Сабақтың тақырыбы География ғылымының салалары



бет192/234
Дата13.12.2021
өлшемі31,89 Mb.
#125186
түріСабақ
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   234
Байланысты:
8 сынып КМЖ новый формат
8 сынып КМЖ новый формат, Аналитикалық геометрия №15
Оқулық пен жұмыс

Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі.
Дүниежүзілік шаруашылықпен бірге халықаралық географиялық еңбек бөлінісі де қалыптасып келеді . Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі деп жеке елдердің өнімнің белгілі бір түрлерін, шикізат пен даяр бұйымдарды өндіруге және олармен айырбас жасауға мамандануын атайды. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі дүниежүзілік шаруашылық аясында дами отырып, жекелеген елдердің ұлттық шаруашылығын өзара байланыстырады.

Географиялық еңбек бөлінісі жеке елдердің арасындағы экономикалық – географиялық және әлеуметтік – экономикалық айырмашылықтардың болуынан туындайды. Сонымен қатар ол елдердің шаруашылық құрылымы мен тарихи дәстүрлерімен тығыз байланысты. Өйткені әрбір елге тарихи кезең аралығында қалыптасқан өзіндік дәстүрлі өнеркәсіп салалары мен ауыл шаруашылығының маманданған бағыттарына тән. Әдетте, маманданған салалар өнімдері сапалығымен ерекшеленеді, сондықтан дүниежүзілік нарықта оларға сұраныс өте жоғары. Әр елдің өнімнің белгілі бір түрлерін өндіруге және қызмет көрсетудің жекелеген салаларына мамандануы себепті ішкі нарық сұранысынан асып кеткен жағдайда ол өнімдерді сыртқа шығару қажеттілігі туындайды. Мысалы, Жапония автомобиль жасау жөнінен дүние жүзінде 1 орын алады. Елде шығарылатын автомобильдердің тең жартысы басқа елдерге экспортқа шығарылады. Демек, автомобиль жасау – Жапонияның халықаралық дәрежеде маманданған саласы. Сонымен қатар, соңғы жылдары, Жапония кеме жасау, радиоэлектроника және роботтар жасауға мамандану жөнінен халықаралық деңгейге көтерілді.

Жалпы алғанда, халықаралық еңбек бөлінісі, қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылық жағдайында сөзсіз болатын құбылыс, ол елдер арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейтіп, бәсекелестік жағдайында елдердің бейбіт өмір сүруіне негіз болады.

ХХІ ғ дүниежүзілік шаруашылық түбегейлі өзгерістер алдында тұр. Болашақта электроника, лазерлік техника, биотехнология жетекші салаларға айналып, атом энергиясы мен химия саласындағы ең соңғы жетістіктермен қаруланған жаңаөндіріс салалары дамытылатын болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   234




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет