Проблемалық сұрақ:
- Хлор атомының электрондық конфигурациясын жазыңыз.
- Хлор атомы тұрақтыма?
- Не себептен хлор табиғатта атом түрінде кездеспейді?
- Хлор атомы тұрақтылыққа қалай жете алады?
Әрбір хлор атомына сыртқы электрон қабатын толтыру үшін бір электрон қажет.
Хлор атомдары өзара қалай байланысады?
Оқушыларды төрт топқа бөліңіз, әр топ постерде SCl6 , C2H4 , PCl5, SO3 молекулаларының түзілу механизмдерін «айқыштар мен нүктелер» диаграммасын салуды ұсыныңыз.
Топтар бірін-бірін тексеріп бағалайды (егер жазған диаграмаларымен дұрыс деп келіссе, онда жасыл карточкаларын көтереді, келіспесе қызыл немесе стикер береді).
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|