Сабақтың тақырыбы: Гимнастика


Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары



бет3/4
Дата05.02.2022
өлшемі257,04 Kb.
#20142
түріСабақ
1   2   3   4
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулары:
1.Жеңіл жүгіріс
2.Тізені алға көтеріп жүгіру.
3.Қолды артқа қойып, аяқты артқа сермей жүгіру.
4.Аяқтың басын алға сілтей жүгіру.
5.Оң қапталмен қолды алға айналдыру.
6.Сол қапталмен қолды артқа айналдыру.

3 мин

Ара-қашықтық сақтау.
Тізені алақанға тигізу.
Аяқты алақанға жеткізу.
Барынша жоғары секіріп, қолды толық айналдыру.

4

Тыныс алу жаттығулары, қөзғалыста 2 қатарға тұрғызу.




5

Жалпы дамыту жаттығулары

8 мин




1

БҚ қол ұстасып, бір-біріне қарама-қарсы тұру. Бір қолды екі жаны арқылы жоғары көтеру, сол аяқты артта ұстау.
2.БҚ
3.Екінші аяқпенен де осылай жасау.

4-6 рет

Барлық оқушылардың бірдей жасауын қадағалау.

2

БҚ қолдарын төмен ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.
1.Сол аяғын ұшымен жанға қояды, оң қолды жоғары көтеріп, солға еңкейеді.
2.БҚ Екінші жаққа да осылай жасау.

6-8 рет

Аяқты бүкпей түзу жасауын қадағалау.

3

БҚ Бір-бірінің иықтарынан ұстап, алға еңкейіп, қарама-қарсы тұрады. Аяқтардың арасы алшақ ұсталады.
1.Алға қарай серіппелі түрде еңкею
2.Солға бұрылу. Екінші жаққа бұрылыс жасай, осылай істеу.

6-8 рет

Аяқты бүкпеу керек.

4

БҚ қолдарын жоғары көтеріп ұстап, бір-біріне арқаларын беріп тұрады.
1.Сол аяқпен ілгері аттау, артқа шалқаю.
2.БҚ екінші аяқпен де осылай жасау.

8-10 рет

Қолдарын жібермеуін қадағалау.



5

БҚ Қолдарын шынтақтан іліп алып, бір-біріне арқаларын беріп тұру.
1.Жартылай отыру.
2.БҚ келу.

10-12 рет



Арқаларын түзу болу керек.



6

БҚ серіктерінің иығына қолды салып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады.
1.Сол аяқты алға-оңға қарай сілтеу.
2.БҚ келу. Екінші аяқпенда осылай жасау.

10-12 рет

Аяқтарын түзу көтеруін қадағалау.



7

БҚ табандарын тіреп, аяқтарын тізеден бүгіп, қолдарынан ұстасып, гимнастикалық төсеніште қарама-қарсы отыру.
1.Сол аяқты жоғары көтьеріп, созып ұстайды.
2.БҚ
3-4 Оң аяқпен де осылай жасау.

6-8 рет

Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау.

8

БҚ табандарын тіреп аяқтарын алшақ қойып бір-біріне қарама-қарсы отыру, оң қолдарымен ұстасады.
1.Біреуі алға еңкейсе, екіншісі шалқайды.
2.БҚ
3.Екінші жаққа еңкейіп шалқаю.
4.Бұл да сондай, бірақ сол қолмен ұстайды.

6-8 рет

Аяқтарын түзу ұстауын қадағалау.

9

БҚ арқаларын бір-біріне беріп, аяқтарын тіке жазып отырады. Қолдарын көтеріп басынан ұстайды.
1.«А» алға еңкейеді. «Б» аяқтарын бүге, табанмен еденге тіреле «А»- ның иығына жатады.
2.БҚ
3.Қайталау.

6-8 рет

Бір жаққа құламай қолдарын басынан ұстауын қадағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет