1)Барлық оқушылар кемінде бір-бір оқшау сөздерді пайдаланып, бейне жазбаға сәйкес диалог құра алады. 2) сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ықпал заңдылықтарын біледі;
1)Көптеген оқушылар оқшау сөздерді орнымен, еркін пайдаланып, бейнежазбаға сәйкес диалог құра алады. 2) сөйлеуде сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сүйенеді;
1)Кейбір оқушылар:жұмыста шығармашылық танытып, рөлге еніп, креативті қойылым ұсынады. 2) сөз ішіндегі және сөз аралығындағыүндестік заңдылықтарға сәйкес айта біледі.
Ι.Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесу. Сыныпты түгелдеу. ΙΙ.Үй тапсырмасы. Зат есімдердің мағыналық топтары бойынша сөйлемдер жазу. Ереже. Бірдей суреттер бойынша 4 топқа бөлу, суреттерге қарап болжам жасату.
Қызығушылықты ояту Оқушылар тобына балапан туралы ертегінің бейнетаспаның үнсіз(даусын өшіріп қойып) түрін ұсыну.
Сыныпқа сұрақ:
Балалар, қалай ойлайсыңдар, оқиға не туралы болды?
Кейіпкерлер бір-біріне не айтты?
3-4 оқушының пікірі тыңдалған соң, сабақтың мақсаттары белгіленіп, бағалау критерийлері талқыланады.
Сабақтың ортасы
дайындық+ таныстырылым+бағалау=
Мағынаны тану Т/А6 Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру.