Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті. Сабақтың мақсаты



Дата29.01.2017
өлшемі95,96 Kb.
#8267
түріСабақ

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,

Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің

тарих, құқық пәні мұғалімі Айдабосынова Жәмила



Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті.
Сабақтың мақсаты: 1. 1920- 1930 жылдардағы әдебиетке шолу жасау, танымал жазушылардың

белгілі шығармаларын атау және олардың мазмұнымен таныстыру,

әдебиетте қалыптасқан екі ағымның мәнін ашып түсіндіру.

2. Қазақ көркем әдебиетінде екі ағымның қалыптасқанына оқушылардың

назарын аудара отырып, оқушылардың логикалық ойлау, өз ойын ашық

айта білу және салыстыру арқылы қорытынды жасай алу қабілеттерін одан

әрі дамыту.

3. Ақын-жазушылардың еңбектеріне талдау жасау арқылы балаларды

отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Керекті құралдар: ақын-жазушылардың портреттері, тақырыпқа байланысты плакаттар.

Методикалық әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, пікіралмасу.

Сабақтың құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі.(2-3 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.(10-12 мин.)

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.(2-3 мин.)

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту: (20 мин)

а) жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

ә) сабақ жоспарымен таныстыру;

б) ой шақыру;

в) кесте толтыру;

г) сабақты түсіндіру

ғ) «топтастыру» әдісі бойынша тапсырма.

д) пікіралмасу



Ү. Жаңа сабақты бекіту(3-4 мин.)

ҮІ. Қорытынды(2 мин)

ҮІІ. Үй тапсырмасы(1 мин.)

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин.)

а) сәлемдесу, түгелдеу;

ә) оқу құралдарын тексеру;

б) бала зейінін шоғырландыру.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (10-12 мин.)

Топтарға ауызша тест сұрақтарын қою:
І топ:

1. Қазақстанды географиялық, тарихи және этнографиялық жағынан зерттеумен айналысатын тарихи-статистикалық бөлім қашан құрылды? (1919 жылы желтоқсанда).

2. 1920 жылы Табиғи өндіргіш күштерді зерттеу комиссиясы жанынан құрылған тұрақты және маусымдық экспедициялар немен айналысты? (Қазақстанның жер қойнауын, фаунасын, климатын, аумағын,мәдениетін, тілін кешенді ғылыми зерттеумен).

3. 1920 жылы құрылған алғашқы экспедиция Қазақстанның қай өңіріне аттандырылды? (Орынбор-Торғай).

4. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы қай жылы құрылды? (1932 жылы, наурызда).

5.КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы отрядтарының негізінде құрылған жаңа экспедицияларының саны: (8).

6. 1938 жылы КСРО ҒА-ның Қазақ филиалының төрағалық қызметіне кім тағайындалды? (академик А.Д. Архангельский).

7. Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында КСРО ҒАҚФ-ның құрамында қанша ғылыми қызметкер жұмыс істеді? (100-ге жуық).

8. Қазақстанның Ғылым Академиясы қай жылы құрылды? (1946 жылы 1 маусым).
ІІ топ:
1.КСРО ҒА-сы жанынан одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет ұйымдастырылған жыл: (1926 жыл).

2. Қазақ АКСР-ін кешенді зерттеудің бесжылдық жоспары қай жылы жасалды? (1926 жылы).

3. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасының төрағасы: (А.Н.Самойлович).

4. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылымдық жағынан алғашқы кезде қанша секторға бөлінді? (2 зоологиялық және биологиялық).

5. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасына 1935 жылы қай секторлар қосылды? (геология мен тарих).

6. Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Қазақ филиалы қай жылы ашылды? (1940 жылы).

7. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы 1938 жылдан бастап қалай аталды?(КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы).

8. 1934 жылы ашылған Қазақ ұлттық мәдениеті ҒЗИ-ның секторларын ата. (тарих және археология, тіл құрылысы, әдебиет пен фольклор, т.б.).



ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.(2-3 мин.)

ІҮ. Жаңа сабақ: (20 мин)
А) жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ә) жаңа сабақтың жоспарын дәптерлеріне жаздыру.



  1. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиетінің өкілдері, олардың шығармалары.

  2. Қазақстан әдебиетінде қалыптасқан 2 ағым.

  3. Қазақстан қаламгерлерінің қудалануы.


б) Ой шақыру;
Жазушылардың портреттерін көрсете отырып, олардың өмір сүрген уақыттарын атау.


в) Кесте толтыру:



Ақын-жазушылар

Шығармалары

А.Байтұрсынов

Б. Майлин

Ж. Аймауытов

С. Мұқанов

Ғ. Мұстафин

М. Жұмабаев
С. Сейфуллин

І. Жансүгіров

Ғ. Мүсірепов


«Маса», «Әдебиет танытқыш»,т.б.

«Азамат Азаматыч», «Жалбыр», т.б.

«Қартқожа», «Мансапқорлар», «Ел қорғаны» т.б.

«Жұмбақ жалау», «Сұлушаш» т.б.

«Өмір мен өлім» т.б.

