, сөздік қорларын дамыту. 3.Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа баулу. Түрі : Жаңа сабақ Әдістері : Сұрақ – жауап, көрнекілік, түсіндіру. Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты суреттер Пәнаралық байланыс : Дүниетану, бейнелеу. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын тексеру. Психологиялық дайындық жүргізу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Өткен сабақты еске түсіру: - Қандай сөз таптарын білесіңдер? Олар туралы не айтасыңдар?
Өткен сабақты еске түсіру: - Қандай сөз таптарын білесіңдер? Олар туралы не айтасыңдар?
Жақсы , ендеше осы өткен сабақтарда алған білімдеріңнің қаншалықты мықты екенін білу мақсатымен мен сендерге сұрақтар дайындап келдім. Ендеше кірісейік.
Сөз таптарын ата. Зат есім деген не? Заттың қимылын білдіретін сөздерді ата. Заттың сыны, түрін білдіретін сөздер қай сөз табына жатады? Сан есім заттың несін білдіреді? Мысал келтір.
ЗАТ ЕСІМ
кім? не?
ЕТІСТІК
не істеді?
СӨЗ
ТАПТАРЫ
СЫН ЕСІМ
қандай? қай?
САН ЕСІМ
қанша? неше?
Жаңа сабақ : - Балалар, мына дөңгелекшелермен сендерді бағалаймын. Яғни, қызыл дөңгелекше -5, Көк -4, Жасыл -3 деген бағаны білдіреді.
Жаңа сабақ : - Балалар, мына дөңгелекшелермен сендерді бағалаймын. Яғни, қызыл дөңгелекше -5, Көк -4, Жасыл -3 деген бағаны білдіреді.
Кіріспе бөлім.
«Пресс-конференция» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: такта алдына үш орындыққа етістікті зерттеп жүрген «ғалымдар» отырады. Қалған оқушылар «журналистер» болады. «Журналистер» «ғалымдарға» төмендегі үлгіде сұрақтар кояды. - Етістік дегеніміз не?
Етістік нені білдіреді?
Етістіктің сұрақтарын атаңыз?
Дара және күрделі етістік туралы не айтасыз?
«Ғалымдар» мысалдар келтіре отырып жауап берулері тиіс. Мұғалім «жетекші ғалым» ретінде жауаптарды толықтырады.
Жазу кезінде
сөздегі әрбір
буынды іштей
қайталап айт
Сөздердің
айтылуы
мен жазылуын
салыстыр
Берілген
сөйлемді
оқы
Сөйлемдегі мағынасы
түсініксіз сөздердің
мәнін анықта
Қатесіз жазу
Негізгі бөлім . 1-жаттығуда етістіктерді теріп жазу керек. Алдымен мәтінді оқып, етістіктерді тауып алайық. Ереже талқыланады. 2-жаттығу. Жұмбақты оқыту, талдату, көшіріп жазып, етістіктерге сұрақ қою. Суреттермен жұмыс жасату. Берілген суреттерге қатысты іс-қимылды білдіретін сөздерді табу. 3- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, етістіктерді табу. Сұрақ қою.
Сергіту жаттығуын жасату. (Балақан)
Өздік жұмыс. 4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді тауып жаздыру. Бес жолды өлең. (Оқушылар бір сөзді таңдап, сонымен жеке жұмыс істейді)