Молекула кинетикалық теорияның негізгі қағидаларының тәжірибелік дәлелдемелері:
1. Заттардың бөлінгіштігі (физикалық, химиялық қасиеттері өзгеріссіз қалады).
2. Газдардың сығылғыштығы. Газ кез-келген көлемді алады. (дене молекулаларының арасында үлкен қашықтық бар
3. Газ өзі тұрған ыдыс қабырғасына қысым түсіреді. Бұл молекулалардың қозғалыста болғанын көрсетеді.
4.Диффузия- бір заттың молекулаларының екінші заттың молекула аралық кеңістігне еніп кетуі. (иіс су, су, маргансофка, қант). Диффузия неге тәуелді? Ол дене температурасын және агрегаттық күйіне тәуелді.
5. Молекулаларды электрондық микроскопта және иондық проекторда бақыланады.
7. Денелерді беріктігі микробөлшектердің өзара тартылатынын білдіреді.
8. Дененің серпімді диформация қасиеттері бар.
9. Броундық қозғалыс- сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы. Ашқан ғалым ағылшын ботанигі Броун.
10. Молекула жылдамдықтарын анықтау. 1920 жылы О.Штерн тәжірибе жасады. Штерн тәжірибесінің формуласы
V2= 3RT/m
Достарыңызбен бөлісу: |