Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебі
Пәні: биология
Сыныбы: 7 «А», 7 «Ә»
Пән мұғалімі: Оразова Ботакөз Жолдасқызы
Сабақтың тақырыбы: «Қызықты биология елінде!»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойында қоршаған ортаға, табиғатқа деген құрмет сезімін қалыптастыру. Биология пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, рөлдік ойын.
Дереккөздер: табиғаттың суреттері, конверт,үлестірмелі қағаздар.
"Қызықты биология елінде!" атты тақырыпта сайыс сабақ
-Сәлеметсіздер ме, қадірлі мұғалімдер, құрметті қонақтар, оқушылар. Бүгінбіз «Қызықты биология елінде» атты сайысымызды өткізгелі отырмыз.Сайысқа қатысушылар 7 «А», 7 «Ә» сынып оқушылары.
Ата – бабаларымыз ертеден-ақ ұрпағының бойына қоршаған ортаға, табиғатқа деген құрмет сезімін қалыптастырып келген. Елді, ерді құрметтеу дәстүрі ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұра ретінде жалғасып сабақтасып жатқандығын —
Қылса да дұшпан қастығын,
Жолдасы бол жақсының.
Елді, жерді сақта деп,
Балам саған тапсырдым – деген аталы сөздерінен-ақ аңғаруға болады. Соның ішінде туған жердің табиғатын қорғап, келешек ұрпаққа сол қалпында жеткізу мақсатындағы ойлы да мағыналы өсиеттері әрбір халықтың мақал – мәтелдерінен сезіліп тұрады.
Бағым өссін десең, бақ өсір,
Бағың өссін десең тағы өсір, — немесе
«Аққудың киесі бар, киіктің де иесі бар» — дей отырып, табиғат байлығын сақтауды көздейді.
Құлазыған шөл жетім,
Құс қонбаған көл жетім,
Сортаңға құйған сел жетім. — дей отырып сайысымызды бағалау үшін
әділ – қазылар алқасын сайлап алайық.
Жүрегімде тербеген бір арман бар,
Аман болсын аңдар, құстар, ормандар.
Ақыл – ойды жоюға емес адамдар,
Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар – деп сайысымызды бастайық.
1 – сайыс: Топтардың аты, ұраны, капитаны.
І – топ: ІІ – топ:
«Өсімдіктер» аты «Жануарлар » аты
Өсімдіктер сырына қанық едік, Мектепте боламыз аға класс.
Өсімдіктер әлемін оқып жүрміз. Білімді 7 ә бүгін бізбен сынас.
Сынассақ білімменен сынасайық, Сайысқа шақырамыз сіздерді,
Жеңіліп тіземізді бүкпеп едік. Осы пәнді оқығаның болса рас.
1-топ:ұраны ІІ- топ:ұраны
Өсімдік – азық көзі, 2030-дың барысымыз,
Өсімдік – дәрі-дәрмек қоймасы. Жетістікке бастайды әрісіміз.
Өсімдік – адамға түрлі бұйым, Өркениетті елімді көркейтіп,
Өсімдік – сұлулық, сымбатың. Табиғатты аялау парызымыз.
2 – сайыс: «Гүл» сөзін қосып қыздардың 10 атын айтып шық.
Мысалы: 1-топ Гүл .. 2 – топ… гүл.
Гүлжан, Гүлнар, Гүлназ, Гүлнұр, Айгүл, Жангүл, Ажаргүл
Гүлмайра, Гүлмарал, Гүлсім, Мейрамгүл, Әсемгүл,
Гүлжамиля, Гүлмира, Гүлжазира, Алмагүл, Жанаргүл,
Гүлжайнар, Гүлзада, Гүлбаянт.б. Нұргүл, Көктемгүл,
Тазагүл, Баршагүл т. б.
3 – сайыс: «Ғажайып жануар» әр топтан 1- оқушыдан шығып
Бір мүшеден салып шығу.
1 – топ: 2 – топ:
1) Басы — шошқа қой
2) Құлағы — қоян піл
3) Мойыны — керік бегемот
4) Денесі — бақа маймыл
5) Аяғы — қырықаяқ қолтырауын
6) Құйрығы — жылқы ешкі
4 – сайыс: "КІМ ӨНЕРЛІ"КЕЗЕҢІ
(әр сайыскерге бір-бір конверт,ішінде тапсырма жазылған,соны образға еніп,қимылмен көрсету керек)
1. Гүлдің солуын қимылмен көрсет
2 Судан шығып қалған балық
3. Таңертең ерте тұрған қораз даусын салу
4.Мысықтан қорқып қашқан тышқан
5 Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу
6.Ұзарып, биіктеп өсіп келе жатқан ағашты бейнелеңіз.
7. Жел соққандағы ағашты келтір
8. Бақаның жүрісін сал
5– сайыс:«Ойлан, тап!»
(берілген әріптерден көбірек құс, аң және өсімдік аттарын құрастыр)
К, І, А, Т, И, Ш, Л, Ғ, С, Ә, З, Б, Е, Р, М, П.
(сәбіз, піл, терек, шағала, ит, темекі, шит, кірпі, алма, марал, кит, ешкі, шіл, керік, алша, 15 сөз шығу керек т.б)
6 – сайыс: "КІМ ШАПШАҢ"Сайыскерлеріміз тақтада ілінген әріптерден өсімдік пен жәндіктердің аттарын құрау тиіс
1.ЫҚ Б Т А Қ А Ы Р Қ (қырыққабат)
2. Қ А С М Ы Р С А (сарымсақ)
3. А С Д О Р К И А Н (саркодина)
4. С А Б Ғ Ы Н Ү К (күнбағыс)
5. М А У З Е Д (медуза)
6. А Р Т К О П (картоп)
7. Б І С З Ә (сәбіз)
8.И И Б Л О Г О Я (биология)
9. Д И Г А Р (гидра)
10. І Р Н Ә Ж Д К І (жәндік)
7 – сайыс: «Мақал сөздің мәйегі»
Бұл кезеңде сайыскерлеріміз берілген суреттерге байланысты мақал –мәтел құрастыру керек (Қасқыр,ит,жылқы,түйе,қой,гүл, егін, ағаш т.б аңдар,төрт түлік малдар, өсімдіктер суреттері
Қонақтармен ойын:
1. 9 бас, 22 аяқ. Неше тауық, неше ешкі? (2 ешкі, 7 тауық).
2. 5 адамға 5 алманы бөлу керек: әр адам бір алманы алса, бір алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен алады).
3. Қайыңда 4 бұта бар. Әр бұтада 4 алма өсіп тұр. барлығы қанша алма болды? (қайыңда алма өспейді).
4. Бала - аяғы жоқ 9, басы жоқ 6, ортан белі жоқ 8 балық ұстады. Барлығы неше балық ұстады? (ешқандай балық ұстамады).
8- сайыс: Кім білгір
Жануар тобына:
1.Шұбалшаңның қан айналым жүйесі қандай?
2. Сүлік құрты қандай мақсатта қолданылады?
3. Қосарлы атау тізімін енгізген ғалым?
4. Сиыр цепенінің қанша сорғышы бар?
5. Қосжынысты дегеніміз не?
6. Денесі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан тұратын омыртқасыз жәндіктер?
7. Параподия дегеніміз не?
8. Басаяқты ұлуларға қандай ұлулар жатады?
9. Өте жылдам, реактивті қозғалатын ұлулар?
10. Тағам ретінде қолданылатын ұлулар?
Табиғат тобына:
1.Сүліктен бөлінетін, қанды сұйылтатын зат?
2. Трохофора дегеніміз не?
3. Қарапайымдыларды алғаш көрген кім?
4. Шұбалшаңдардың зәр шығару мүшелері қайда орналасқан?
5. Целом дегеніміз не?
6.Адам мен өсімдікте болатын паразит құрттарды атаңдар?
7. Жасыл эвглена ненің көмегімен қозғалады?
8. Ұлулардың бақалшағы неден құралған?
9. Шұбалшаңның сыртқы қабығының сілемейлі болуы неге көмектеседі?
10. Антони ван Левенгуктің ашқан жаңалығы?
9 – Сайыс: «Егер де мен ...» қысқаша эссе жазып, оқып беру:
а) Орманшы болсам…
ә) Министр болсам…
Сайыстың жеңімпаздарын анықтау үшін сөзді әділ – қазылар алқасына береміз – Марапаттау рәсімі.
Достарыңызбен бөлісу: |