9-сынып Қазақ әдебиеті Күні: 21/10
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин
Мақсаты:
1. Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің тақырыбын ашу.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.
3. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы
Көрнекілігі: интерактивті тақта.окулық,хрестоматия
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі.
Күтілетін нәтиже: «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгімелермен таныс бола отырып, өзіндік ой қорытып, ненің жақсы,ненің жаман екенін айыра алады. Тіршіліктің тұтқасы еңбек,білім,өнер екенін түсінеді.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру,дайындығын бақылау
Сабақтың мақсатын айту.
– ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі
Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салу мақсатында өткізіліп отырған бүгінгі ашық сабағымызда әңгімелерін талдау барысында өз ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған сұрақтарға толық жауап беру талап етіледі.
Үй жұмысын тексеру
«Хронологялық кесте» тапсырмасы.(Рет-ретімен тұрған сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер)
1841 – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды.
1850 – Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.
1857– Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859– Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп
ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып,
Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп
ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде
оқытқан жылы.
1864 – Мектептің қаңтар айында ашылған жылы
14 – Сол мектепке қабылданған бала саны.
1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы
1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған
кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш
кітабымды кеше ғана бастадым,» – деп жазған жылы
1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы
1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы
1889 – қайтыс болған жылы.
ІІ. Мағынаны тану
Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
«Қазақ хрестоматиясына» енген шығармалары.
Ыбырай лирикасы: табиғат бейнесін суреттеген «Өзен», «Жаз» өлеңдері,жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа,ата-ананы,досты сыйлауға шақыратын «Бұл кім?», «Әй,достарым!», «Әй,жігіттер!», «Ананың сүюі» өлеңдері бар. Әлеуметтік теңсіздік:«Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері».
Шағын әңгімелері.
Адамгершілік тәрбиесіне арнаған «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Алтын шекілдеуік», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Әдеп», «Тәкаппарлық», «Байұлы» т.б.
Ыбырайдың жастарды,ізгілікке, бауырмалдыққа, мейірімділікке, достық, жылы жүректілік қасиеттерге баулитын «Бір уыс мақта», «Аурудан аяған күштірек», «Мейірімді бала», «Полкан деген ит», «Таза бұлақ», «Әділдік» т.б. әңгімелері бар. Жастарды еңбекті сүюге,оқуға, өнерге ұмтылуға жігерлі,төзімді болуға үндеген «Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш», «Жан-жануарлар айтысы», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Мұңсыз адам» т.б. әңгімелері. Өнер мен білімді үлгі еткен «Лұқпан әкім», «Зеректік», «Силинші ханым», «Білгеннің пайдасы», «Талаптың пайдасы», «Атымтай жомарт» әңгімелері.
Орыс жазушыларынан аудармалары:
И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.
1. Топтастыру стратегиясы.
Ақын ағартушы педагог
Ы.Алтынсарин оқулық авторы
Жазушы
Ғұлама шағын әңгіме шебері
2. «Топтық зерттеу» стратегиясы. (кубизм)
«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесі бойынша.
1. Мазмұндау,баяндаушылар
2. Зерттеушілер
3. Сұрақ құрастырушылар
4. Сурет салу
5. Дәнекерлеушілер (Қазіргі заманмен байланыстыру)
3. «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы
«Әке мен бала», «Жаман жолдас» әңгімелері бойынша талдау жұмыстары.
1 топ
|
2 топ
|
Әке
|
Бала
|
Жақсы
|
Жаман
|
Үлкен кісі
Тағаны алады
Ақылды адам
Шие сатып алды
Еңбектенді
|
Жас бала
Алғысы келмейді
Ақылсыз бала
Сатып алмады
Еңбектенген жоқ
|
Ауру жігіт
Жерге құлады
Жерден тұрды
Жауап берді
|
Сау бала
Ағашқа шықты
Ағаштан түсті
Сұрады
|
4. «Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа»
-Қандай жолдаспен дос болу керек? Пікірталас
5.Ой бөлісу.
1. «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты» «Оренбурский листок» газетінен
2. «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз»
Ы.Алтынсарин.
3. «Халық мектептері үшін ең керектісі –оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды» Ы.Алтынсарин.
4. Қазақтарға-осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру қалай дегенмен де қажет болып отыр»
Ы.Алтынсариннің (губернаторға жолдаған баяндамасынан)
ҮІ. Ой толғаныс «Бес жолды өлең»
1.Ыбырай-педагог
ҮІІ.Сабақты қорытындылау. Бағалау
Оқушыларды сабаққа қатысына қарай бағалау
ҮІІІ.Үйге тапсырма:
«Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы» тақырыбына эссе жазу.
9 сынып Қазақ әдебиеті Күні:14/10
Сабақ тақырыбы: Ы. Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»
Сабақ мақсаты:
білімділік: Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашу.
дамытушылық: оқушыларды өзінше ой түюге баулу, олардың танымдық түсінігін, тіл байлығын дамытып, сөйлеу, жазу шеберліктерін арттыру.
тәрбиелік: оқушыларды еңбекті сүюге, жігерлі, төзімді болуға, еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеп, «адал еңбек мұратқа жеткізеді» деген ой қорыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақты дидактикалық материалдармен қамту: слайд, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Сабақта жұмыс істеуге жағдай жасау
3. Оқушыларды психологиялық тұрғыдан қарым-қатынасқа дайындау
4. Сабаққа дайындықты тексеру
5. Оқушылардың назарын ұйымдастыру
6. Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Шоқан мақалаларын оқу.
ІІІ. Жаңа материалды зерделеу.
Слайд.
Ыбырай Алтынсарин1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған.
Атасы өз заманының беделді адамдарының бірі болған, заман ағымын аңғарғыш, оқу – өнердің маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар Ыбырайды Орынборда ашылмақ болған, болашақ орыс- қазақ мектебіне жаздырып қойды.
1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі – Ыбырай болған.Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша чиновниктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан- жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1957 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді. 1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады.
Ыбырай Алтынсаринның айтулы шығармасының бірі-»Қыпшақ Сейітқұл». Сейітқұлдың іс-әрекетінен оның өмірге жаңаша талаппен қарайтындығы байқалады. Жер шаруашылығымен айналысуы, бұл кәсіптің тиімді тәсілдерін қолдануы (шығыр салу, арық қазу,т.б), сүйтіп, оның айналасындағылардың орташа тіршілік етуге жетуінің өзі бірліктің, еңбектің нәтижесі екендігін сипаттайды. Әңгіменің тәрбиелік жағы-осындай жаңашылдық бағытында. Сол арқылы қоғамдық құбылыстармен жұртшылықты кеңінен таныстыру мақсаты көзделген.Әрі бұл әңгіме тарихи болған оқиғаның негізінде жазылса керек. Оны автордың өзі атап көрсетеді.
Сөздікпен жұмыс
Кезіп жүріп – аралап жүріп
Жер жырту – обрабатывать, пахать землю
Мал етті – меняли на скот
Шығыр салды –
Жарлы -жақыбайлар – бедняки
Таянды – достигло
Адал бейнет – честный труд
Табан ет – физический труд
Маңдай терімен – потом
Бір ауызға қарап бекінген халық – живший в согласии народ
Жәрмеңке реушті – подобно ярмарке
Табар – искаженное от «товар»
Жоспары:
1.Сейітқұлдың ойы;
2.Қабырға өзені бойына қоныстануы;
3.Егін егуі;
4.Артық астықты малға айырбастауы;
5.Сейітқұл елінің 450 үйге жетуі;
6.Қауіпсіздік шаралары;
7.Базар ашуы;
8.Сейітқұл жұртының бай болуы.
Әңгімені идеясы: Адал еңбек – мұратқа жеткізеді
Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма. Оқулықтың 33-34 бетінде, Жалпы Ыбырай Алтынсарин өмірі, «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесі және сұрақтар мен тапсырмалар берілген.
ІҮ. Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Әңгімені оқып, мазмұнын баяндау.
V. Қорытындылау.
VI. Бағалау.
9 сынып (6 сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин
Сабақтың мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны,әңгімелерінің мазмұнымен танысады, тақырыптары мен идеясын ашады.
Міндеті:1.Мазмұнға байланысты міндет: әңгімелердің мазмұнымен таныса отырып,әңгімелерді тақырыптарына қарай топтайды, мәтін мазмұнын өмірмен байланыстырады;
2.Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс-әрекеттерін талдайды;
3.Топтық міндет: оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды, толықтыру арқылы мәтін мазмұнының түсініксіз жерлерін айқындайды.
Сабақтың түрі: жаңа оқу материалдарын оқып-үйрену сабағы
Сабақтың әдісі: «бір айналым сөйлесу», «үш жақты күнделік»,
«топтастыру», «еркін жазу» стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарына байланысты суреттер жиынтығы, сызба - кесте.
Бағалау: ойды еркін жеткізе айта білу қабілеттерімен
Сабақтың құрылымы:
I. Қызығушылығын ояту. Оқушыларды III топқа бөлу.
«Ой ашар»: - Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
II. Мағынаны тану
- Балалар бүгін осы алған білімдерімізді толықтыру мақсатында «Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны, әңгімелерінің тақырыптарыментанысамыз.
- Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.
Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.
1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.
1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.
Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.
Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады
Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.
Алдымен әңгіме дегеніміз не?
- Әңгіме – адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма.
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. Шығармалары қысқа мазмұнға құрылады. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел қолдану, әр әңгіменің тәлім-тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлу – Ыбырай шығармаларының ерекшелігі деп айтуға болады.
- Ыбырай шығармаларының тақырыптарын анықтау үшін қазір сіздерге суреттер таратамын. Сол суреттер қандай тақырыптарға арнап салынған, соны топ болып қорғайсыздар.
(III топқа оқу-білім, өнер, адамгершілік тақырыптарына байланысты суреттер беріледі, оқушылардан сұралады)
Ыбырай әңгімелерінің тақырыптары
Еңбекке баулитын шығармалар
Өнер-білімді үлгі етуге арналған шығармалар
Адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар
(кесте арқылы түсіндіріледі)
- Балалар, қазір Ыбырай әңгімелерін тақырыптарына қарай топтаймыз.
I топ Еңбекке баулитын шығармалар;
II топ Өнер-білімді үлгі етуге арналған шығармалар;
III топ Адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар.
(Оқушыларға 7 минут уақыт беріледі)
Оқушылардың ойлары тыңдалады, кесте арқылы толықтырылады.
- Балалар, бүгінгі тақырыпты толығырақ түсіну үшін әр топ оқушылары берілген мәтін мазмұндары бойынша кесте толтырамыз. Алдымен мәтін мазмұнымен танысыңыздар.
«Үш жақты күнделік» стратегиясы
Мәтіндегі ең маңызды, өзіңізге ұнаған үзінді.
Түсініктеме беру.
Лайықты мақал
(топ оқушылары бірлесе отырып, қорғайды)
III. Ой толғаныс
- Балалар, сонымен бүгін не үйрендік, не білдік?
- Ыбырай әңгімелері туралы білетіндерімізді бір-бір сөйлеммен қорытындылайықшы.
«Бір айналым сөйлесу» стратегиясы
- Ыбырай –балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы. (Оқушылар жалғастырады)
Оқушылар бағаланады
IV. Үйге тапсырма беру:
1. Ыбырай әңгімелерінің мазмұнын оқу, тәрбиелік мәніне көңіл бөлу;
2. Өздеріңізге ұнаған бір әңгіменің мазмұны бойынша сурет салу.
Достарыңызбен бөлісу: |