Күні: 10.12.2015ж
Сынып: 1 «Ә»
Мұғалім: Адешова Г.А.
Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ф дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру. Ф дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіру, басқа дыбыстардың айтылуымен салыстыру, дыбыстық талдау жасату.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, дұрыс оқуға, білімді болуға тәрбиелеу. Спортпен шұғылданып, денелерін шынықтыруға үйрету
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Ф әрпінің баспа, жазба түрі, сызбалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: а) Психологиялық дайындық
Қайырлы таң, Алтын күн,
Қайырлы таң, Жер ана.
Қайырлы таң, достарым,
Қуанышты күн болсын.
- Жарайсыңдар, балалар, көңіл - күйіміз жақсы болса, көңілді отырып сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Оқушылар өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- В дыбысы мен әрпі. В әрпі бар сөздерді үйшіктеріне орналастыру. Сөздің басында: вагон, велосипед, волейбол. Сөздің ортасында: аквариум, трамвай, автобус. Сөздің соңында: Киев, Ахметов, Беков.
- В дыбысы қандай дыбыс?(оқушылар жауабы)
-«Вокзал»мәтінін тізбектей оқыту.
-«Сиқырлы қорап» ойыны. Қораптағы сұрақтарға жауап беру.
1.Мәтін не туралы?
2.Вокзал дегеніміз не?
3.Қандай вокзал білесің?
4.Кімді вокзалдан күтіп алды?
-Автовокзал және теміржолвокзалдары туралы не айта аласыңдар? Салыстыру.
ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбысты таңбалап жазсақ не болады?
- Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
ІҮ. Жаңа сабақ
- Оқушылар жұмбақ шешкіміз келе ме?
Қыста дем алып, жазда тынбайды,
Көкке атылып, жерге құлайды. (фонтан)
Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа. (футболшы)
- Фонтан, футболшы сөздері қандай дыбыстан басталған?
- Ф дыбысынан
- Ендеше біз бүгінгі сабағымызда Ф дыбысымен және әрпімен танысамыз.
- Ф дыбысын хормен айтып көрейік. Қалай айтылып тұр?
Ф Бұл - дауыссыз дыбыс. Себебі созылмай және кедергімен айтылады.
Айтылуына қарай қатаң дауыссыз дыбыс. Орыс тілінен енген дыбыс.
Ф дыбысы бар сөздер айтып көрейік.
Тақтамен жұмыс. (Суретпен жұмыс жүргізу)
- Оқушылар тақтаға назар аударамыз.
Мынау Ф әрпінің баспа түрі. Оны оқулықтардан, газет, журналдардан көреміз.
Ал жазба түрін жазу жазғанда қолданамыз.
- Суретке назар аударайық. Кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Балаларды. Олар қандай ойын ойнап жүр?
- Футбол
- Футбол сөзін буынға бөлу. Фут - бол
- Неше буын бар?
- Ф дыбыс сөздің қай буынында айтылады?
- Футбол ойыны туралы не білесіңдер?
(оқушылардың жауаптарын тыңдау)
-Біздің қаламызда қандай футбол командасы бар? Кім бізде футболға қатысады.
Тақтадағы сөздерді оқып, мағынасын ашып түсіндіру.
Ферма - шаруашылық орталығы
Фирма - мекеме, жұмыс орындары
Фото - сурет
Факс - телефон арқылы жіберілетін хат
Телефон - сөйлесу құралы
Телеграф - телефон соғу орталығы.
Футбол - доппен ойнайтын ойын түрі
Әлфараби - адамның аты
Фото, телеграф, Әл-Фараби сөздеріне дыбыстық, буындық талдау жасау.
Ф дыбысы сөздердің қай жерінде келеді?
Басында, ортасында, аяғында келеді, демек барлық буындарда айтылады. Ф орыс тілінен енген әріп, сондықтанда қазақша сөздерде қолданылмайды.
Футбол өлеңін оқып беру.
Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар - ақ.
Бірақ жолдың бойында
Доп теппеңдер қуалап.
Сіздерге футбол ойыны ұнай ма?
- Оны қалай ойнаймыз?
- Екі топқа бөлініп
Футболды қай жерде ойнау керек?
- Арнайы футбол ойнайтын алаңда
- Допты көшеге жақын жерлерде ойнауға бола ма?
Сергіту сәті: Әуенмен қимылдар жасау.
Ү Оқулықпен жұмыс
Балалар бізде тағы да «Футбол» туралы мәтін бар. Соны оқып шығайық.
Футбол
Азамат, Ернар және Талғат көрші балалармен футбол ойнады. Азамат пен Ернар бір топта. Кішкентай Талғат ойынға қатыспады. Балалар ойынға қатты беріліп ойнады. Бір кезде Ернар байқамай допты өз қақпасына қарай теуіп жіберді. Доп қақпаға кіріп кетті.
-Мәтін не туралы?
-Кімдер футбол ойнады?
Балаларға оқыту.
ҮІ Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ф әрпінің бас әрпі мен кіші әрпін жазу.
Ф әрпін ауада жазып көрсету.
ҮІІ Шығармашылық тапсырма.
1 қатар «Адасқан буындар» (берілген буындардан сөздер құрау)
2 қатар «Қай әріпті жоғалттым?» (көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою.)
3 қатар «Кім шапшаң сөйлем құрайды?» (берілген суреттерге сөйлем құрау.)
ҮІІІ Сабақты қорыту
- Не үйрендік? Не білдік?
- Қандай дыбыспен, әріппен таныстыңдар?
- Ф дыбысы қандай дыбыс?
- Ф дыбысы кездесетін сөздер айтыңдар.
-Балалар кім бүгін сабаққа жақсы қатысты?
Алдарында стикерлар бар. Егер сабақ ұнаса - қызғылт түсті, ұнамаса – сарғыш түсті тақтаға жабыстырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |