Оқушыларды топқа бөлу. Түстерді таңдау арқылы бөлу. Қызыл түс- желтоқсан тобы.
Сары түс-қаңтар тобы. Жасыл түс- ақпан тобы.
І топ:/ желтоқсан/
ІІ топ: /қаңтар/
ІІІ топ:/ақпан/
Топ ережесі:
Бірін-бірі мұқият тыңдау
Ойланып,тиянақты жауап беру
Топта ұйымшыл болу
Тапсырманы тиянақты орындау
Өз ойын ашық айту.
Бірін-бірі әділ бағалау.
Критерийлер
Ұпайы
А
Оқушы ойын толық тұжырымдай алады
2
В
Оқушы ойын анықтап, тұжырымдап шынайы өмірмен байланыстыра алады
2
С
Оқушы теориялық білімін практикада қолданып,сыни сұрақтарға жауап бере алады
3
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ
Критерий
Жетістік
деңгейі
Дескрипторлар
А
0
Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.
1
Қыс мезгіліндегі қиындықты біледі
1
Өз ойын толық тұжырымдай алды
В
2
Эпизодты еске түсіре отырып, шығарма мазмұынының идеясын ашады;ойын тұжырымдап шынайы өмірмен байланыстыра
алды
С
3
Бүгінгі алған білімін практикада қолданып,сыни сұрақтарға жауап берді
ҰПАЙЛАРДЫ МЕКТЕП БАҒАСЫНА АУЫСТЫРУ:
Жинаған ұпайлар саны
Баға
7
«5»
5-6
«4»
3-4
«3»
0-2
«2»
Оқушының өзін – өзі бағалау парағы
Оқушының аты-жөні:
А
В
С
Жалпы
ұпайы
Бағасы
Жұмыс істеуге дайындалады,топ ішінде өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнығады.
Топ ережесін құрады
Топ басшысы сайданады
(парта астына стикер кімде жапсырулы сол оқушы топ басшы болады)
Тұсаукесер
8мин
-Балалар, топтарыңның атына қарап не айтуға болады? Бұл сөздер нені білдіреді?
Қыс айлары.
Ендеше қыс мезгілі туралы не білетінімізді айтып шығайық.
Ой шақыру
Жылы киім Жаңа жыл Боран
Аққала мейрам аяз суық
Оқушылар өз ойларын айтады.
ІІ. Мағынаны тану
Жұмбақ шешу
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады. (Қар)
2. Қайқы тұмсық, қос табан, Қос таяқпен ұштаған (Шаңғы) 3. Отқа жанбас, суға батпас.(Мұз).
4.Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қомпайып.(Аяз)
«Қапшықтағы фасоль»әдісі
- Табиғатта неше жыл мезгілі бар және қандай? - Қыс, көктем, жаз, күз. - Қазір бізде қай жыл мезгілі? - Қыс мезгілі. - Қыс айларын кім атап береді? - Қыс мезгілінің алғашқы айы? - Желтоқсан айы.
- Биыл 2016 қазақша қандай жыл?
Оқушылар жұмбақ
шешеді
Сұрақтарға жауап береді.
Негізгі бөлім
29мин
Жаңа сабақты топтық жұмыс арқылы ұйымдастырамын. Біз көктем туады, жаз шығады, ал қыс келеді дейміз. Не себепті қыс келеді дейміз?
- Өйткені тіршілік иелері қыс келеді деп оған дайындалады. Азық жинайды, отын - шөп дайындайды, құстар да дайындалады. Қыс келеді
дегенде адамда қорқыныш сезімі пайда болады. Себебі қыс өзінің қатал мінезімен келеді. Ал бір жағынан қуаныш сезімі пайда болады. Балалар асыр салып ойнайды.
Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қыс» екен. Ақын Міржақып Дулатовтікі.
«Портретті жандандыр»әдісі
Автор туралы не білеміз?
Ақын туралы мәлімет. Міржақып Дулатұлы (1885 — 1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Өмірбаяны Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған.Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897 - 1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі.
Мәтінмен жұмыс.
«Джигсо» әдісі
Үш топ абзац арқылы мәтінді тұтас оқып, талдау жасайды. Әр топтан бір оқушы шығып мазмұндайды.
Мәтінге жоспар құру:
Әр топ өзі оқыған бөлігіне ат қояды.
Жоспар:
І топ: Қысқы табиғат өзгерістері
ІІ топ: Үй жануарлары мен адамның қорғануы
ІІІ топ: Жылқышының еңбегі.
Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмыс Бек қиын – өте қиын Шилі бет – бетін үсік шалған
Сергіту сәті Өзіндік жұмыс
Тірек сөздермен жұмыс. Тақтаға жазу. Қыс, қар, аяз,үскірік боран, суық, күн қысқарды, түн ұзарды, мұз қатты, құстар, жануарлар.