«Түрікпен» Мүсіреп - Есенейдің ең сенімді серігі. Ол аздап сыбызғы тартады. «Бозінген», «Боз мұнай», «Сүйір батыр», «Алқа көл», «Алғашқым» деген күйлері бар. Одан соңғы құмары - бір жақсы ат, қонымды киім, серілеу адам. Қалталарында қалампыр жүреді. Әлі ақ кірместен сақал - мұртын жарасымды қырқып ұстайды. Мүсіреп Ұлпанды өзінің туған қарындасындай жақсы көріп, оған әрқашан қол ұшын береді және бір-бірімен қалжыңдасып жүре береді.
Аңшы Мүсіреп – Есенейдің достарының бірі. Өзі мерген,шебер,аң аулаудан жанын салмайтын адам. «Қаршығалыда» үш мың қасқыр, бес мың түлкі, он екі мың күзен, жеті мың қоян бар» дейді.
Шынар – түрікпен Мүсірептің сүйген жары, өмірлік серігі .Шынардың әкесі етікші болған. Шынар - қыпша бел, сұңғақ бойлы, қызыл шырайлы торғылт келіншек .Өзі ақ жарқын, кішіпейіл, адамгершілігі мол жандардың бірі.Аяғында кестелі етігі бар.Көк қиығының құйрығы азғана көтеріңкі.Сол жақ бетінде бармақ баттысы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |