Сабақтың тақырыбы: Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі



бет1/7
Дата25.08.2017
өлшемі0,89 Mb.
#27055
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7




Сабақ: 37

Пәні: физика

Cыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күштің әрекет тіреу ауданына тәуелді болатыны, қысым, қысымның бірліктері туралы түсінік беру;

Сабақтың міндеттері:

1. Қысым, қысымның қатты денелер, сұйықтар, газдар арқылы берілуі Паскаль заңы туралы толық мағлұмат беру.

2. Ойын технологиясы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, есептер шығарту арқылы ойлау қабілетін дамыту.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түріі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, демонстрациялық

Сабақтың технологиясы: ойын технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, жетондар, слайд.

Құрал жабдықтар: проектор, динамометр, ағаш білеуше, Паскаль шары, құмы бар ыдыс, жіңішке төрт аяғы бар үстелше.

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Жаңа сабақтың мағынасын ашатын жетекші сұрақтар.

  4. Жаңа сабақты түсіндіру.

  5. Есептер шығару.

  6. Қорытындылау.

  7. Үйге тапсырма.

  8. Бағалаау.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымы мен даярлығын тексеру. Класс оқушыларын үш топқа бөлу.

І топ «Күш»

ІІ топ «Салмақ»

ІІІ топ «Деформация»

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

а)«Кім білімпаз?» ойыны арқылы өткен тарау материалдарын қайталау сұрақтары беріледі. Қай топ оқушылары жылдам, әрі дұрыс жауап берсе, сол топқа 1 жетон беріледі.

1. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?

2. Күш немен сипатталады?

3. Гук заңын айт.

4. «Деформация» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

5. Күштің өлшем бірлігі?

6. Пластикалық деформацияға мысал келтір.

7. Дененің салмағы дегеніміз не?

8. Қандай күшті үйкеліс күші деп айтамыз?

9. Үйкелістің неше түрі бар?



ә) «Сәйкес формуланы табу»

1


Гук заңы







2


Ауырлық күші





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет