Сабақтың тақырыбы: Ғұн мемлекетінің қалыптасуы. Ғұндар тарихы (5 сынып) Cабақтың мақсаттары



бет3/3
Дата05.02.2022
өлшемі53,85 Kb.
#20778
түріСабақ
1   2   3
Орналасқан жерлері, территорияларын картадан көрсету

Сол қанат




Оң қанат




Орталық қанат

Ғұн мемлекетінің әскери жүйесі
Мемлекеттің ең жоғарғы басшысы –шаньюй деп аталды. Одан кейінгі орында түменбасылар шаньюйдің жақын- туыстары тұрды. Ғұндар 24 рудан тұрған. 24 түменбасы , олардың әрбіреуінде 10 000 атты әскері болған.

Шаньюй




24 түмен басы
Әрбіреуінде (10 000 атты әскер)




мыңбасы




жүзбасы




онбасы

 ғұндардың қанша әскерлері болғанын шамамен есептеп шығарыңдар: 241 110 әскері болған. жылына 3 рет аксакалдар кеңесі болып тұрды. Б.з.б. 3 ғасырда Цинь патшалығы солтүстіктегі көршілерінен қорғану мақсатында Ұлы Қытай қорғанын салды. Сендер Ежелгі дүние тарихынан бұл туралы Ежелгі Қытайды өткенде оқыдыңдар
Қорғанның биіктігі қанша, ұзындығы қанша?
- Қорғанның үстінен қанша адам, немен жүре алады дедік?
- Жаудан қорғану үшін 60-100 метр сайын нелер орналастырылды?
Ғұн тайпасының бір мемлекетке бірігіп, күшейген кезі б.з.б. 2-ғасырмен 1 ғасыр аралығында Мөденің билік тұсында болды. Оның жасаған әскери реформалары арқасында Ғұн мемлекеті қытайдың Хань әулетінің негізін қалаушы Лю-банды да жеңіп байкал көлінен Тибет тауына дейін, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзені орта ағысына дейінгі аралықты иемденді.үйсін, қаңлы,алан.т.б. тайпаларды басқарды
б.з.б. 1-ғасырдың ортасында, яғни б.з.б 55 жылы

Оңтүстік -Хань әулеті қол астында




Солтүстік- Чжи-чжи шаньюйдің басқаруымен батысқа қарай жылжыды. 1ғ аяғында

Ғұндар қаңлылармен бейбіт келісімде болды, бірақ тұрақтап тұрмай б.з.б 2 ғасырдан бастап б.з. 4-ғасыры аралығында Батыс Европаға дейін қоныс аудара бастады.
Бекіту кезеңі:

  1. Қытай деректерінде ғұндар қандай атпен белгілі болды?

  2. Қытай деректері бойынша ғұндардың алғашқы көсемі кім болған?

  3. Аманат дегеніміз не?

  4. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қалай атады?

  5. Ғұн қоғамында жоғары билікке ие болған Мөде қандай атаққа ие болды?

  6. Б.з.б. 188 жылы болған қытайлықтар мен ғұндар арасындағы шайқас кімдердің жеңісімен аяқталды?

  7. Зерттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша ғұндар кімдердің арғы тегі болып есептелінеді?

  8. Ғұн империясы қашан екіге бөлініп, ыдырады?

  9. Ғұндардың баспанасы не болды?

Сәйкестендір:

  • Ғұндардың билеушісі Аттила

  • Ғұндардың тілі Шаньюй

  • Еуропаға жорық жасаған ғұн билеушісі Түрік

  • Мемлекет билеушісінің титулы Мөде

Сабақты қорытындылап, топтар өзін және бір –бірін бағалайды.
Үйге тапсырма:
Параграфтың соңындағы сұрақ-тапсырмалар негізінде тақырыпты оқып келу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет