1.Ұйымдастыру :
Саламатсыздар ма,балалар! Бүгінгі сабағымызда «Формулалар» тақырыбына қатысты шығармашылықпен жұмыс жасаймыз.Бізді бүгін бүкіл қазақстандықтар көріп отыр.Сондықтан барлығымыз көңілді отырайық,алдымызда жатқан смайликтерді жоғары көтерейік. Міне,енді сабағымызды бастаймыз.Сабақты бастамастан бұрын топқа бөлінеміз. Барлығыңда «Ақылды бейджиктер» бар. Барлығымыз бейджикке көңіл аударайық. Римше I ,II , III (бір,екі,үш) цифрлары бар. I –көлем, II-аудан, III-тобына бөлініп , отыра қаламыз.Топ басшысын сайлаймыз.Және топ ережелерін сақтаймыз.Енді назарымызды тақтаға аударамыз.
-Бүгін біз,« Білімді мыңды жығады,білімсіз бірді жығады»,демекші тіктөртбұрыштың периметріне,ауданына, тікбұрышты параллелепипедтің көлеміне берілген тапсырмаларды жеңіл орындап шығуымыз керек.
-Біз,бүгін әдемі болашағымызға сай «Көлем», «Аудан», «Периметр» топтары өздеріміздің үйлерімізді қалауымыз керек.
-Ол үшін не қажет?
- Ол үшін мықты білім қажет.
-Үйді қалау үшін ең бірінші неден бастаймыз?
-Үйдің орнын дайындау керек.
-Ол үшін ауладағы тастарды жинастыру керек.
- Алдарыңдағы нотбукте «Айрен» бағдарламасы бойынша әзірленген тест тапсырмалары бар.(Қызығушылығын ояту) Топ мүшелері бірігіп,тест орындаймыз.Уақыт-2 мин.
Тест тапсырмалары:
1. Ең кіші натурал сан?
А) 2
В) 3
С) 0
Д) 1
120-ның 40%-ін тап:
А) 480;
В) 3;
С) 80;
Д) 48.
Қосуды орында: 9,07+3,23.
А) 12,3;
В) 123;
С) 1,23;
Д) 41,37.
Квадраттың ауданының формуласы.
А) S = a2
В) S = ab
С) S = 4a
Д) S = a + b
Радиус дегеніміз не?
А) Екі нүктенің ара қашықтығы
В) Центрді шеңбер бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесінді.
С) Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын кесінді
Д) Диаметрдің жартысына тең
Сендердің жауаптарың орталық экранға шығады.
- Ауланы тазалап болған соң не істейміз?
-Фундамент саламыз.Фундаменті берік үй әрқашанда мықты болады.
-Әрине,фундамент,дұрыс.
-Олай болса, сендердің фундаменттерің дайын ба екен,тексерейік.
-Формулалар мен фигураларды сәйкестендіру. Алдарыңа берілген суреттер мен формулаларды маркермен сәйкесінше қосасыңдар. Уақыт - 2 минут.
P=2(a+b)
S=a∙b
P=a+b+c
V=a∙b∙c
P =4a
S=a^2
V=a^3
Мағынаны ашу үшін оқулықтан және қосымша оқулықтан берілген есептер:
1.Суретте қанша шаршы бейнеленген?
2.Суретте биіктігі 2,5 м үш бөлмелі үйдің өлшемдері берілген?
III бөлменің көлемін тап.
3.Қаңылтырдан төрт бірдей шаршы қиып алғаннан кейінгі қалған фигураның:
а) периметрін;
б) ауданын;
в) 1м2 қаңылтырға сырлауға 15г сыр жететін болса, онда осы фигураның екі жағын сырлауға қанша сыр кетеді?
Ой толғау: (практикалық жұмыс)
«Үй макетін » құрастыру үшін топтардағы оқушыларға берілетін нұсқаулық:
Сендер қолдарыңа берілген үй макеттерінің бөлшектері (едені, қабырғалары, шатыры, есік,терезелері) бойынша, олардың ұзындықтарын,енін ,биіктігін өлшей отырып, үй макетін құрастырасыңдар.
Өлшеу жұмыстары:
1.Үйдің еденінің ауданын тап.
2.Үйдің еденінің периметрін тап.
3.Үйдің көлемін тап (шатырға дейінгі).
4.1 тастың ауданын S= 0,8 см2 деп алып,үйлеріңе қанша тас кететінін есептеп шығарыңдар.
5.Шатырдың ауданын тап.
6. 1 шифердің ауданын 20 см2 деп алып,шатырға қанша шифер кететінін есептеп шығарыңдар.
Жұмыстардың бөлінуі:
1.Үйдің еденінің ауданын табу-1 оқушы
2.Үйдің еденінің периметрін табу-1 оқушы
3.Үйдің көлемін тап (шатырға дейінгі).-1 оқушы
4.Шатырдың ауданын тап. -1 оқушы
5. 1 шифердің ауданын 20 см2 деп алып,шатырға қанша шифер кететінін есептеп шығарыңдар.-1 оқушы
6.1 тастың ауданын S= 0,8 см2 деп алып,үйлеріңе қанша тас кететінін есептеп шығарыңдар.-1оқушы
Аяқталуына қарай жоспар бойынша өз жұмыстарыңды қорғайсыңдар.
Сендердің жұмыстарың келесі критерийлермен бағаланады:
Үй макетінің өлшемдерінің дұрыс өлшенуі.
Тіктөртбұрыштың периметрін, ауданын,параллелепипедтің көлемін табу формулаларын дұрыс жаза білу.
Және формулалар бойынша өлшемдерді дұрыс есептей білу.
Үй макетінің эстетикаға сай келуі.
Жұмыс уақытының сақталуы.
Жұмыс уақыты-10 минут.
Оқушылар «Үй макетін » құрастыру арқылы болашақта өз үйлерін тұрғызуды үйренеді.
Оқушылар орындаған жұмыстарын төмендегі кесте бойынша дайындайды:
Өлшемдер
|
Есептейтін формулалар
|
a
|
b
|
c
|
S
|
P
|
V
|
n
|
Үйдің еденінің ауданы
|
S= a*b
|
|
|
|
|
|
|
|
Үйдің еденінің периметрі
|
P=2*(a+b)
|
|
|
|
|
|
|
|
Үйдің көлемін тап (шатырға дейінгі).
|
V=a*b*c
|
|
|
|
|
|
|
|
Үй қабырғасына кететін тас саны
|
n= Sт:0,8,мұндағы Sт- үйдің толық ауданы.
|
|
|
|
|
|
|
|
Шатыр ауданы
|
Sш=20*22=440
|
|
|
|
|
|
|
|
Шатырға кететін шифер саны
|
n= Sш: 20, мұндағы Sш-үй шатырының ауданы.
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |