Сабақтың тақырыбы: ХҮііі ғасырдағы қазақ батырлары Сабақтың мақсаты



Дата19.02.2017
өлшемі50,68 Kb.
#11032
түріСабақ
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелері

Сынып: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: ХҮІІІ ғасырдағы қазақ батырлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік.ХҮІІ ғасырда Батыс Монғолияда ойраттардың Жоңғар хандығының құрылуымен таныстырып, Жоңғарлармен болған шайқаста қазақтың ер жүрек батырларының ерлік істері, өмірі жайлы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушыларды материалды жүйелеуге, оқиғалар арасын байланыстырып, одан қорытынды шығаруға қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға Отанымыздың тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрескен батырлардың ерлігін айта отырып, жауаптылыққа, батылдыққа үйрету, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: сөз құрақ, сөз жұмбақ, онологиялық кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Негізгі түсініктер: қоңтайшы, тархандық, жоңғар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру, сұрау.

Сұрақ-жауап арқылы.

1.Қазақ хандығы қай жылы құрылды.?

2. Қазақ хандығының негізін қалаған ?

3. «Қазақ»атауының мағынасын түсіндіріңдер

4. Қазақтың үш биін атаңдар?

ІІІ. Жаңа сабақ: Жоспары

Жоңғар мемлекетінің құрылуы.

Бөгенбай батыр (1680 – 1778)

Қабанбай батыр (1691 – 1769)

Наурызбай батыр (1706 – 1781)

Баян батыр (1709 – 1756)

Балалар, сендер қандай қазақтың батырларын білесіңдер?

Жоңғар мемлекеті – ХҮІІ ғасырдың 30-жылдарында Батыс Монғолияда құрылған әскери-феодалдық мемлекет. Жоңғар хандығының алғашқы ханы Батыр Қоңтайшы. Жоңғар мемлекеті әскери күші жағынан мықты да қуатты мемлекет болды. Жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығы ХҮІІ ғасырдың бас кезінде басталды. Яғни 1681 – 1684 ж.ж. жоңғарлар жасаған жойқын жорықтар салдарынан сол кездегі қазақ халқы үштен екісінен айырылды.

Жоңғар қоңтайшыларының басты мақсаты:

- Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру.

- Қазақ жерін иемдену.

Солардың ішінде 1723 жылы «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын сендер кейін жоғарғы сыныптарда тереңірек оқып білетін боласыңдар.Қаракерей Қабанбай батыр Қожағұлұлы (1691-1769). Қабанбайдың шын есімі Ерасыл. Әкесі Қожағұл да өз заманында батыр болған. Әкесінен 7 жасынан жетім қалады. Оның ерекше тұлғасына қарап, жеңгелері Нарбала деп атаған. Ерасылдың аты ерлігімен 13 жасында шыққан. Қабанбай қырғыздармен, өзбектермен, жоңғарлармен болған барлық шайқастарға дерлік қатысқан. 1750 жылдары қазақ жерін қалмақтан босату үшін болған бір ірі соғыста асқан ерлік көрсетеді. Абылай ханның жарлығымен «Дарабоз батыр» атанған.Наурызбай Құттымбетұлы (1706 – 1781) Наурызбай Ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан. Қазіргі Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлер Наурызбай батырдың қоныс қылған жұрты екен. 20 жасынан жоңғарлармен болған шайқастарға қатысады. Наурызбай ең алғаш жоңғарлармен шайқасқа өзінің атасы Төлеміс сыйға берген ала атқа мініп шыққан екен.Баян батыр (1709 – 1756) абылай ханның өзі оны алғырлығы, тапқырлығы үшін ерекше құрметтеген. Қазақ-жоңғар соғыстары кезінде көрсеткен ерліктері үшін халық «Батыр Баян» деп атап керкен. Ол өз ағасы Сарымен бірге қалмақтармен болған шайқаста қаза тапқан. Батыр Баянның ерлігі қазақтың ұлы ақыны М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанында жақсы бейнеленген. Күтпеген жерден қазақ жеріне жасаған жоңғарлардың шабуылынан қазақтар тоз-тоз болып, мал-мүлкінен айырылып, жол бойы қырылады. Қасіретті осы оқиғаға байланысты қазақ халқының «Елім-ай» әні дүниеге келді. Қазақ халқы қашанда қиындыққа мойымай, оны көтере білген. Осындай қиын-қыстау заманда қазақтың бетке ұстар азаматтары қолдарына қару алып, елін жауларынан қорғады. Жоңғарлармен болған шайқаста қазақтардың елім деген ерен, ер жүрек батырларының ерлік істерімен даңқы шықты. Атап айтсақ, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, т.б.

Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы (1680 – 1778). Бөгенбай батыр 1680 жылдары Түркістан өңірінде Бөген өзенінің жағасында дүниеге келген. Әкесі Ақша да Тәуке ханның 80 мыңдай қолын бастаған сардар болған. 1778 жылы қайтыс болып, Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде жерленген.

Жылдар сөйлейді

1723ж


1742ж

1750ж


Бөгенбай батыр (1680 – 1778)

Қабанбай батыр (1691 – 1769)

Наурызбай батыр (1706 – 1781)

Баян батыр (1709 – 1756)



Инклюзивті оқушылармен жұмыс

1. . ...........Ақтабан шұбырынды оқиғасына байланысты .......................өлеңі дүниеге келді.

2. 1680 жылы ...........................батыр дүниеге келді

3. «Дарабоз» атанған батыр кім?

Деңгейлік тапсырмаларды орындау

1-тапсырма

17 ғасырда .......................................мемлекеті құрылды. Жоңғар мемлекетінің басқарушысын..........................................қонтайшы деп атаған. ...........Ақтабан шұбырынды оқиғасы болды.



2-тапсырма «Математикалық ойын»

Берілген жылдарды бір-біріне қосып , азайтып сол жылы не болғанын айту.

1500+200-20 = Бөгенбай батырдың туған жылы

2000-1000+723 = Ақтабан шұбырынды оқиғасы

1000+750 = Қабанбай батыр ерлік көрсеткені үшін «дарабоз батыр» атанды

3-тапсырма

Мұнда әріптер берілген, әріптерден сөз құраймыз, әріптерден қазақтың батырлары шығады.



1.ЛГЙБӨАБНЕ ОРБЫТА бөгенбай батыр

2. ТЙҚААБАБН ПАРЫБТ қабанбай батыр

3. ПЙНАУАБРЗЫ СРБАЫТ наурызбай батыр

4. КЯНАБ ГАРЫТБ ( Баян батыр)

Сабақты бекіту. Тест сұрақтары арқылы бекіту.

1.« Дарабоз» атанған батыр.

А) Бөгенбай Ә) Батыр Баян Б) Қабанбай

2. Төменгі батырлардың қайсысы М. Жұмабаевтың кейіпкері?

А) Бөгенбай Ә) Наурызбай Б) Батыр Баян

3. Тархандық атақ алған батырлар:

А) Наурызбай; Бөгенбай Ә) Баян батыр, Қабанбай Б) Жәнібек, Есет, Малайсары батырлары

4. « Алатаудай Ақша батыр» деп қай батырды айтқан?

А) Бөгенбай Ә) Наурызбай Б) Қабанбай

5. « Ақтабанды шұбырынды» оқиғасы қай жылы болды?А) 1723 ж Ә) 1726 ж Б) 1728 ж

6. Қабанбайдың шын есімі:А) Қоңтайшы Ә) Төлеміс Б)Ерасыл

7 Қай батырдың әкесі Тәуке ханның 80 мыңдай қолын бастаған сардар болған?

А) Қабанбай батыр Ә) Наурызбай батыр Б) Бөгенбай батыр

8. « Ақтабанды шұбырынды» оқиғасына байланысты қандай ән дүниеге келді?

А) Тархандық Ә) Елім- ай Б) Жерім – ай

Жауаптары: 1 – б, 2 – б, 3 – б, 4- а, 5- а, 6-б, 7-б, 8-ә.

Бағалау.

«5» – 8


«4» – 7, 6

«3» – 5,4



«2» – 3

Үйге тапсырма: 31 парагфты оқу мазмұндау, соңындағы сұрақтарға ауызша жауап беру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет