Сабақтың тақырыбы
|
Иса Байзақов «Құралай сұлу» поэмасы
|
Сабақтың мақсаты
|
Поэма тақырыбына байланысты проблемалық жағдайлар туғыза отырып, оқушылардың тақырыпты өзі ашатындай бағыт беру. Оқушылардың ойлау, тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. Бұрыннан бар ұғымдарын топтастырып, кеңейту, нақтылау, тереңдете түсу. Ой қорытындысын жасай білуге жаттықтыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
1. Поэманың мазмұнын меңгереді.
2 .Кейіпкерлеріне мінездеме береді. 3.Композициялық жоспар жасайды. 4.Поэманың тақырыбы, идеясы, тілі туралы өзіндік пікір қалыптастырады. 5.Шығарманы бағалай алады.
|
Түйінді идея
|
Сұрақтарды дұрыс құрастыра білу–оқушыларды терең ойлауға жетелейді.
|
Сілтеме
|
Презентация .Электронды оқулық. Бағалау парағы. Оқулық.
|
Жүріс жоспары:
|
Блум таксономиясы алты кезеңнен тұрады.
1. Білім 2. Түсіну 3. Қолдану 4. Талдау 5. Жинақтау (синтез) 6. Бағалау.
1.Білу. Жазушы және оның шығармашылығы туралы
2.Түсіну. Шығарма құрылысына қарай мазмұндау
3.Қолдану. Жазушының тілдік шебері
4.Талдау. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру
5.Топтау. Проблемалық сұрақ
6.Бағалау. Тақырып беріп,ойтолғау жаздырту
|
|
Мұғалімнің
іс-әрекеттері
|
Оқушыныңіс-әрекеттері
|
Уақыт
|
Сергіту
сәті
|
Жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында жаттығу жасату.
|
Қозғалыс
|
|
Топқа бөлу
|
|
Топ болып отырады
|
|
Үй жұмысын тексеру
|
Зымыран сұрақтарға жауап
|
|
|
І. Білу.
Жазушы және оның шығармашылығы туралы
|
«Әдебиетшілер» тобы
І топ: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ой қозғайды, постер жасап , қорғайды.
|
І топ: Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ой қозғайды, постер жасап , қорғайды.
Иса Байзақов 1900 жылы 3- қазанда Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген. Исаның әкесі Байзақ та, анасы Ғазиза да әнші, сауықшыл, өнерге жақын адамдар болған...
|
|
|
«Тарихшылар» тобы
ІІ топ: Қалмақтар туралы ой қозғайды, постер жасап , қорғайды.
|
Қалмақтар (өд. атауы – хальмг) – Ресей Федерациясы құрамындағы Қалмақ Республикасының (Хальмг Тангч) жергілікті халқы. ТМД елдерінде 190 мыңдай, өз республикасында 170 мыңдай (2002), Қазақстанда 72,7 мың адам (2004). Моңғол-тунгус тілінде сөйлейді. Будда дінін ұст...
|
|
2.Түсіну. Шығарма құрылысына қарай мазмұндау
|
Шығарма мазмұнын меңгеріп, негізгі идеясын ашу.
Сұрақтар салынған конверттер
|
Оқушыларға «Конверт-сұрақ» беремін.
1-топ Тақырып дегеніміз не? Идея дегеніміз не?
2-топ Сюжет дегеніміз не? Композиция дегеніміз не?
|
5 минут
|
3.Қолдану. Жазушының тілдік шебері
|
|
Басқа туындыларына шашырамай-ақ, тек осы «Құралай сұлу» поэмасын сүзіп шыққанның өзінде-ақ өлі сөзге жан бітіре сөйлету мен тілдің өзін тірі тіршілікпен астастыра, ұластыра жырлаудың асқан үлгілерін көреміз.
Ел жайлап отырған Шу өзенінің екі жақ алабы мен көл маңының көркін айна-қатесіз көз алдыңызға келтіріп, сөзбен сурет салады.
Өзеннің екі жағы қамысты көл, Жайылып екі тарап болады сел. Шаңқанда шағалалы құстар ұшып, Шуылдап сұқсыр қонған суға түсіп.
Қызғыш-қызық, шәуілдек жағын безеп, Аққу, қаз сұңқылдайды үнін қосып.
Ғажап емес пе, тіпті ешқандай талдама, түсініктемесіз-ақ әрі қарай оқи бергің келеді.
|
|
4.Талдау. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру
|
|
Негізгі кейіпкерлері: Монтай би Келден бай. Құралай сұлу. Құралай сұлудың анасы. Қалмақтардың ханы Сейқын. Сейқынның үлкен ұлы Дауыл батыр.
И.Байзақов портрет жасауда да қазақ сөзінің қаймағын тергіштеп қана қоймай, оны әсемдік пен әдемілік әлемінің жиһаздарындай етіп құлпыртып, құбылтып жібереді. Құралайдың сұлулығын «Жерде туып, көкте күнге нұрын қосқан» ғажайып құбылыс іспетті толғайды.
Екі бет уылжып тұр қаны тамып, Ақ жүзінде өмірдің шамы жанып, Жас баланың аузындай кішкене аузын, Қызыл ерні сүйіп тұр құмарланып.
Жұп-жұмыр үлбіреген алма мойын, Ақылдан орнатқандай өлшеу алып. Білегі аппақ арай, ақ жамбыдай, Сұлулық есі кетіп тұр, таң қалып.
|
|
|
Кестелер «Ішіне сыртына» әдісі бойынша шығармадағы ұнамды кейіпкерлерді ішіне, ұнамсыз кейіпкерлерді сыртына жазамыз.
|
Берілген кестені жұптасып отырып толтырады. Жұмысты аяқтаған соң қорғайды.
|
8 мин
|
|
1-2- топ «Сэнквейн» әдісі бойынша жұмыс жасайды
|
1-топ «Ана» сөзі
2- топ «Батыр» сөзі
|
|
|
|
І топ Ғ. Мүсіреповтің “ Ананың анасы” әңгімесі бойынша:
Жанр түрі
Ана
Батыр
Тақырып
Идеясы
ІІ топ. И. Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы бойынша:
1.Жанр түрі
2. Ана
3.Батыр
4.Тақырып
5.Идеясы
|
|
5.Топтау. Проблемалық сұрақ
|
Сыни ойлау сұрақтары
|
«Егер мен автор болсам…». Егер Келден батыр қалмақтардың алдында тізе бүккенде не болар еді деп ойлайсың? Өз пікірлерін айтады.
Оқушы пікірі
|
8 мин
|
6.Бағалау. Тақырып беріп,ойтолғау жаздырту
|
|
|
|
Рефлексия
|
«Ойлар себеті»
|
«Нені үйрендің?», «Сабақ жайлы пікірің» сұрақтарына жауап ретінде.
|
|
Кері байланыс
|
плакатта Бүгінгі күннен алған әсерлерін, тілек лебіздерін жапырақшаларға жазып, «Жеміс ағашына» жапсырады.
|
|
3 мин
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІҮ. Салыстыру
- Біз алдыңғы сабақта Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесін өткенбіз, осы екі шығарманы салыстырып ұқсастық пен айырмашылықтарына талдау жасайық
І топ орындайды
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»
Кейіпкерлері:
Ана- 15 жасында күңдікке сатылған ана. Әке - шешесінен айрылған қайратты, сөзге шешен, ақылды. Өзінің ақылымен, өжеттілігімен қырық батырға төтеп беріп, қызын аман алып қалған.
Батыр-Жалпақ батыр. Батыр, ер жүрек, ақылды, мейрімді, қара күш иесі, тәуелді. Ананың айтқан сөзін тыңдап ақылмен шеше білген.
Жанр түрі: Әңгіме
Әйтілес қарттың ескі күндердің әңгімесін шертіп, аңызға айналған адамдардың басынан өткен оқиғаны әңгімелеуі.
Идеясы: Жеке тұлғаның бас бостандығы толық қорғалмаған. Халықты байлар басқарған, шешімді билер беріп сөзге тоқтам салған. Және ананың балаға деген махаббат айқын көрініс тапқан.
ІІ топ орындайды
И. Байзақов «Құралай сұлу»
Кейіпкерлері
Ана - Құралайдың анасы 15 жасында Қалмақ ханы Сейқынға әйел болған. Қалмақтар қазақ еліне шабуыл жасап сұлу әрі көрікті қазақ қызын алып қашып, хандарына тарту еткен.
Батыр - Келден батыр. Батыр, ақылды, қара күш иесі, қайсар, өжет, айтқанынан қайтпайды. Артынан қуып келген жүз шақты қалмаққа бір өзі тойтарыс берген.
Жанр түрі: Поэма
Қазақ пен қалмақ елі арасындағы тартысты күндерді Келден батыр еске алып өзін тұтқындықтан босатып аман алып қалған ғашығы Құралай сұлу туралы жырлайды.
Идеясы: «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттелген, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтерілген. Ананың балаға деген махаббаты және екі жас арасындағы сүйіспеншілік сезім жырланады.
Y.Сабақты қорытындылау:
Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбына жазылған әңгімелері қазақ әдебиетінің төрінен ойып тұрып орын алды.Оның Аналары қайсар,төзімді,қажыр-қайратымен оқырман қауымды баурап алады.
Иә,Ана деген құдіретті ұғым,құдіретті күші бар сөз,ғасырдан- ғасырға жалғаса беретін сарқылмайтын бұлақ.Сиқырлы да сырлы махаббаттың иесі де,сұлулық атаулының киелісі де –Ана.
Мұхаммед пайғамбарымыздың с.ғ.с хадистерінде ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады.«Кімде-кім ата- анасының ризалығын алған болса, Алла соның өмірін ұзартады» деген сөз де бар.
Ана – жұмысшы, ана-ақын, ана-жазушы, ана – батыр, ана – әнші, ана – дәрігер, ана-депутат, ана – мұғалім, ғалым, ел басқарушы.
Жүректен – жүрекке. Анаға арналған тілектерін жазу.
Осы орайда менің ойыма Т.Айбергеновтың «Ана»өлеңі есіме түсіп тұр.
Арманыңды ақтармынба жүрегімді тербесең,
Айға сіңлі,қарындассың қасиетті жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем
Сендік қуат мың есе артық жердің тарту күшінен-деп басталатын өлеңі есімде.Шіркін анаға жетер жан жоқ шығар сірә.
Достарыңызбен бөлісу: |