«Шолпан», «Батыр Баян», «Ертегі», «Қойлыбайдың қобызы», «Жүсіпхан» т.б.

«Көкшетау», «Тар жол, тайғақ кешу», т.б.

«Құлагер», т.б.

«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» т.б.




г) Сабақты түсіндіру:
көрнекілік қолдану арқылы ауызша баяндау.
«Талап» қоғамының мақсаты мен қызметі:

А) қазақ әдеби тілінің, терминологиясы мен орфографиясы,т.б. мәселелерін қарастыру;

ә) ұлттық өнерді зерттеу;

б) қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу;

в) қазақ мектептерінде оқыту мәселесін қарастыру;

г) қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.

...................

әдебиет

2 ағымның айырмашылығына тоқталу.


ғ) «Топтастыру» әдісі бойынша тапсырма.



1. Жоғарыда аталған жазушылардың қайсысының шығармасы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін қамтиды? Нақты мысалдар арқылы дәлелдер келтіру.

2. Қайсысының шығармасында Кеңес өкіметінің орнауы сипатталады?


д) Пікіралмасу:


  1. Сіздер қалай ойлайсыздар, неге әдебиеттегі екі ағымның өкілдері де бірдей саяси қуғын-сүргінге ұшырады?

  2. Ақын-жазушылардың саяси қуғын-сүргінге ұшырауы қазақ халқының санасына кері әсер ете алды ма?


Ү. Жаңа сабақты бекіту(3-4 мин.)
Пікіралмасу барысында оқушылар берген жауаптарды толықтыра отырып жаңа сабақты бекіту.

ҮІ. Қорытынды: оқушылар білімін бағалау (2 мин)

ҮІІ. Үй тапсырмасы: §22 түсінік айту.

І топ:

1. Қазақстанды географиялық, тарихи және этнографиялық жағынан зерттеумен айналысатын тарихи-статистикалық бөлім қашан құрылды? (1919 жылы желтоқсанда).

2. 1920 жылы Табиғи өндіргіш күштерді зерттеу комиссиясы жанынан құрылған тұрақты және маусымдық экспедициялар немен айналысты? (Қазақстанның жер қойнауын, фаунасын, климатын, аумағын,мәдениетін, тілін кешенді ғылыми зерттеумен).

3. 1920 жылы құрылған алғашқы экспедиция Қазақстанның қай өңіріне аттандырылды? (Орынбор-Торғай).

4. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы қай жылы құрылды? (1932 жылы, наурызда).

5.КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы отрядтарының негізінде құрылған жаңа экспедицияларының саны: (8).

6. 1938 жылы КСРО ҒА-ның Қазақ филиалының төрағалық қызметіне кім тағайындалды? (академик А.Д. Архангельский).

7. Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында КСРО ҒАҚФ-ның құрамында қанша ғылыми қызметкер жұмыс істеді? (100-ге жуық).

8. Қазақстанның Ғылым Академиясы қай жылы құрылды? (1946 жылы 1 маусым).
ІІ топ:
1.КСРО ҒА-сы жанынан одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет ұйымдастырылған жыл: (1926 жыл).

2. Қазақ АКСР-ін кешенді зерттеудің бесжылдық жоспары қай жылы жасалды? (1926 жылы).

3. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасының төрағасы: (А.Н.Самойлович).

4. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылымдық жағынан алғашқы кезде қанша секторға бөлінді? (2 зоологиялық және биологиялық).

5. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасына 1935 жылы қай секторлар қосылды? (геология мен тарих).

6. Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Қазақ филиалы қай жылы ашылды? (1940 жылы).

7. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы 1938 жылдан бастап қалай аталды?(КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы).

8. 1934 жылы ашылған Қазақ ұлттық мәдениеті ҒЗИ-ның секторларын ата. (тарих және археология, тіл құрылысы, әдебиет пен фольклор, т.б.).



Әдебиет




«Талап» қоғамының мақсаты мен қызметі:
А) қазақ әдеби тілінің, терминологиясы мен орфографиясы,т.б. мәселелерін қарастыру;

ә) ұлттық өнерді зерттеу;

б) қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу;

в) қазақ мектептерінде оқыту мәселесін қарастыру;

г) қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.
Каталог: Histori
Histori -> Сабақ Тақырыбы: Алаш қозғалысына 90 жыл
Histori -> Сабақ тақырыбы: Жәңгір хан өз заманының білікті тұлғасы. Сабақ мақсаты
Histori -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті Сабақтың жоспары: Тест Сұрақ-жауап
Histori -> Уикипедия ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Histori -> Мұстафа қазақ елін, Орта Азия халықтарын жанындай жақсы көрді. Бірақ өмірін шет жерлерде өткізді. Әрине, ол оған оңай тимеді
Histori -> Сабақ: 2 Күні: Тақырыбы: Адам проблемасы Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері
Histori -> Сабақ тақырыбы: Жәңгір хан өз заманының білікті тұлғасы. Сабақ мақсаты
Histori -> Сабаќ таќырыбы: Соєыстан кейінгі єылым мен білім


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет