Күні: Сыныбы: Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарснова «Оюлар» өлеңі
Сабақ мақсаты: Фариза Оңғарснова туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын ашу
Сабақтың міндеттері:
Фариза Оңғарсынованың өмір жолын, шығармаларын біледі.
Өлеңді мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсінеді.
Топпен бірлесе отырып сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Фариза Оңғарсынованың өмір жолымен, шығармасымен танысады.
Өлеңнің мазмұнын ашып, түсінеді.
Топ ішінде бірлесе жұмыс жасайды, өз ойларымен бөліседі.
Бағалау критерийлері:
А) біледі, жазады, өлеңнің мазмұнын ашады, түсінеді, өз ойын айтады, сұрақтарға жауап береді, талдайды.
В) біледі, жазады, талдайды, өз ойын айтады, түсінеді, сұрақтарға жауап береді.
С) біледі, жазады, талдайды, сұрақтарға жауап береді.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жұптас-оқы-талқыла, ой қозғау, , танымдық тапсырма, сұрақ-жауап, талдау, ой-пікір.
Сабақтың көрнекілігі. Кесте, форматты қағаз, стикерлер, қима қағаздар, слайд, үнтаспа.
Сабақтың жоспары:
Сабақ бөлімдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс- әрекеті
|
Қолданылған әдіс-тәсілдер
|
І.Ұйымдастыру кезеңі
психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Қызығушылығын ояту
|
1.Сәлемдесу, түгендеу 2. Назарларын сабаққа аудару шаттық шеңберін құру. 3. Топқа бөлу
Әр түрлі ою өрнектері бар суреттерді таңдау арқылы топқа бөліну.
«Мен» деген ойыны арқылы әр жеке оқушы өз есімі туралы жақсы сөз айту.
Пысықтау сұрақтары:
1) Қ. Жұмаділов туралы не білесің?
2) «Қозыкүрең»әңгімесінің мазмұны не туралы?
3)Әңгімедегі кейіпкерлерді ата.
4) Жануарларға байланысты мақал-мәтелдер айту.
Біз топқа оюлар арқылы бөліндік. Осы оюлардың аттарын білесіңдер ме? Қай жерлерде көре аламыз?
Фариза Оңғарсынова туралы бейнефильмнен үзінді көрсетіледі.
|
Топқа бөлінеді.Көшбасшы сайлайды.
Мысалы: Мен Инабат ибалымын деген сөздер айтады.
Сұрақтарға жауап береді, топпен бірге жұмыс жасайды.
Топпен ақылдаса отырып, сұраққа жауап береді.
|
Сұрақ-жауап
Ой қозғау, топтастыру
|
III. Жаңа сабақ
|
Бүгін Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңімен танысамыз. Өлеңді мәнерлеп оқығанда интербелсенді тақтада оюдың түрлері шығады, күй ойнап тұрады.
1 – топ. Фариза Оңғарсынованың өмір жолы
2 – топ. Шығармашылығы туралы айт. 3 – топ. «Оюлар» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу
4 – топ. Өлеңді ұйқас түріне талдау
|
Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар топпен бірлесе отырып оқиды, оқып болған соң түсінігін айтады, талқылайды.
Өзгені тыңдай отырып, өз білімін толықтырады.
|
Оқы/ Жұптас Талқыла
|
Оқулықпен жұмыс
|
Мәтіннің мазмұнын толық түсіну үшін кейбір сөздердің лексикалық мағынасына тоқталу керек. 1)Осы өлеңде мағынасын түсінбейтін сөздер бар ма екен? Бірлесе отырып, мағынасын ашып көрейік.
Қошқармүйіз- қазақтың ұлттық оюының бір түрі. Тарамысты- арықтау Құр- киіз үйдің керегелері мен уықтарын таңып, байланыстырып тұратын жалпақ бау Басқұр- киіз үйдің ішіне сән беретін, безендіріп тұратын өрнекті жалпақ құр. (Интербелсенді тақтада суреттерін көрсету)
2) Өлеңдегі троп түрлерін табайық
Күрделі теңеулер: “Келе ғой, қошақаным, өзіме!”-деп, Әжем кеп сипағандай шашыма жай; Тұрғандай ана - көңіл тербеп мені; Әжемнің көзіндей бұл оюларды; Келгендей құлағыма аңсатқан үн; Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім... Кейіптеу: Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан, Қазақтың қошқармүйіз өрнектері. Эпитет: тарамысты саусақтарын; Шебер көп бұл заманда кілең керім; балғын шақтың; Мөлдір шық.
|
Топпен ақылдаса отырып, бірігіп жұмыс жасайды
Әр топ ақылдаса отырып айтады, бірігіп жұмыс жасайды
|
|
Сергіту сәті
|
Интербелсенді тақтада әсем әуенді оюлары бар бейне көрініске зер сала отырып, ою-өрнектердің суретін салып, бояу. Салған өрнектеріне көркем тілмен жан бітіріп айту.
|
Бірлесе жұмыс жасайды, талдайды
|
|
Жаңа сабақты бекіту
|
Бекіту сұрақтары:
Топтық жұмыс
1-топ . «Қазақтың ою өрнегі» тақырыбында ой толғау
2-топ. Ою туралы мақал-мәтелдер айту 1. Кестені көңіл сызады,
Қол тігеді, көз ............ . (сынайды)
2. Асыл ........ пішуге сән, (қайшы)
Күміс қасық ішуге сән.
3. Өнерліден үйрен,
Өнерсізден .......... . (жирен)
4. Өнер іздеген өсер,
.......... іздеген өшер. (Өсек)
5. Өз үйінде ою-оймаған,
Кісі үйінде ............. сыза алмас. (сызу да)
3- топ. «Ою» сөзін топтастыру
4-топ . «Фариза» тақырыбында бір шумақ өлең шығару.
|
Ой толғау жазады, 1,2 оқушы мәнерлеп оқиды.
Топ ішінде мақал-мәтелдерге жарыса жауап береді.
Топтан біреуі шығып қорғайды
Топпен жұмыс
|
|
Тапсырма
Дәптермен жұмыс
|
«Бес жолды өлең» әдісі арқылы жазуға тапсырма беремін
1. Ою. (Зат есім)
2. Өрнекті, әдемі.
(Сын есім)
3. Ояды, тағады, безендіреді.
(Етістік)
4.Ою - қазақтың ұлттық байлығы. (Сөз тіркесі)
5. Өрнек. (Синоним)
|
Оқушылар топ ішінде тапсырманы оқиды, өз ойларымен бөліседі.
|
Бес жолды өлең
|
Қорытынды
|
Сенсорлық/сезімдік рефлексия: көңіл-күй мен эмоциялық бағалауды білдіру («ұнады-ұнамады»,«жайлы-жайсыз», «қажет-қажет емес»). Сабақтан кейінгі көңіл-күйі мен эмоциялық ахуалды 1,2-топ бас бармақты жоғары не төмен көрсету арқылы, 3,4-топ, күн немесе бұлт суреттерін көрсету арқылы білдіреді.
|
Жеке, топпен бірлесе отырып жауап береді.
Кері байланыс парағын толтырады.
|
|
Бағалау
|
Бағалаудың қорытындысын айтады, бағалайды.
|
Өздерінің ұсыныстарын, тілектерін айтады
|
Формативті бағалау
|
Үйге тапсырма
|
Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңінен үзінді жаттау.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |