Сабақтың тақырыбы: «Хан мен бала ертегісі»



Дата08.02.2023
өлшемі41,5 Kb.
#167884
түріСабақ

Тоқтамысов Қуаныш Алиханұлы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
Игілік тұрғын үй алабы
82 Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта мектебі
Информатика пән мұғалімі
В.Терешкова № 5 көш.
Ұялы сымтетігі – 7 771 683 46 16

Сабақтың тақырыбы: «Хан мен бала ертегісі».




Мақсаты: Халықтың, елдің тағдыры біздің болашағымыз – ол қазіргі өсіп келе жатқан өскелең жас ұрпақтың қолында. Яғни қазіргі біздің тәрбие мен білім беріп жатқан оқушыларымыздың қолында. Өскелең елдің өркениетті азаматы болып өскенде еліміздің, халқымыздың әлеуметтік жағдайын ойлайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Хан мен бала ертегісін оқып беру арқылы, балалардың ақыл-ойын, сана сезімін дамыту. Еліме, халқыма отбасыма тек қана жақсылық жасауым керек деген дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Үлкенді құрметтеуге, кішіні сыйлауға, қатарлас құрдастары мен жақсы қарым-қатынаста, тату тәтті болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қанатты сөздер, ел мен жер, отан туралы мақал-мәтелдер ілінген қабырға газеттері.
"Бақыр қазан кайнаса бәріміздің бағымыз, 
Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз".


Атамекен туған жер, кір-қоңыңды жуған жер, 
Кіндігіңді кескен жер, кісі болып өскен жер.



Сабақтың барысы: Оқушылармен сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды анықтау, белгілеу. Сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру.Оқушылардың көңіл күйіне, денсаулығына баса назар аудару.


Жаңа сабақ:
Ерте ерте ертеде коррупция мен жемқорлықтың кезінде, жоғары білімді, білікті, ер жүрек азамат бір елдің ханы болыпты.
Хан да оның қарамағындағы уәзірлері де өз қызметтерін жақсы атқарып, халқының жағдайын жасап, біліктері мен білімдерін арттырып, көрші хан ордаларының алдыңғы қатары болып, халықтың, елдің мақтанышына айналыпты.
Көрші хан ордаларының халқы мұндай мақтанышты, алдыңғы қатарлы хан ордасын қызғанып, күндердің күнінде әр орданың халқы бір – бірі мен кездесіп достыққа шақырады. Достыққа шақырудың негізгі мақсаты, үйіп отырған хан ордасын күйрету болды.
Хан ордасының халқы бұрынғы күш қуаттарын жоғалтып, әр адам өз басының қамын ойлайтын, достарының аяғынан шалатын заманға айналды.
Мұндай көріністердің бәрін көріп отырған Хан, жан – жақта жеке басының қамымен жүрген уәзірлерін жинайды, жинайды да ортаға – ей, уәзірлерім айтындаршы алдыңғы қатарлы үйіп отырған хан ордасы едік, ал қазір-ше?
Қазір дос болып жүрген достар, араласып жүрген ағайын-туыстар жалпы халқым менің неге мұндай күйге ұшырады, енді бұл халқымды қалай? Қандай жолмен тәртіпке, ретке келтіреміз деп – ортаға атқаратын рөлі үлкен, маңызы зор, сұрақ тастайды да уәзірлеріне қарайды. Уәзірлері бір-біріне қарап, қызметінің дәрежесіне қарай ақылдарын айтады.
Хан ордасы қалыпқа келудің орнына одан әрі әлсірей береді. Көрші хан ордалары өздерінің айлакерліктерінің, қулықтарының іске асқанына риза болып қала береді.
Осындай хан ордасының уәзірі болып тәртіпке келмейтін халықты тәртіпке келтіргенше қарапайым халықпен, отбасымның басы қасында болайын деп, уәзірлері қызметін босатады. Босаған уәзірлік қызметке басқа хан ордаларынан уәзірлер тағайындайды.
Уақытқа уақыт, күнге күн қосылып зымырап күндер өте береді, өте береді.
Хан мен жаңадан сайланған уәзірлері халықтың біліміне, біліктілігіне, отбасына қарамастан, қалтасындағы қаражатына, жоғарыда отырған көкесіне қарап немесе қорыққанды сыйлайтын болды, солардың қолына жақсы қару-жарақтарды беріп жағдайларын жасады.
Ал, қарапайым мен қазақпын деген момын халықтың қолындағы қаруы ескі, жұмыстағы жағдайы төмен болса да, отбасының әлеуметтік жағдайы бір қалыпты болды.
Соғыс! Хан отыр ойланып – соғысты қалай жеңемін деп. Әрі ойланды бері ойланды, соғысайын десе халқының соғысқа деген әл-ауқаты, күш қуатты жоқ қарсыластарына шығатын.
Хан уәзірлерін, әскерін жинап, соғыстың жоспарын айтты, әр уәзірге қызметіне қарай тапсырма берді. Уәзірлері тапсырманы алды, бірақ орындауға қауқары жоқ, қайдан болсын халқының жартысынан көбісінің жағдайы жоқ. Соғыста жауға емес, Ханға шабайын деп отыр.
Бірде осының бәрін естіп, көріп, біліп жүрген халықтың білімді де білікті, алған бетінен қайтпайтын, айтса жұмысын нақты орындайтын қазақтың баласы хан қақпасына келіп қақпаны қағады.
Қағады да кіруге рұқсат па екен деп ішке енеді.
Ия, кімге келдің? – дейді, уәзір.
Ханға келдім.
Ия, айта бер қандай бұйымтайын бар еді ханға айтатын.
Бала! Ей халықтың қол басшы уәзірі – қазақта кереметтей сөз бар. «Басшың ақылды болып, халқың ақылсыз болса – басшың жетім. Халқың ақылды болып, басшың ақылсыз болса – халқың жетім – деген. Өз бұйымтайымды тек ханға ғана айтамын.
Баланың сөзін арғы жақтан естіп тұрған Хан: Ей, уәзірім бұл қазақтың қай домалақ баласы шақыр бері – деп бұйыра сөйлейді.
Ассалаумуағалейкум Хан ием.
Уағалейкумәссалам – қазақтың қара домалақ баласы, айта бер бұйымтайыңды.
О, Хан ием – Сізде, менде бір жаратушы тәңірім Аллаһ тағаланың жаратқан құлымыз.
Сіз қазір – Хан иемсіз, ертен хан менмін, өйткені тақта отыру тек бір ғана адамның басына емес кез келген адамның басына бұйыратын бақ.
Хан ием ақылың болса ақылды тыңдай біл, ақылыңа ақыл қосайын. Біріншіден Сіздің, екіншіден халықтың қамы үшін.
Хан ордасының сыртында қаншама жауың тұр, Сізді жаулап алайын деп.
Хан ордасының ішінде қаншама жауынгерің тұр, жауды емес Сізді жаулап алайын деп.
Сонда кіммен соғысайын деп жатырсың, сырттағы жау мен бе, әлде іштегі жауынгерлер мен бе? – деп сұрақ қояды, бала.
Хан балаға ұзағынан ойланып қарап, сырттағы жау жарайды ол менің жауым, іштегі жауынгерлер неге мені жаулайды? Не үшін?
Бала! Жауға қарсы шығу үшін жауынгерің білікті де білімді, қаруы мықты, жағдайы жақсы және жаудың қыр – сырын білуі керек.
Ал Хан ием Сізде осындай жауынгерлер бар ма?
- Бар, бірақта олардың жағдайы жоқ, білікті, білімді, қарсыластарының қыр-сырын біледі, білгені мен де олар бірінші жауды емес Хан ием Сізді жаулап тағыңыздан тайдырады, содан кейін жауды жеңеді.
Сол себепті – ұзын сөздің қысқасы, тағыңда ұзақ уақыт отырамын, жауды және жауынгерлеріңді жеңемін десең халықтың жағдайын жаса о менің Хан ием – деп басын иіп бала қақпадан шығып кете барады.
Хан бала кеткен соң баланың айтқан сөздеріне қарап әрі ойланып, бері ойланады, өзінің және уәзірлерінің жұмыстарына қарайды, қарайды да халықтың жағдайын жасайды. Жасайды да Хан ордасының сыртындағы жауды жеңеді.
Күндер мен айлар, жылдар өте хан ордасы қайтадан бұрыңғы өзінің ұйып отырған қалпына келеді.

Бала!
Қалтаңдағы қаражатқа, қаражат қосып – достықты ұмытып,


Досым деп өзгенің жағдайын жасап – адал досыңды ренжітіп.
Жау менен ажал қатарласып келгенде,
Досың менен қалтаңдағы қаражат, аман алып қалалмайды шырылдап.
Сол себепті халқым менің!
Жаса жақсы амал халқыңа, мұның бәрі тек қана өзің үшін.

«Хан мен бала» ертегісінің авторы: Тоқтамысов Қуаныш Алиханұлы.




Сұрақ – жауап.
Қорытынды:
Мұғалім: «Ел боламын десең бесігіңде түзе» - демекші, құрметті оқушылар бүгінгі сабақ барысынан алған білімді санамызға сіңіріп, еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматы болады деп білемін.
Бағалау:
Үйге тапсырма:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет