Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Ортақ тапсырма: «Пкірлер» парағы әдісі
Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларына бөлінеді:
Экваторлық белдеу - қысым төмен, жыл бойы экваторлық ауа массалары әсер етеді. Күн сәулесінің мол түсуіне байланысты бұл белдеуде бүкіл жыл бойы ауа температурасы жоғары болады. Жауын-шашщын мол түседі, ауа райы ыстық, ылғалды әрі қапырық болады.
Тропиктік белдеу - жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан бұл белдеуде тұрақты жоғарғы қысым мен төмен бағытталған ауа қозғалысы басым. Жазда температурасы өте жоғары, ал қыста салқын болып келеді. Тропиктік ауа массалары әдетте өте құрғақ
Қоңыржай белдеу - жыл бойы қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым болады. Мұнда едәуір салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жалпы алғада біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады.
Арктикалық және антарктикалық белдеу - жыл бойы арктикалық ауа массалары әсер етеді. Жыл бойы ауа температурасы төмен болады. Полюске жақындаған сайын табиғат жағдайы қолайсыз сипат алады.
Өтпелі климаттық белдеулер негізгі белдеулердің аралығында орналасқан. Олардың аттарындағы «суб» сөзі латынның «таяу, маңы» деген мағынаны білдіреді.
Өтпелі климаттық белдеулер: субэкваторлық, субтропиктік, субарктикалық және субантарктикалық.
Жер шарындағы климаттық белдеулерді көрсетіңдер
Олардың қайсылары солтүстік және оңтүстік жарты шарларда қайталанып отырады
Өздерің тұрған жерде қандай ауа массалары, желдердің басым болатынын, ауа райы сипатының белгілерін және оның қандай климаттық белдеуге сәйкес келетінін анықтаңдар.
І-топ – Тропиктік ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау; ІІ-топ –Қоңыржай ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау; ІІІ- топ – арктикалық ауа массасының еліміздің аумағының климатын өзгертудегі әсерін анықтау; Әр топқа сипаттама беру жоспары беріледі: 1) Ауа массасының қалыптасу орны. 2). Ауа массасының өзіне тән қасиеттері. 3) Қандай ауа райын қалыптастырады? 4) Жыл мезгілдерінің қай кездерінде олардың әсері жоғары болады? Ауа райы қалай өзгереді?
Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды
Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі
Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды
Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады
|
Смаликтер арқылы
ҚБ өзін өзі бағалау
|