Сабақтың тақырыбы: Физика табиғат туралы ғылым Мұғалімнің аты-жөні: Күні: сынып: 7



бет20/90
Дата08.02.2022
өлшемі2,66 Mb.
#130890
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   90
Байланысты:
7 физика поуроч

Жалпыға арналған тапсырма:
Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.
Физиканың механика деп аталатын бөлімі денелердің: жүретін, әуеде ұшатын, суда жүзетін көліктердің; зымырандардың, планеталардың, олардың жасанды серіктерінің; аспан денелерінің қозғалысын зерттейді. Бұл денелердің қозғалысын механикалық қозғалыс деп атайды.
Сонымен, дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелериен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.
Санақ денесі - қозғалмайды деп есептелетін басқа дененің қозғалысы соған қарап салыстырып қарастырылатын дене. Демек кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы. Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ.
Қозғалыс-барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.
Санақ жүйесі. Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін дененің уақытқа байланысты өз орнын қалай өзгертетінін білу керек. Ол үшін санақ денесімен байланысқан координата жүйесін сызамыз.
Координата жүйесі суретте көрсетілгендей, өзара тікбұрыш жасап қиылысатын үш түзу сызықтан тұрады. Санақ денесі осы түзулердің қиылысу нүктесінде, яғни О нүктесінде қиылысқан деп есептеледі.
Санақ денесімен байланысқан сызықтар жүйесін координа жүйесі деп, ал сызықтардың қиылысу нүктесін санақ басы немесе координата басы деп атайды.
Сонымен, санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтамыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет