Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы»



Дата25.12.2016
өлшемі52,09 Kb.
#5070
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жазушының өміріне тоқталып, әңгімені оқушыларға түсіндіру, ананың балаға деген жанашырлық сезімін көрсету, қазақ елінің өткен тарихына, тұрмыс-тіршілігіне назар аударту;

Дамытушылық: Шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетімен зерттеу, іздену, жетелеу, әңгімелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік: Әділдікті, қайрымдылықты, шыншылдықты, адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіру, өмір сыйлаған анасын құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: іскерлік пен шығармашылық қабілетін жетілдіру, білімді жүйелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, талдау, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: жазушының портреті, ананың суреті, интерактивті тақта, сызбалар.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Оқушылар зейінің сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын сұрау:

С.Мұқановтың «Есіл бойында» әңгімесі.

Бірнеше сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасы сұралады.

1. Есіл өңірінің табиғатын жазушы қалай суреттеген?

2. Шығармадағы Мырзатай кім?

3. Мырзатай қандай халық әндерін орындайды?

4. Есіл тасып барады әнінің шығу тарихын айтып беріңдер.

5. Өздерің де ізденіп, халық әндерінің шығу тарихын біліп келдіңдер ме?



III Жаңа сабақты түсіндіру:

Бүгінгі өтетін сабағымыз Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі

Сабақты бірнеше сұрақтар қою арқылы бастаймыз.

1. Ғабит Мүсірепов кім?

2. Ғабит Мүсірепов туралы не білесіңдер?

3. Ғабит Мүсіреповтің қандай шығармаларын оқыдындар?

Иә, балалар дұрыс айтасыңдар Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Ол алғаш өз ауылында ескіше оқып, хат таниды. 14 жасында Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі. Осы мектепті бітірген соң, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебінде оқып, жеті жылық мектептің көлемінде білім алады. 1923-1926 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға түседі. Оны бітірісімен Омбыдағы ауылшаруашылық институтында бір жыл оқиды. Содан кейін кеңестік дәуірдегі баспасөз, халық ағарту, көркемөнер мекемелерінде әртүрлі жауапты қызметтер атқарады.

Жазушы жиырмадан астам әңгіме, хикаяттар, ондаған пьесалар, романдар, қара сөзбен жазылған поэмасын жазды.

Отызыншы жылдары жазушы М.Горькийдің ана тақырыбына жазған «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» атты әңгімелерін жазды.

Осы жылдары үлкен драматург екенін танытып, «Қыз Жібек» операсын, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасын жазады. Кейінгі жылдарда да бүкіл қазақ драматургиясының тамаша туындысы болып табылған «Аманкелді», «Ақан сері-Ақтоқты», «Болашаққа аманат», «Қыпшақ қыз-Аппақ», «Қайран Майра» атты драмалық шығармаларын жазған.

«Аманкелді», «Қыз Жібек» фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылары.

Көркем аудармада О’Генир, М.Горький, М.Шолохов, У.Шекспир т.б. қаламгерлер пьесаларын қазақ тіліне аударған.


Демек, ойымызды топтастырайық

драматург

көркем сөз шебері

жазушы
Ғабит Мүсірепов

академик әдебиеттанушы

қоғам кайраткері киносценарист

Ана тақырыбына көп жазған


Балалар, сонымен Ғ.Мүсіреповтің кім болғанын білдік. Енді шығармаларының ішіндегі «Ананың анасы» әңгімесіне шолу жасаймыз.

Жазушының «Ананың анасы» атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған.

Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ батырдың Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.
Мәтінмен жұмыс:

Әңгімедегі сөз айшықтарын табу.

Баласын жақсы көруі

Ананың махабаты Ерекше нәзік сезім

Балаға деген жүрек жылуы

Жылы сөзі

Ананың тілі Еркелетіп айтуы

Мейірімді сөйлеуі

Балалар дүниеде екі ана бар. Бірі- табиғат ана, екіншісі- адамның анасы. Сол табиғат құдіреттерін анамен қоса айтамыз.

Топтастырып және 5 жолдық тұжырымдама жасаймыз.


Отан-Ана

Өз анамыз Жер-Ана


Ана

Су-Ана Ауа-Ана

1. Зат есім (бір) сөз- Ана.

2. Сын есім (екі сөз) - мейірімді, қамқор.

3. Етістік (шү сөз) - мәпелейді, өсіреді, тәрбиелейді.

4. Үстеу (төрт сөз) - шырылдап жерге түскен кезде.

5. Түйін сөз (бес сөз) - Ана ақылшың, ұстазың, досың, қамқоршың
Шығармашылық жұмыс:

(Ана туралы шағын әңгіме жазу)



Мақал-мәтел:

(Ана туралы мақал жазу)



Қортынды:

Балалар, қай заманда да ана бейнеті ауыр. Түн ұйқысын төрт бөліп, асырап-бағып жеткізеді. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» делінген. «Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер» деген ұлағатты сөз бар. Ендеше анамызды құрметтей білейік.



Үйге тапсырма:

205-214 беттерді оқып, мазмұндау. «Ана» туралы өлең шығару.



Білімді бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет