Қарағанды облысы,Балқаш қаласы, С.Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Батталова Алия Омиржанқызы
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы
Сабақтың мақсаты: а) Поэманың сюжеттік негізіне алынған күй аңызының мазмұнын, қобызшы тартқан «Бозінген» күйі, оның күй тарту шеберлігін тереңірек ұғындыру
ә) Шығарманы талдау арқылы оқушының сыни ойлау дағдыларын, біліктілік қабілеттерін, тілін,шығармашылық құзіреттіліктерін дамыту
б) Өнер құдіретін бағалауға, халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеуге, қазақтың күй өнері мен күйшілігінің құдіретін сезіне білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: еске түсіру, сұрақ - жауап, салыстыру, іздену, талдау
Пәнаралық байланыс: музыка
Көрнекіліктер: слайдтар, интерактивті тақта, сызбалар, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1. Оқушылармен танысу тренингін өткізу
2. Топқа бөлу (4 топ «Күй» , «Күйші», «Домбыра» , « Қобыз»)
3. Әр топқа бағалау парағын тарату
І .Қызығушылықты ояту
Кіріспе.
(сабақ басталғанда қобызбен тартылған күй сарыны естіліп тұрады ).
І. Жансүгіров шығармашылығы бойынша шағын шолу(суреттері, хроникалық таблица көрсетіледі.)
Әдебиет әлемінде өз халқының ұлттық қазынасына құнды мұралар қалдырған ұлылардың бірі І. Жансүгіров. Ұрпақ үшін оның парасат әлемі, білгір суреткерлігі, зор адамгершілік үлгісі - өшпейтін өнеге мектебі. Ұлылар бойындағы ортақ қасиет көп қырлылық болса, бұл ерекшелік Ілияс талантына тән. Ол әрі лирик, әрі эпик, әрі драматург, әрі сатирик. Яғни, ол өз шығармашылығында әдебиеттің барлық жанрын да қамтиды, әдебиеттің барлық жанрын да бірдей жемісті еңбек етті.
Дегенмен біз Ілиясты ең алдымен ақын деп қабылдаймыз. Ол - ақын болып туылған адам.
- Ілияс шығармаларындағы өнер тақырыбы
Жасынан ән - күйді терең сезініп, жанымен түсінетін Ілияс әдебиетке ән - күйдің құдіретті күшін жырлай шықты (сызба көрсетіледі).
Мына сызбаға назар салыңдар, Ілиястың өнер тақырыбына жазылған шығармаларын көреміз.
«Әншіге», «Бұлбұлға» атты алғашқы өлеңдерінде ақын әннің өзіне, басқа тыңдаушыларға әсерін сырттай суреттеу арқылы әнді, өлеңді өзінің терең сүйетінін білдіреді.
Өзінің кең құлашты поэмаларымен қазақ әдебиетінің алтын қорын молайтқан Ілиястың 15 - ке жуық поэмасы бар. Сызбада ән - күйдің алуан сырын, сансыз күйін жеткізе білген ақын поэмалары берілген.
Үй жұмысын сұрау
1. Ілияс Жансүгіров – қазақ поэзиясының Құлагері
2. “ Күй күшті,тауды-тасты бұзатұғын” ойтолғау
3. Күй құдіреті
4. “ Визуалды айғақ ”
І.Ілияс Жансүгіров – қазақ поэзиясының құлагері
Ақыл – ой, ақындықтың киесі – Ілияс
Түгел сөздің түбі бір, жүйесі – Ілияс
Құлагердей шабысын дүбірлеткен,
Күй құдіреті, иесі сен – Ілияс.
Ілияс сөзі – шындықтың тиянағы,
Сондықтан ол тарихтан сый алады.
Ақын атам құлағыма құйған сөзі,
Жүрегімнің түкпіріне ұялады.
Жарып өткен дәуірдің қиын заңын,
Дауылдаған жырың — өрт, күйің — жалын.
Күй, Күйші, Құлагерді тыңдағанда,
Ілияс ата, өзіңе сыйынамын.
Ол қазақ өнерінің, күй өнерінің, қара қобызы мен домбырасының қасиетін дәріптеп, танытып кетті.
М.Қаратаев
Жасынан ән-күйді терең сезініп, жанымен түсінетін Ілияс әдебиетке ән-күйдің құдіретті күшінің туын көтере шықты
Тілінің көркемдігі, сөз образдарының байлығы жағынан Ілияс қазақ әдебиетінде айрықша орын алады.
Қ.Жұмалиев.
“ Кубизм ”стратегиясы
І.Талда
ІІ.Салыстыр
ІІІ.Анықта
ІҮ.Зертте
І.Талда (СКТ , шығармаға жоспар құру)
1.Авторы – Ілияс Жансүгіров қазақтың ұлы ақыны,
2.Тақырыбы: күй өнері , күйдің құдіреті.
3.Жанр түрі –поэзия (өлең).
4.Идеясы –халық өмірін қастерлеу , күй өнерін бағалау ,
5.Шумақ – 32
6.Тармақ – -120
7.Бунақ – - 3-2 .
8.Буын -11
9.Ұйқас түрі –Қара өлең ұйқасы.( а-а-б-а)
10.Тәрбиелік мәні.Өлеңде Бозінгеннің ашы зарын қобызшы күй арқылы жеткізе отырып, күйдің құдіреттілігін білуге тәрбиелейді.Ұлттық құндылығымыздытүсінуге,дәріптеуге үйретеді.
