Сабақтың тақырыбы: Иран. Ауғанстан. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Сабақтың мақсаты



Дата09.08.2017
өлшемі103,39 Kb.
#23055
түріСабақ

Шайкиева Гульнара Елтаевна

Тарих және география пәні мұғалімі

«Қ. Рысқұлбеков атындағы № 33 ЖОББМ» КММ


Пән:  Дүниежүзі тарихы
Сынып:  9 сынып. 
Сабақтың тақырыбы:  Иран. Ауғанстан.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: 
Сабақтың мақсаты:

Сабақта оқу материалын 63% оқушылардың нормативтік талаптарды меңгеруі.


Білімділік: Оқушылар Иран, Ауғанстанның ХХғ. І ж. саяси- экономикалық тарихымен танысып, тарихи оқиғалар, жеке тұлғалар туралы білімдерді игереді. 
Дамытушылық: Жылдамдық, логикалық және сыни ойлауды, сөздік қор, ақпараттық құзырлықты дамыту. Табысты адам критерийі ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылықты ояту және ынталандыру. 
Тәрбиелік: Оқушылар Ирандағы, Ауғанстандағы ұлт-азаттық күресі арқылы тәуелсіздік құндылығын түсінеді. 
Үстеме міндет: Технологиялық картаның тәртібін сақтау. 
Әдіс-тәсілдер: Карта және тірек сөздермен жұмыс, мәтінді оқу, қарама-қарсы сұрақ қою, сыни тұрғыдағы сұрақтар, тақырыптық сөздік қор жазу. 
Сабақ түрі: Жаңа материалды меңгеру және алғашқы бекіту сабағы.

1 тип. Технологиялық карта: «Ауызша сабақ –1» картасы.

Сергіту сәті>оқушылардың субъективті белсенділігін өзектендіру>қабылдауды ұйымдастыру>ұғынуды ұйымдастыру>алғашқы түсінікті бекіту>алғашқы бекітуді ұйымдастыру>талдау>рефлексия. 
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Интерактивті тақта, ООМ (отырғызу орындарының матрицасы), тірек сөздер
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті.

Сынып белсенділігін арттыру мақсатында сөз сынып көшбасшысына беріледі.



ІІ. Оқушылардың субъективті белсенділігін өзектендіру. Өткен екі тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар. Материалды меңгеру орынға отырғызу матрицасы бойынша тексеріледі. Бірінші белгі. Оқушыларға нәтижелерге қарай плюс не минус қойылады.

Қарама – қарсы сұрақтар. (ООМ бойынша сұрау)

  1. ІДЖС Кытай қай блокты жақтады? Антанта

  2. Қытай Версаль бітіміне қол қоюдан бас тарты

  3. Пекин университетінің студенттерінің ереулдерінен басталған «4 мамыр» антиимпериалистік қозғалыс қайжылы болды 1919

  4. Ең ірі марксшіл үйірмені ұйымдастырған профессор Ли Дачжао

  5. 1921 ж ҚКП І сьезі өткен қала Шанхай

  6. Қытай Республикасының 1921-25ж президенті Сунь Ятсен

  7. Қытайда ұлттық революция өткен жылдар 1925-27

  8. Қытайда азаматтық соғыс өткен жылдар 1927-37

  9. Қытайда азаматтық соғысындағы қарсыластар Гоминьдан мен ҚКП

  10. Гоминданды 1925 ж басқарған кім Чан Кайши

  11. 1931 ж Орталық жұмысшы-шаруа үкіметінің төрағасы болып сайланды Мао Цзэдун

  12. Қытайда біртұтас ұлттық майдан қашан құрылды 1937

  13. ҚКП мен Гоминьданың біртұтас майдан құруға не себеп болды 1937 Жапония агрессиясы

  14. Қытайға каржылай, әскери техникамен көмек көрсеткен мемлекет КСРО

  15. Моңголиядағы басты дін ламаизм

  16. Моңғол Халық партиясын кім ұйымдастырды ?Сухэ-Батор

  17. Моңғол Халық партиясы қашан құрылды 1921

  18. 1921 ж. Ресейдің тікелей қатысуымен өткен төңкерісті қалай атады ? Халық революциясы

  19. 1921-24жж аралығында Моңғолиядағы басқару формасы шектеулі монархия

  20. Моңғол Халық Республикасы құрылды 1924

  21. 1924ж Моңғолияда билік басына кім келді? Чойбалсан

ІІІ. Қабылдауды ұйымдастыру. Кіріспе сөз. Тақта- слайд. 7 кілт сөз

  1. 1917 басында

  2. Көшек хан

  3. 1920 5 маусым

  4. Реза Пехлеви

  5. Шахривар

  6. 1919ж. 21 ақпан

  7. Нәдір хан

Екінші белгі. Есте сақтау нормативі. 7 сөзге – 30 секунд.

ІV. Ұғынуды ұйымдастыру. Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды. 1-бетке 3 минут уақыт беріледі. 10 мин

V. Алғашқы түсінікті ұйымдастыру. Қарама-қарсы сұрақтар. Оқушылар ООМ бойынша, ретсіз, сабақ материалы негізінде және тірек сөздерді кіріктіре отыра сұралады. Үшінші белгі. Оқушыларға нәтижелерге қарай плюс не минус қойылады.

Қарама – қарсы сұрақтар .



  1. 1914ж Түрік әскерлері басып кірген жерлер Иран ,Әзербайжан

  2. 1915 жғ түріктерді Әзербайжаннан кім қуып шықты? Орыс әскері

  3. 1917ж. Иранды басып алған елдер Англия. Германия, Ресей

  4. Солтүстік Ирандағы азаттық қозғалысты кім басқарды? Көшек хан

  5. Көшек ханның партизан жасақтарын қалай атады? Жыңғылдықтар

  6. 1919 ж келісімшарт бойынша Иранды «қамқорлығына» алған мемлекет Англия

  7. Әділетсіз шартқа қарсы халықтын азаттық ошақтары пайда болды Гилян, Хорасанда

  8. Көшек ханға көмек көрсетуге келскен ел Кеңестік Ресей

  9. Гилян республикасы жарияланды 1920 5 маусымда

  10. Иран жерінде жасанды Кеңес үкіметін құру әрекеті- іске аспай қалды

  11. Каджар әулеті биліктен қашан тайды ? 1925

  12. Билікке келген жаңа шах әулеті Пехлеви

  13. Реза шах сыртқы саясатында қай мемлекетпен жақындасуды жөн көрдГермания

  14. 1941ж 25 тамызда Иранға басып кірген елдер? КСРО мен Англия

  15. Бұл оқиға Иран тарихында қандай атпен қалды? шахривар

  16. 1943ж. 9 қыркүйекте иран кімге соғыс жариялады Германияға

  17. Ауғанстан тіуелсіздігін қашан жариялады 21 ақпан 1919ж.

  18. Ауғанстан үкімет басына кім келді? Аманулла хан

  19. Ауғанстанда 1921ж қабылданған заң құлдықты жою

  20. Ауғанстаннын жаңа Конституциясы қабылданды 1923

  21. 1929-1233жж. Ауғанстанды билеген патша –Нәдір хан

  22. Ауғанстан Ұлттар Лигасына қабылданған жыл 1934

VІ. Алғашқы бекітуді ұйымдастыру. Сыни тұрғыдағы сұрақтар. Оқушылар ООМ бойынша, ретсіз, сабақ материалы негізінде және тірек сөздерді кіріктіре отыра сұралады. Төртінші белгі. Оқушыларға нәтижелерге қарай плюс не минус қойылады.

  1. Иран жеріне Германия мен Түркия таласты Ресей мен Англия

  2. 1917ж. басында Иран аумағын үш елдің басқыншылары бөлісті, оңтүстігінде – ағылшындар, батысында – француздар, солтүстікте – орыс әскерлері (немістер)

  3. Солтүстік Ирандағы азаттық қозғалысты Аманулла басқарды. Көшек

  4. 1919 ж келісімшарты Иран КСРО мен бекітті . Англиямен

  5. Көшек ханға Германия көмек беруге келісті Ресей

  6. 1920ж 5 маусымда Гилян Республикасы жарияланып, оның төрағасы етіп Аманулла ханды шақырды Көшекті

  7. 1925 ж. Сефевид шах әулеті биліктен кетті Каджар

  8. Реза хан Пехлеви билікке 1922 ж келді 1925

  9. Реза хан Пехлевиді шаруалар мен жұмысшылар қолдап, саяси билікті алып берді. Помещиктер мен буржуазия

  10. Реза шах үкіметі ел ішіндегі тәртіпті қатайтып, сыртқы саясатында КСРОмен жақындасуды жөн көрді Германиямен

  11. Шахривар оқиғасы 1943 ж 25 тамызда болды 1941

  12. Кеңес әскері Иранның оңтүстіктегі, ағылшындар солтүстік аудандарға басып кірді.

  13. Реза хан қарсылық көрсетіп қарулы күрес бастады тақтан бас тартты

  14. 1921ж. 4 тамызда құрылған Гилян Кеңес республикасын Парсы Қызыл Армиясы қорғап қалды қорғай алмады

  15. 1919 ж. 21 ақпанда Ауғанстан үкімет басына «Жас османдықтар» ұйымының өкілі Аманулла хан келді «Жас ауғандықтар»

  16. Ауғанстаннын тәуелсіздігің ең алғашқы болып Англия мойындады КСРО

  17. 1921ж Ауғанстанның Жаңа Конституция қабылданды 1923

  18. Заңға сәйкес жерге жекеменшіктік құқық жойылды жарияланды

  19. 1929-1933ж Ауғанстанды Мухамед Зәкір шах басқарды Нәдір шах

  20. 1934ж Ауғанстан Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болды Ұлттар лигасына

VІІ. Талдау. 5 минут. Өткен тақырып аясында шағын шығарма негізінде тақырыптық сөздік қор жазылады. Бесінші белгі. Оқушыларға нәтижелерге қарай плюс не минус қойылады. 9 сыныптарда сөздік қордың нормативі 63 сөз.

VІІІ. Рефлексия. 1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады.

2. Сабақтың нәтижесін есепке ала отырып берілген тақырып бойынша жұмысты аяқтау мерзімі болжанады.



ІХ. Бағалау. Келесі норматив бойынша журналға баға қойылады.

4 – 5 белгі – «5»

3 белгі – «4»

2 белгі – «3»

1 белгі – «2»

Сапа нормативі: Оқушылардың 63% 4- 5 ұпай алуға міндетті.



Х. Үйге тапсырма. 4 белгіден төмен ұпай жинаған барлық оқушыларға үй жұмысы беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет