Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
8.2B Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару
|
Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің "№47 жалпы білім беретін мектебі" КММ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Бірлес Айжан
|
Сынып: 8 а
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару.
|
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)
|
8.2.3.5 -химиялық реакция теңдеулері бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептеу.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану. Есеп шығару
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Химиялық реакция теңдеулерін құра алады. Заттың массасы мен зат мөлшерін табады.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
|
Кейбір оқушылар:
Химиялық реакция теңдеулеріне сандық есептер шығарады, түрлендіріп қолдана алады.
|
Бағалау критерий
|
Қосылыстардың массасын және зат мөлшерін есептейді.
Химиялық реакция теңдеулерін жазады, теңестіреді.
Формуланы түрлендіріп, есеп шығаруда қолданады
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
Кейбір химиялық элементтердің жай заттармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін ауызша түсіндіре алады. Осы реакция бойынша заттың массасын, зат мөлшерін есептейді.
Пәнге қатысты лексика және терминалогия:
Моль,молярлық масса,масса.
Диалогка/ жазылымға қатысты тіркестер:
Барлық тірі ағзаларда қандай зат процесі жүреді?
Өсімдіктер әлемінде зат алмасу процесі кезінде маңызды орын алатын химиялық реакция?
|
Құндылық
тарға баулу
|
Бірлесе жұмыс жасау, жұппен жұмыс жасау, белсенді болу, білім алуға дайын болу.
Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын және сұрақ қою дағдыларын қалыптастыру.
|
Пәнаралық байланыс
|
Биология, математика
|
Алдыңғы білім
|
8.1.1.3 –химиялық элементтердің салыстырмалы молекулалық массасы.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарлан
ған
кезеңі
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы: 3 минут
5минут
|
Сәлемдесу, психологиялыө ахуал туғызу
3 топқа бөлу (зат мөлшері, масса, Авагадро саны)
Үй тапсырмасын сұрау:
«Cұраққа жетіп ал» әдісі үй тапсырмасына шолу жасау. «Лездік» сұрақтар
Атом және молекула ұғымдарының айырмашылығы неде?
Заттың химиялық формуласы нені көрсетеді?
Химиялық формуладағы коэффициент пен индекс нені көрсетеді?
Химиялық элементтің валенттілігі деген не?
Зат мөлшері, өлшем бірлігі, формуласы
Масса, формуласы, өлшем бірлігі
Амадео Авогадро деген кім?
Молярлық масса
Химиялық реакция типтері
N таңбасы нені білдіреді?
|
Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай қағаздар алады
|
Сабақтың ортасы 15 минут
10 минут
|
Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндірмесі
Заттар химиялық реакцияға түскенде белгілі бір массалық және мөлшерлік қатынаста әрекеттеседі. Барлық есептер зат массасының сақталу заңына негізделіп шығарылады.
Оқушылардан реакция өнімінің массасын есептеу үшін қажетті есептеу алгоритмдерін құрастыруды ұсыныңыз.
Есеп шығарудың алгоритім:
Есептің қысқаша шартын құрастыру.
Химиялық реакцияның теңдеуін құрастыру.
Сәйкес заттардың формулаларының үстіне белгілі және белгісіз шамаларды жазу
Белгілі масса бойынша зат мөлшерін есептеу.
Белгісіз заттың зат мөлшерін мольдік қатынас бойынша есептеу.
Есептің жауабын жазу.
Дескриптор
- реакция теңдеуін жазып, теңестіреді
- зат массасының сақталу заңын есіне түсіре отырып, бастапқы заттар мен өнімдердің айырмашылығын сипаттай алады.
|
Плакаттар,
кеспе қағаздар,қосымша материалдар,
формула жазылған парақшалар
|
Аяқталуы
2 минут
8 минут
|
2-тапсырма Жұптық жұмыс «Бір минуттық әңгіме» әдісі.
Сергіту сәті (химиялық жұмбақ)
1топ:
1)Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.(оттек)
2)Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.(су)
3)Сыныптан бір шықпайды. Тимесең жұқпайды. Жәрдемсіз бұл заттың Оқушы сабақ ұқпайды.
2топ:
3)Осы затпен ескі үйді алсатайды, Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.(күкірт)
4) Бірінші бөлігім қабылда деген сөздің мағынасын береді, екінші буыным шараппен улану деген мағынада, ол қандай тұз? (Алмас)
. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге(су)
3топ:
1.Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін? (Азот)
2.Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім, шипалы газ деп те есептейді. (Озон)
Машина мен трактордың жаны,
Қара металлургияның наны. (темір)
Өзі ауыр металға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады
ҚОРҒАСЫН, ПЛУМБУМ – Pb
3-тапсырма Жеке жұмыс
Қалыптастырушы бағалау
Бекіту сұрақтары
Алгоритм
Тест
Рефлексия
«Бәрі сенің қолында»
Өзіңіздің қолыңызды параққа қойып, алақандарыңыздың бейнесін қағаз бетіне түсіресіздер. Әр саусақтың өзіндік пікірлеріңізді білдіретін ұстанымы бар.
Бас бармақ-мен үшін маңызды және қызықты
Балан үйрек-маған қиын болды (ұнаған жоқ)
Ортақ терек-мен үшін жеткіліксіз болды
Шылдыр шүмек-менің көңіл-күйім
Кішкентай бөбек-менің ұсынысым
Үйге тапсырма: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару 67 бет №5 ,есеп
|
Үлестірме қағаз
Периодтық кесте
|
Қосымша ақпарат
|
Фотосинтез процесін формула түрінде жазатын болсақ төмендегі суретте көрсетілгендей болып келеді.
6СО2 + 6Н2О = С6Н12О6 + 6О2
Өсімдіктерде фотосинтез процесі орын алатын жер клетканың хлоропласт деп аталатын органелласы болып табылады. Клетканың өзін бейне бір фабрика түрінде елестетуге болады. Оның ішінде адам санап бітпейтін саналуан механизмдер орын алып жатыр. Бір қызыға сол механизмдердің әр-бірі басқасына тәуелді және тығыз байланысты. Белгілі бір қызмет атқаратын клетканың бөлімшесі органелла деп аталады. Өз кезегінде хлоропласт бүкіл клеткаға азық болатын глюкозаны өндіріп шығарады.
|
https://massaget.kz/blogs/ 18707
|
Саралау – Сіз тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Үлгерімі жоғары оқушыларға тапсырма:
1.0,5 моль магний күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген газдың зат мөлшерін есепте.
2.6,4 г кальций оксиді күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген тұздың және судың зат мөлшері.
Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырма:
1.Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз не?
2. Зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым?
|
Бағалау -Сіз оқушылардың
материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасын сақтау
|
Оқушылардың үйренгенін тексеруді тиімді бағалау әдістері арқылы жоспарлаймын.
1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мадақтаулар арқылы бағаланады.
2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бағалау парағы арқылы бағалаймын.
4. Кері байланыс (ауызша).
5. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану
|
Биология, математика байланысты.
Қауіпсіздік техникасы ережелері.
Жауапкершілікті сезіну, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, жауапкершілікті сезіну,білім алуға дайын болу.Экологиялық білім беру.
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
|
Жалпы бағалау
Сабақ ең жақсы өткен екі нəрсе табысты болды (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұданда жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы не анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|