Сабақтың тақырыбы: Қыс. Сөйлем. Сөз. Дыбыс
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға сауат ашу кезеңінде өтілген сөйлем, сөз, дыбыс, әріп туралы ұғымды қайталату, қыс мезгілі туалы түсінік беру, Абайдың “Қыс” тақырыбындағы өлеңін таныстыру.
2. Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорларын, мәнерлі оқу дағдыларын, сауаттылықтарын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, бірлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе қағаз т.б
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, есептер шығару
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушылардың көңіл – күйін байқау.
б) Оқушылардың көзқарасын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын бекітіп, тексеру.
Ш.Смаханұлы “Анамның тілі – аяулы үні”
1.Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Өлеңді музыкасымен хормен айту.
3. Сөйлеу не үшін қажет?
3. Өзің айтқың келген пікіріңді, тілегіңді өзгелерге қалай білдіресің?
Жаңа сабақ
Сөйлем, сөз, дыбыс, әріп туралы ұғымды еске түсіріп, қайталау.
1.Сөйлем неден құралады?
2. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
3. Дыбыспен әріптің айырмашылығы неде?
Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақтың жауабын дұрыс табу.
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады
2. Есіктен кіреді еңкейіп
Төрге шығады қампиып
3. Отқа жанбас, суға батпас
Қ
А
Р
А
Ұ
Я
З
З
М
“Қыс” тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрау.
Құрастырған бір сөйлемді талдату. Мысалы,“Қар қалың жауды.”
Сөйлемде не туралы айтылған?
2. Сөйлем неше сөзден құралған?
3. Сөйлемдегі сөздерді ата.
4. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
5. Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
6. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылған?
Оқулықпен жұмыс:
1 – жаттығуды ауызша орындату.
Сұрақ – жауап арқылы мәтінмен жұмыс жүргізу.
Дәптермен жұмыс.
2 – жаттығу ізденушілік деңгейге арналған.
Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып, соңына нүкте қойып көшіру.
Сергіту минуты:
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Топтастыру (сұрақ – жауап)
мұз қар
Қыс
аяз боран
Абай “Қыс”
1.Ақын туралы түсінік беру.
2. Өлеңді оқып, мағынасын түсіндіру.
3. “Қыс” мезгілін адам кейпінде суреттеу.
4. Оқулықпен жұмыс.
Шығармашылық жұмыс
“Бес жолды өлең”
Не? ... (Қыс)
Қандай? ... (суық)
Не істейді? ... (борады)
Сезіміңді білдір ... (Қарласып ойнаймыз)
Мезгіл аттары ... (желтоқсан, қаңтар, ақпан)
Білімді бекіту:
1. Өлеңде жылдың қай мезгілі айтылған?
2. Ақын қысты кімге теңейді?
3. Өлеңді кім жазған?
Жаңа сабақты қорытындылау.
Оқушы білімдерін мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |