11-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §1. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі
Сабақтың мақсаты:
Жоңғар мемлекетінің құрылуынан бастап олардың жүргізген басқыншылық саясаты, қазақ жеріне басып кірудегі мақсаты, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама», «Ақырақай шайқасының» тарихын толығымен баяндау.
Алған білімдерін тереңдетіп, белсенділігін арттыру.
Отансүйгіш, елін, жерін сүйетін білімді азамат тәрбиелеу.»
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
«Жоңғар», «Қалмақ» сөздері айтылғанда ойымызға не оралады?
Олар туралы не білеміз?
«Елім-ай» әнінің тарихын білеміз бе?
Жаңа сабақтың жоспары:
Жоңғарлардың шапқыншылыққа дайындығы
Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты
Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы.
Қарақұмдағы құрылтай
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама».
Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысы, оған бүкіл халықтың бірігуі
1727 жылғы Бұланты бойындағы шайқас
Аңырақай шайқасы
Сабақты бекіту:
7-8 және 10 сыныптарда жоңғар шапқыншылығы туралы оқығандарыңды естеріңе түсіріңдер.
Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне не себеп болды?
Орбұлақ шайқасындағы қазақтар жеңісінің маңызы туралы әңгімеле
Қарақұмда өткен құрылтайда қандай мәселе шешілді?
Ордабасындағы жиынның тарихи маңызы неде?
Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудағы Абылайдың рөлі қандай?
Бағалау: Өзін-өзі
Үйге тапсырма: §1
11-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §2. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестің көшбастаушылары
Сабақтың мақсаты: Жоңғар шапқыншылыққа қарсы күрестің көшбастаушылары: хандар, билер, батырлар, олардың өмірі мен ерлігі туралы айта отырып, патриотизмге, шыдамдылыққа аралас тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне не себеп болды?
Орбұлақ шайқасындағы қазақтар жеңісінің маңызы туралы әңгімеле
Ордабасындағы жиынның тарихи маңызы неде?
Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудағы Абылайдың рөлі қандай?
Жаңа сабақтың жоспары:
Тәуке хан (1680-1715/18 жж.).
Әбілқайыр хан (1693-1748 жж.)
Абылай хан (1711-1781 жж.)
Батырлар
Қанжығалы Бөгембай Ақшаұлы (1680-1778 жж.)
Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы (1691-1769 жж.)
Наурызбай Құтпанбетұлы (1706-1781 жж.)
3. Билер
Төле би Әлібекұлы (1663-1756 жж.)
Қазыбек би Келдібекұлы (1665-1765 жж.)
Әйтеке би Бәйбекұлы (1682-1766 жж.)
Сабақты бекіту:
Тәукенің хан ретінде қандай ерекше қызметін, ал адам ретінде қандай жақсы қасиеттерін танып білдіңдер?
Әбілхайыр хан қазақ тарихында қандай қызметімен белгілі? Оның Кіші жүзді Ресей империясына өз еркімен қос жөніндегі әрекетін ексе түсіріп, баға беріңдер.
Абылай ханның жастық шағындағы және азамат болғаннан кейінгі жеке басының қандай қасиеттері ұнады?
Абылай батыр, қолбасшы, мемлекет, қоғам қайраткері, мәмілегер екенін нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
Тарихта Қабанбай мен Бөгенбайдың батырлығы ерекше аталады, осыны дәлелдейтін нақты мысалдар келтіріңдер.
Билер қазақ қоғамында қандай қызмет атқарған? Олардың шешендігіне, мәмілегерлігіне мысалдар келтіріңдер.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §2.
Достарыңызбен бөлісу: |