Басталуы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»
Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Өзі туралы кластер» тренинг
Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б
|
1-топ:
Жазушылар
2-топ: Зерттеушілер
3-топ: Суретшілер
«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.
|
Ортасы
10 минут
|
Қолдану
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
- Мына «манометр» құралы неден тұрады?
- Резеңке, шыны түтік, шкаламен жабдықталған.
- Манометрлердің түрлері болуы мүмкін бе?
- Иә.
- Қандай ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін?
- Бір жерде қолданағанда тиімсіздігіне, қолданатын ортаның аталуына байланысты болуы мүмкін.
Ал, балалар бұл сендердің ойларың. Енді менің ойымды тыңдап, өздеріңнің ойларыңмен салыстырыңдар.
Манометр - қысымның айырымын өлшейді.
Табиғатта, техникада қысым атмосфералық қысымнан жоғары немесе төмен болатын процестер жиі кездеседі. Манометрлер сирек, тығыз емес, метрео-өлшеймін. Манометр доға тәріздес шыны түтіктен тұрады. Түтікте сұйық бар, сұйық бетіне тек атмосфералық қысым ғана әсер етіп тұр. Сондықтан сұйық деңгейі екі тармағында да бір деңгейде болады.Манометрлердің бурдон, сфигмоманометр деген түрлері болады.
Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың біріне сорғылар жатады. Сорғылардың шприц, су сорғысы, ауа үрлеу сорғысы. Сорғыдан Паскаль заңы бойынша сыртқа ауа, сұйықтар сыңалау арқылы ығыстырып шығарамыз.
Топтық жұмыс. Кубизм стратегиясы.
1-топ: Топтастыру. Манометрді топтастырасыңдар.
2-топ: Салыстыру. Манометрді барометрмен Венн диаграммасы арқылы салыстыр.
Талдау
«Ыстық орындық» орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.
|
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут
|
Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
Атмосфералық ауа қысымынан жоғары немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құралдар қалай аталады?
Манометрлердің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген?
Ашық сұйықтық манометр қалай жасалған және қалай жұмыс істейді?
Металл манометр қалай жұмыс істейді?
Сорғылардың құрылысы жұмыс істеу принципі қандай?
|