Сабақтың ортасы
15 мин.
|
Жауаптар тексеріліп, дәптерге смайликтер қою арқылы бағаланады.
Ары қарай оқушылардан тұрмыстық жағдайда қандай концентрлі ерітінділерді білетіндіктерін сұрау.
Оқушылардан концентрлі және молярлы концентрлі ерітінділерді қалай сұйылтуға байланысты есептерді bilimland.kz сайтынан талдап, мысалдар келтіреміз.
|
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
http://smk.edu.kz/Attach/FileDownload/96641250-bc5e-4dcb-ab8a-929b0e04ee1d
|
Топтық жұмыс
6 мин
|
Топқа бөліп есептер жазылған парақ таратылады:
Есепті тексеру бірін-бірі бағалау арқылы жүреді.
|
1. 200 г 15%-дық ерітінді дайындау үшін қанша тұз және су алу керек?
2. 200 г 10%-дық ерітіндіге 10г тұз қосылды. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қалай өзгереді? Есептеп дәлелде.
3. 300 г 20%-дық ерітіндінің 30% буланып кетсе қалған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қанша болғаны?
4. Натрий гидкросидінің көлемі 2000мл ерітіндісінде 16 г еріген зат болса, осы ерітіндінің молярлық концентрациясы қанша болғаны?
5. Көлемі 25 мл 10М күкірт қышқылының ерітіндісіне 225 мл суды араластырған кейінгі ерітіндінің молярлық концентрациясы нешеге тең?
6. 100г 5% -дық ас тұзының ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм құрғақ тұз және қанша грамм су алу керек?
7. Ас тұзының 0,2 М көлемі 250 см3 ерітіндісін дайындау үшін қанша грамм құрғақ тұз және қанша грамм су алу керек?
8. Массасы 25 г тұзға 225 г су қосылды алынған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қандай?
9. Егер дайын ерітіндіге еріген заттан тағы қосатын болсақ, онда ерітіндінің концентрациясы өзгере ме? Неге?
10. 150 г 40%-дық ерітіндіге 50г су қосылды? Алынған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қандай?
11. Натрий гидроксидінің 150г 10%-дық және 250г 30%-дық әр түрлі концентрациялы ерітінділерді араластырған. Екі ерітінді қосылған соң алынған жаңа ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі қандай?
|
|