Қолдану
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.Түсіндіру.
Топтық, жеке жұмыс жүргізу.Дәптермен жұмыс.
Аудио материалдарды тыңдау.
Физикалық шамалар құбылыстардың қасиеттерін сандық тұрғыдан сипаттайды. Физикалық шамалар құбылыстарды ғана емес, денелердің де қасиеттерін сипаттау үшін де қолданылады. Мысалы, денелердің беріктік қасиеттерін сипаттау үшін қаттылық деген шама енгізіледі. Ең қатты дене – алмас, одан кейін – шыны (шынымен болаттың бетін тырнауға болады), ал болаттың қаттылығы мыстан жоғары. Негізгі өлшем бірліктерді қарастырайық:
Метр – ұзындық бірлігі, Килограмм – масса бірлігі,
Секунд – уақыт бірлігі, Градус – температура бірлігі,
Моль – зат мөлшерінің бірлігі, Ньютон – күш бірлігі.
Физикалық шаманың мәні деп, оның өлшем бірлігі көрсетілген сандық мәнін айтады. Мысалы, 10 с, 15 км, 200 кг т.с.с. 1 км = 1000 м; 1,5 км = 1500 м; 1 мин = 60 с;
Сызғыш – ұзындықтың өлшеу құралы,
Таразы – массаның өлшеу құралы,
Секундомер – уақыттың өлшеу құралы,
1 км = 1000 м; 1 киловольт = 1000 Вольт.
Милли қосымшасы бірліктің мыңнан бір үлесін білдіреді, сондықтан
1 мм = 0,001 м; 1 мг = 0,001 г.
Санти қосымшасы бірліктің жүзден бір үлесін білдіреді, сондықтан
1 см = 0,01 м; 1 мг = 0,001 г.
№2-зертханалық жұмыс.
«Физикалық шамаларды өлшеу»
|