Ұйымдастыру: сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру «Шаттық шеңбері».
Партаға екі түсті қағаздар қойылады оқушылар өздеріне ұнаған түстерін алу арқылы топқа бөлінеді. Әр түстің біреуінде құстың суреті болады. Топтар отырғаннан кейін сол құс туралы білетіндерін айтып береді. (аққу, қарлығаш). Бағалау парақшасын беру.
Жаңа сабақты меңгеру кезеңі: «Түрткі сұрақтар» әдісі арқылы етістік туралы алған білімдерін еске түсіріп алу:
1.Іс- әрекетті білдіретін сөз табын атаңдар.
2. Оның сұрақтары қандай?
3. Бірнеше мысалдар келтіріңдер.
Тақырыпты анықтауға және жаңа сабақты игеруіне «сынақтан өткізу» әдісі. Тақтада берілген сөйлемдерді оқып, етістіктерді табыңдар. Іс әрекеттің орындалуындағы ерекшеліктер қандай? Қимыл, әрекеттің орындалуындағы уақыт туралы не айтар едіңдер?
Постермен жұмыс.
Қимылдың өту кезеңі немен айқындалады? Ол не деп аталады? Етістіктің қандай шақтары бар? Олар қандай тұлғаларда келеді? Шақ сөзіне синонимдер жазыңдар
Формативті бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек».
Жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмалар: 103- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, тапсырма шарттарын жазбаша орындау.
Сергіту сәті.
104- жаттығу. Мәтінді оқыңдар. Осы шақ, өткен шақ, келер шақ етістіктерді теріп алып, әрқайсысын бөлек- бөлек жазыңдар.
Кейіпкер қандай бала? Үш сын есім жазыңдар.
Шығармашылық жұмыс: «Әңгімені аяқта» ойыны. «...Осы оқиғадан кейін біз бір-бірімізге тіптен жақын болып кеттік». «...Арада қанша жыл өтсе де Қожа осы оқиғаны ойынан шығара алмады».
«Ойлан да, ойыңа түй» берілген мақалдардың мағынасын ашу.
І топқа
1. Ерте оянған құс тойып алып,
Тұмсығын сүртеді.
Кеш оянған құс,
Көзінің былшығын сүртеді.
2.Көрегенді көгершін әке-шешесінен үш бұтақ төмен қонақтайды.
ІІ топқа
1.Аққу құсқа оқ тисе,
Қанатын суға тигізбес.
Ер жігітке оқ тисе,
Қиналғанын білдірмес.
2.Жапалақ мақтанса,
Жардан қоян алдым дер.
Жаман мақтанса,
Жақсының жағасын алдым дер.
Қорытындылау: Нені білдім?
Бағалау: кретериалды бағалау.
Рефлексия : сабақ туралы ойлар.
|
«Шаттық шеңберін» құрып, бүгінгі сабақта құрбыларына тілектер айту. Түстерін таңдап, білетін мәліметтерін айтады. Екі топ болып отырады.
Кезекпен сұрақтарға тез жауап береді.
Етістік. Не істеді? Не қылды? Қайтті?
Салғызды, қалмайды, құлпырар, жатыр.Іс- әрекеттің орындалуы әр түрлі уақытта болған. Салғызды деген салғызу қимылының сөйлеп тұрған сәттен бұрын болған. Қалмайды, құлпырар етістіктері қалмау, құлпыру қимылдарының әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіреді. Жатыр етістігі бұл қимылдың сөйлеп тұрған сәтте болып отырғанын білдіріп тұр.
Оқулықпен, постермен жұмыс істейді. Топтар постерді қорғайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек» жазып әр топтың партасына жабыстырады.
Етістіктерін теріп жазып, шақтарын анықтайды.
Музыкалық үзілісте «Аққу»биін тамашалау.
Оқып тапсырмаларды дәптерлеріне жазады.
Сын есімдер: мейірімді, сезімтал, батыл, қорқымсыз т.б.
Екі топ өздерінің әңгімесінің басын ойлап табады. Өзара бірін бірі жалғастырса да болады.
Өз түсініктерін айтады. Сөздік жұмыс:
Көрегенді- тәрбиелі,ақылды.
Жапалақ- шәпирәң.
Ауызша айтып береді.
Бағалау парақшаларындағы бағаларын топ басшысы айтып шығады. Мұғалім дұрыстығын бақылайды.
Сабақ туралы ойларын стиккерге жазып тақтаға іледі, немесе маған береді.
|