а) поэманың басталуы
- Қобызшы Молықбайдыі портреті
- Ол тартқан күйлер
- Күй тыңдауға құмарланған балалар
- Күй құдіреті
ә) «Бозінген» күй шерткен сыр
- Бағылан байдың байлығы
- Үкілеп боз тайлақ
- Жетім тазшаның болжамы
- Інгеннің боталауы
- Ботасынан айырылған бозінген зары
б) «Күй күшті, тауды - тасты бұзатұғын»
ІІ. Анықта (ақын қолданған бейнелі сөздерді, теңеу, эпитеттерді табу)
Теңеу
|
Эпитет
|
Кейіптеу
|
Екі көз жасты өзендей сорғалатып
|
Күл көрпе, қорда төсек, қара тас, алтын басты, құба құм, қоңыр түн, әсем күй, жүйрік үн, зарлы қобыз, алтын күн, мұңды дауыс
|
Кейде күй, талмаураған, талықсыған,
Кейде өжет, кейде долы албыртсынған,
Сыр суы көңілі босап, сыңқылдаған,
Тұнжырап,жейде, жыңғыл дым үндемей,
Күйініп көкте жұлдыз жел жылаған.
Селеулер жел оятқан билеген би.
|
|
|
|
(«Бозінген» күйін бейнелеудегі ақынның тіл шеберлігін табу)
Күтімдегі інгеннің сұлу мүсінін білдіретін сөздер мен сөз тіркестері
|
Сатылған інгеннің зарын бейнелейтін сөздер мен сөз тіркестері
|
Табиғат көріністерінің Бозінгеннің зарын бейнелеудегі әсері
|
|
|
|
ІІІ. Зерттеу (күйге тән сипаттарды жинақтау)
- Күй өнері туралы
Қай халықтың болсын ұлттық ерекшеліктерін айқындайтын өзіне тән белгі - бедерлері бар. Соның ішінде «құлақтан кіріп бойды алған», көңілді билеп ойды алған сұлу саз өнерінің төресі - күйдің құндылығы бір бөлек. Күй қай заманда болсын ұлттық рухымыздың күре тамырына айналды. Сонау көне дәуірде тілмен жеткізе алмағанды күймен жеткізген талай саңлақ күйшілер болған. Ол туралы аңыздарда жеткілікті.
- Молықбай қобызшы. Ол өмірде болған адам ба?
Жетісудың жорғасы, заманының өнерпазы, бармағынан бал тамған қобызшы, күйші, ақын, өлеңші, бақсы - балгер, құмалақшы, сал - сері Молықбай Байсақұлы 1857 жылы туған. 1927 жылы Ілияс Жансүгіров пен Мұхтар Әуезов қобызшы Молықбайды арнайы іздеп келіп, Амантекше жайлауында кезігіп, тартқан күйлерін тыңдайды. Сол сапардан Ілияс Жансүгіров «Күй» поэмасын жазып, «Жаңа мәдениет» журналына 1929 жылы бастырып шығарады., Молықбай іш ауруынан 1930 жылы көкек айының 30 - ында 73 мүшел жасында қайтыс болып кетеді. Құлагер ақын Ілияс Жансүгірұлының құлағына азан шақырып, «Қызырілияс» деп есімін қойып, кіндік әкесі саналатын қобызшы Байсақұлы Молықбай
ІҮ.Салыстыр( С.Сейфуллиннің “Ақсақ киік” өлеңі мен І.Жансүгіровтің “Күй” поэмасын салыстыру, ортақ қасиетін табу)
С.Сейфуллиннің “Ақсақ киік” өлеңі
|
Ортақ қасиеті
|
І.Жансүгіровтің “Күй” поэмасы
|
1. Бетпақ дала көрінісі, киіктің сұлулығын,мерген қолынан жаралануы сипатталады.
2.Жазықсыз киіктің мұңы.
3.Өлең
|
Екі ақын да жануарлар басындағы зар мен мұңды шебер, көркем бейнелейді.
Сыршыл ақындар.
|
1.Қобызшы Молықбай шалдың ерекше орындайтын күй, Бозінген зары, күй құдіреті сипатталады.
2.Ұры қолына түскен інген зары.
3.Поэма
|
Қорытынды:
І. Пирамида
ІІ. “ Сенквейн ”
ІІІ. “ Балық ” кестесі
ІҮ. “ Инсёрт ”
«Күй» шығармасында көтерілген өзекті мәселені анықтап, «Балық сүйегі» сызбасында көрсет.
«Басына»-шығармада көтерілген өзекті мәселелер жазылады.
«Төменгі сүйектерге»-өзекті мәселелердің туындауы жазылады.
«Жоғарғы сүйектерге»-себептер жазылады.
“ Сенквейн ”
Күй
Зарлы , көңілді
Ойнайды,асқақтайды,тыңдайды
Құрманғазы-қазақ белгілі күйшісі
әуен
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Үй жұмысы
|
«Кубизм» стратегиясы
|
Қорытынды
|
Жалпы ұпай саны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Үй жұмысы
|
«Кубизм» стратегиясы
|
Қорытынды
|
Жалпы ұпай саны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Үй жұмысы
|
«Кубизм» стратегиясы
|
Қорытынды
|
Жалпы ұпай саны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Үй жұмысы
|
«Кубизм» стратегиясы
|
Қорытынды
|
Жалпы ұпай саны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |