Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі



Дата27.12.2016
өлшемі57,74 Kb.
#6257
түріСабақ
Умбетова Лаура,

«Төрткөл» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ОҚО, Ордабасы ауданы Мектеп директоры: М.Омарбек

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты: Етістіктің сөйлемдегі қызметін түсіндіру. Күтілетін нәтиже: Тақырыпты таниды, етістікті біледі, етістіктің сөйлемдегі қызметін ажыратады. Дереккөздер: Электронды оқулық, деңгейлік тапсырмалар,үлестірмелі қима кеспелер. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер. "Ой қозғау", "Қар кесегі" ойыны, "Талдау" әдісі ", Жоғалған сөз" әдісі, кері байланыс.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

2 мин


5 мин

1.Оқушыларды қима қағаздарға жазылған өлең жолдарын құрастырып топқа бөлемін.


Қима қағаздағы өлең жолдарын құрастырып топқа бөлінді.

Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Өткен сабақтарды қалай меңгергенін білу үшін оқушыларға параққа сұрақтар жаздырып Қар кесегі ойынын пайдаланамын.



Оқушылар бірі-біріне лақтырып сұрақтарға жауап талап етеді. Критерий арқылы Өзін-өзі бағалау

Жаңа сабақ

3мин


Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіремін.

Етістік сұрақтарын еске түсіре отырып ой қозғау

Не істеді, қайтті, неғылды деген сұраққа жауап береді. Мысал келтіру арқылы сөйлемнен етістіктерді талдатамын.


Оқушылар жаңа сабақ бойынша жаңа ақпаратпен таныс болады.


Жаңа материалды қолдану

25

Сергіту сәті



2 мин

Қорытынды

2 мин

Бағалау 2 мин



Үйге тапсырма2 мин

Кері байланыс

2 мин


Жаңа сабақ.



  • Оқушылар, бүгінгі «Етістіктің сөйлемдегі қызметі» тақырыбы сабағымыз бірнеше тапсырмалардан тұрады.

І деңгей: «Біліміңді байқап көр».

1.Етістіктің құрамына,тұлғасына,мағынасына қарай қандай түрлері бар? Мысал келтір.

2.Есімше дегеніміз не, қалай жасалады? Мысал келтір.

3.Көсемше дегеніміз не, қандай түрлері бар, қалай жасалады?

4.Етіс дегеніміз не, қандай түрлері бар, қалай жасалады?

5.Етістіктің шақтары туралы не білесің? Мысал келтір.

6.Етістіктің райлары. Мысал келтір.

7.Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады? Мысал келтір.

ІІ деңгей: "Іздеп тап» ойыны

Оқушылар берілген мақал-мәтелдерден, сөйлемдерден, нақыл сөздерден етістіктерді тауып, мағынасын анықтауы керек.

Тілін білмеген түбін білмейді. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Отан отбасынан басталады.

Морфологиялық кешенді талдау.

Білмейді : етістік ; сұрағы : қайтеді ; дара ; болымсыз сабақты ; ауыспалы келер шақ ; ашық рай ; сөйлемдегі синтаксистік қызметі – баяндауыш.

1.Желоқсан құрбандарының есімі мәңгі жадымызда сақталады. 2. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

3. Өлең сөздің патшасы сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы.

4.Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.(Абай).

5.Еңбекті сүйгенді елі сүйеді.

6.Самғау әрбір жастың мұраты. 7.Жеңіл еңбекпен бақытты бола алмайсың. 8.Денсаулықты сақтау әркімнің өзінің қолында.

Қара жорға әні

ІІІ деңгей 2 бөлімнен тұрады.

1-бөлім.Шығармашылық жұмыс. Дарынды оқушылар суретке тақырып қойып, етістіктерді қатыстырып, 5 минут уақыт ішінде қысқаша әңгіме құрайды.

2 – бөлім. «Балық аулау» ойыны жүргізіледі.Суреттегі теңізде жүзіп жүрген балықтарды аулап, әрбір балықтарда жазылған сұрақтарға жауап беру керек.

1.Дара етістіктерді ата.

Жазып отыр, келді, жүгіріп келеді, жуылды, оқыды, айтып болған еді, тереді, сөйле.

2.Есімше етістіктерді ата. Айтқан, келді, келетін, сөйлер, бармайды, барған, оқитын еді, жазар.

3.Көсемшелі етістіктерді тап. Келіп отыр, айтты, жүргізді, жазғалы отыр, айтыпты, келеді, еритін, жапқалы,санай, алып барады.

4.Тыйым сөздерге мысал келтір, ол қандай етістіктер арқылы жасалады?

5.Туынды етістіктерді ата. Көркемде, ойна, ағар, көру, жарастыру, айтпа, шегеле.

6.Тұйық етістіктерді тап. Көру, кетеді, таластыру, жазады, жағады, сабау, кешу, келу.

IV деңгей. «Жоғалған сөз, шешімін тап».

Оқушыларға әдебиет пәнінен өтілген поэзиялық шығармалардан үзінді етістіктері түсіріліп оқылады. Сол етістіктерді айтып, өлеңін тақырыбы мен авторын және өлеңдердегі әдеби-көркемдегіш құралдарды табу қажет.

1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды.

Соқыр мылқау .. тірі жанды. (Абай. «Қыс». Кейіптеу).

2.Сендерге ... батамды. (Ыбырай. «Өнер-білім бар жұрттар»).

3.Сағымы сайран ...

Бораны ... (Мағжан. «Сүйемін»).

Сабақты бекіту.

1. Етістік деген не? 2.Қандай түрлері бар? 3.Етістіктің шақтары, райлары. 4.Етістіктің сөйлемдегі қызметі.

Бағалау. Критери арқылы бағалау, әр дұрыс тапсырмаға 1 балдан беріліп отырады. 10-12 бал аралығы 5, 7-9 4, 5-7 3.

Үйге тапсырма.

1. деңгей: 132-жаттығу. Етістіктерді түрлеріне ажырату.

ІІ деңгей: мақал-мәтел, өлең жолдарынан үзінді жазып, мағынасын ашу, етістікті табу.

ІІІ деңгей: "Көктем мерекесі" атты шығарма жазу.

Екі жұлдыз бір тілек


Оқушылар жеке-жеке сұрақтарға өз бетінше жауап береді

Топ ішінде отырып мақал мәтелдерден етістіктерді теріп жазып, мағынасын ажыратады.

Топ болып етістікке талдау жасады.

Сергіту сәті бойынша оқушылар қимыл іс әрекет жасады.

Оқушылар өз шығармаларын жазады, ат қояды, етістіктерге талдау жасайды.

Топ ішінде етістіктерді тауып талдау жасайды.

Үзіндінің етістіктерін қою арқылы өлеңдерден көркемдегіш құралдарды табады.

Оқушылар жеке жұмыс жасау арқылы сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар жинаған өз балдарын санайды.

Бағалары күнделіктеріне қойылады




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет